ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ - АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ
Құрметті қазақстандықтар!
Біз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқардық.
Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік.
Сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық, конституциялық және саяси реформалар жүргіздік.
Қазақстанның халықаралық беделінің артуына және оның аймақтағы геосаяси рөлінің күшеюіне қол жеткіздік.
Біз өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу ісіне зор жауапкершілікпен қарайтын жауапты әрі қалаулы халықаралық серіктес ретінде танылдық.
Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдері арасынан «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған бірінші мемлекет болды.
Біз Еуразия өңірінің қаржылық, іскерлік, инновациялық және мәдени орталығы ретінде қалыптасуын қамтамасыз етіп, жаңа елордамыз – Астананы салдық.
Халық саны 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығы 72, 5 жасқа жетті.
Біз берік экономикалық негіз қалыптастырдық.
Соңғы 20 жыл ішінде елімізге 300 миллиард АҚШ доллары көлемінде тікелей шетел инвестициясы тартылды.
Экономиканы өркендетудің негізі саналатын шағын және орта бизнес нығайып келеді.
Дүниежүзілік Банктің бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингінде Қазақстан 190 елдің ішінде 36 - шы орынға көтерілді.
Біз әрдайым сыртқы сын - қатерлерге дер кезінде назар аударып, оларға дайын бола білдік.
Соған байланысты, мен елімізді жаңғырту жөнінде қажетті бағдарламалық бастамалар жасадым.
Олардың жүзеге асырылуы табысты дамуымыздың негізгі факторына айналды.
Біздің стратегиялық мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
2014 жылы еліміздің инфрақұрылымын жаңартатын «Нұрлы жол» кешенді бағдарламасын іске асыруды бастадық.
Үш жыл бұрын «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жарияладық.
Содан кейін еліміздің Үшінші жаңғыруына кірістік.
Оның басты міндеті – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру.
Толық нұсқасын жүктеу
Президенттің Қазақстан халқына жолдауы 2018 (толық нұсқа)
- ramuk_b
- 9 қазан 2018
- 7285
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақстан халқына Жолдауы, Жолдау 2018 жыл 5 қазан толық нұсқа
Ұқсас жаңалықтар:
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ – әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында
Барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі білім мен ғылымның даму қарқынына байланысты екендігі сөзсіз, яғни маңызды дүниелердің бірі – білімнің...Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолд ...
Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері Құрметті қазақстандықтар! Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция...Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы
Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат -...Математика сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту
Қазақстан күн сайын қарқынды дамып келеді және ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға батыл қадам жасап отыр. Елдің білім беру жүйесі терең де...Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
Тәрбие сағатының тақырыбы: "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ"...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.