Керосиннің де көмегі бар.
Жасы келген адамдардың қыс ауасында сәл суық өтсе белі сырқырап ауыратыны бар. Бұл дерт, егер қателеспесем, қырықтан асқан әрбір төрт азаматтың үшеуінде кездеседі. Осы жайсыздықтан тез әрі оңай құтылудың жолын айтсам деп едім.
Бел сырқырап, ашып ауырса кәдімгі керосиннің көмегіне жүгіну керек. Ол үшін бір дана кір жуатын сабынның төрттен бір бөлігін үккіштен өткізіп, шұңғылдау ыдысқа саласыз. Оның үстіне 1/4 стакан өсімдік майын қосыңыз. Үстіне 1 ас қасық ас содасын салып, араластыра отырып 50 миллиграмм керосинді асықпай құйыңыз. Бұл қоспаны әбден араластыру керек. Міне, дәрі дайын. Енді ыдыстың бетін жауып, құрғақ бөлмеге үш күнге қойып қойыңыз. Ара - арасында қозғап тұрыңыз. Бел ауырғанда, сыздаса, ашыса, қақсаса осы бөлме температурасындағы қоспаны жағып, уқалаңыз. Оны буын - буынның сырқырауында да пайдалануға болады. Мен бірнеше жылдан бері мазамды алған белдің ауырғанынан осы ем арқылы айықтым. Оның алдында дәрігерлерге көрініп, берген дәрілерін ішкенмін. Ультрадыбыстық зерттеуден де өтіп көрдім. Бірақ емі табылмай, отырсам тұруым қиындап кетті. Қыстыгүні белдің ауырғаны тіпті де жаман екен. Сонда халық емімен айналысатын бір таныс осы әдісті ұсынды. Мен әлі күнге дейін оған алғысымды айтып отырамын. Ал өзім сияқты аурудың азабы өтіп, шипа іздеген жандарға оп - оңай әрі өте пайдалы осы әдісті қолданып көріңіздер демекпін.
Ғалым ҚҰДИЯРБЕКОВ.
Жарма ауданы,
Шығыс Қазақстан облысы.
«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.
Бел ауруын керосинмен емдеу
- ramuk_b
- 6 маусым 2019
- 2396
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бел ауруын керосинмен емдеу, денсаулықты сақтау, керосин
Ұқсас жаңалықтар:
Ас содасының емдік қасиеттері
Күнделікті қолданыстағы ас содасы ауырғанда – дәрі, керек болса косметикалық құрал да бола алады....Теміреткіні қалай тез кетіруге болады?
Мен көп жылдардан бері денсаулыққа қажетті ем - дом түрлерін жинақтаумен айналысамын. Оны кітап жазу немесе адам емдеу үшін емес, өмірде түрлі...Қара қойдың өкпесімен емдеу
Бала кезімде ойнап жүріп ағаштан құлап, шынтағымды шығарып алған болатынмын. Содан бері сол шыққан жер ойнамалы болып қалды....Өттегі тасты қалай түсіруге болады?
Өт қалтасындағы тастардан бір - ақ тәулікте құтылудың мынадай оңай жолдары бар....Бас ауруы, емдеу жолдары
Бас ауырғанда ауырсынуды жоятын дәрілер ішу міндетті емес. Халық емінің бас ауырғанда көмектесетін көптеген әдістері бар, бірақ алдымен дәрігерге...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.