Әулие Мәшһүр Жүсіптің астрологиялық болжамы (20 ғ.)
Жемтік үшін жан қинап, таласпа құр,
Босаға мен төріңді аласта бір;
Адамзатта болмаған алтын заман
Келе жатыр Алладан Алашқа бұл.
Сұм мен қуды -- шулатқан дабырымен,
Сұрайды Алла тұрғызып қабірінен.
Алашты да сынаған қыл көпірде,
Аман шықты одан да ол — Сабырымен.
«Тәңірі» деген ілтифат - базынаңа,
Бұл — Құдайдың жасаған назы ғана;
Жерге сіңген көз жас пен маңдай терің,
Жер астында айналған қазынаға.
Алтын басың сан мәрте дауда қалған,
Дауда қалған,
Сатылған,
Саудаланған!
Нақаһтан бір қан төккен ерің жоқ-ты,
Жерің жоқ-ты біреуден жаулап алған!
Көк Бөрінің сен де көк байрағы едің,
Мен де сенде бұлбұлдай сайрап едім.
Адамзаттың көзіне тік қарайтын,
Бір жұрт болса,
Сол — Сенсің, қайран, елім!
Сен едің ғой Тұранның кемел елі,
Алтын Ордаң о дағы ерен еді.
Адамзатқа құшағын ашқан жұртты,
Алланың бір алқауы керек еді!
Қаншама уақыт көзтүркі, мазақта өстің,
Қаншама уақыт қан кештің, азап кештің;
Үш ғасырдай бодан боп, аман қалған,
Қастық жасай алмайды қазаққа --
Ешкім!
Жыр мен күйің хисса ғой,-- зарың — әрі,
Ананың ақ сүтіндей — арың әлі!
Түбі Әлемді өзіне жалт қаратар,
Түріктердің Сен —
Қара Шаңырағы!
Жемтік үшін жан қинап, таласпа құр;
Босаға мен төріңді аласта бір;
Адамзатта болмаған алтын заман
Келе жатыр Алладан Алашқа бұл.
Мәшһүр бабамыздың тілегіне әумин дейік!
Әулие Мәшһүр Жүсіптің астрологиялық болжамы
- ramuk_b
- 25 наурыз 2019
- 2094
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Әулие Мәшһүр Жүсіптің астрологиялық болжамы
Ұқсас жаңалықтар:

Аруаққа құран бағыштаудың сауабы туралы
Ұлық Алла ешқашан, ештеңеден жаралмаған, әуелден бар зат еді. Әлемнің іші де, тысы да бір өзі. Әлемнен бөлек те емес, бірге де емес құпия қазына...
Мәшһүрдiң өзiн таныстыруы
Тiрлiк пен денсаулықта – баста бағым, Онан соңғы дәулетім – тiл мен жағым. Құдай берген он екi мүшелерім, Өз өнерім өзіме – алтын тағым....
Астана
Елім бар қазақ деген айбыны асқақ, Жерім бар Арқадайын құшақ ашпақ. Арқаның төріндегі Астананың, Мерейі үстем болсын болман мақтап....
Көңілді көндіретін тағдыр
Жас көңілім өз еркінше жүрмек еді, Дүниеде солай өмір сүрмек еді. Бір алладан басқаға бас имеген, Қалпынша қара жерге кірмек еді....
Түркістан
Түркістан — екі дүние есігі ғой, Түркістан — ер түріктің бесігі ғой. Тамаша Түркістандай жерде туған Түріктің Тәңірі берген несібесі ғой....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.