Сайтқа кіру Тіркелу

Ауа райын құстар да болжай алады

Рухани - танымдық сүрлеулер
Ауа райын құстар да болжай алады:
Қызғылт қоқиқаз сирек кездессе де ауа райын алдын ала болжай алатын қабілетке ие. Алдағы бір - екі күнді емес, бүкіл жазды болжай алады. Көктемде қайтып оралған қоқиқаздар өткен жылғы ұяларына орналасады. Бұл кезде олар өздерін әр кезде әрқалай ұстайды. Бірде жұмыртқасын ескі ұяларға салса, бірде ұяларын лаймен өсіре түседі. Себебі, ескі ұяға салған жылы жаз аптапты ыстық болып, жауын - шашынның аз түсетінін алдын ала білгендігі. Ал ұяны лаймен өсірген жылы жауын - шашын көп болып, су көтеріліп кететінін білгендігі. Алдын ала жасаған сақтығының арқасында неғұрлым биікке көтерілген ұялар өлім - жітімсіз ұрпақ өсіріп шығаруларына зор мүмкіндік туғызып келе жатқандығына бақылаушылар да тәнті болыпты.

Қарлығаш адамға жақын. Сол қарлығашқа көңіл аударған болсаң, ашық күндерде тыным таппай ерсілі - қарсылы, бірінен соң бірі, ертеден кешке дейін қуысып ойнағанда самғай ұшып жүреді. Бұл ұшысы күн шапағына қызығу және ашық күндердегі кеңістікте ұшып жүрген шыбын - шіркейді жалықпай ұстап, тамақ ету. Қарлығаштардың бір ерекшелігі – олар жерде жүріп жемін ұстап жей алмайды. Себебі, үстік келген ұзын қанаты мен құйрығы жермен жүруге кесір келтіреді. Қарлығаштарға қарап ауа райын болжауға келер болсақ, олар жоғары биіктей ұшып жүрсе, күн райы жақсарып, ашық болатынын білуге болады. Ал жер бауырлап ұшып жүрсе, күн райы бұзылар жауын - шашынды күте бер. Оның да өз есебі бар. Ашық, ыстық күндері жылы ауа ағымы жерден шыбын - шіркейлерді жоғары кеңістікке көтеріп кететіндіктен, қарлығаштар да өз қамымен олардың соңынан қалмай ұшады. Ал бұлыңғыр күндері ауа дымқылданып, шыбын - шіркей біткеннің қанаттары көпсіп, ісініп кететіндіктен жер бетіне жақын ұшып, қарлығаштар да олардың соңынан төмен ұшады. Бар сыры осы. Олар бірде төмендеп, бірде биіктеп ұшса, дауыл соғарын күтуге болады.

Тырна келсе күннің жылынғаны деп білген дұрыс. Олар тыраулай қиқулап, шапшаңдай, төмендеп ұшса, жауын - шашын бар. Жоғары ұшып, дыбыс шығармаса не билесе, күн жылынар белгісі. Биіктеп ұшып келе жатып төмендесе, күн райы өзгермек. Олар жылы жаққа бет алған соң үш апта өте, түнге қарай аяз ұрады. Қазанның басында тырна көрмесең, қыс бір айға кешігеді.
Көкек таң ата сала ерте көкектеген болса, су бетін тұман жауып, шық мол түседі деп білген. Ал ку - ку - кукулеп ысқырғандай дауысын жиі естісең, алдағы күн ашық боларын біле бер.

Ала қанат сауысқан үй жағалап ұшып, ықтасын жерге немесе шатырға кіріп қонақтаса, боранның боларын білгені.
Кептер гүрілдеп шулап кетсе, күннің жылы боларын сезгені, ал қонақтап отырғанда бір аяғын қанатымен жасырса, күннің салқындарын, пана іздеп, ол жерден шықпаса, күн райының бұзыларын сезгені.

Қаз бен үйрек қалған болса, қыс қолайлы болып, көктем ерте шығарын болжауға болады. Бұлар суға шомылып жатып қиқулап, қанаттарын қомдап мазасызданса, күн райы бұзылар.
Үйрек ұясын жағаға жақын салса, жаз қуаң, судан қашық салса, жауын - шашынды болмақ. Аязды күні қанатын жиі желпісе, аяз сынады.
Қаз бір аяғын көтеріп ұзақ тұрып, қанатын жиі қаққылағанын байқасаң, ол күннің аязды боларының белгісі, ал қыста қаңқылдаса, күн жылынарын білетін бол.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мал момыны – қойдың әрекеттерінен күн райының өзгерістерін болжау

Мал момыны – қойдың әрекеттерінен күн райының өзгерістерін болжау

Жаңа басталған Жаңа жылдың Жаңа күні, бірінші күні – Ұлыс күні қой қораға алшаңдай басып, еркін кірсе, көктем ерте келмек; Таңертең тұрғанда қой...
Аспан әлемінде болып тұратын құбылыстарға қарап, ауада болатын өзгерістерді ...

Аспан әлемінде болып тұратын құбылыстарға қарап, ауада болатын өзгерістерді ...

Аспан – ең құдіретті Жаратушының жаратылысы. Көк тәңірі – көк аспан. Аспан өзінің құдіретті тәуелсіз әрекеттерімен жақсылықты да, жамандықты да көк...
Қазақ халқының ауа райын болжауы

Қазақ халқының ауа райын болжауы

Қазақтардың ауа райын болжаудағы, халық даналығын жадына ұстаған ата - бабаларымыз қалыптастырған, қағидалары һәм тәсілдеріне аз - кем тоқталуды...
Ауа райын болжау хақында

Ауа райын болжау хақында

Әлбетте, халқымыз табиғат тылсымын бағзы заманнан - ақ түсініп, оны өзінің тұрмыс - тіршілігіне арқау етіп қолдана да білген. Солардың бірі халықтың...
Ауа райы

Ауа райы

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Жер байлығы көп екен Меңгеруді қалайды Осының бәрін білдірген...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×