Сайтқа кіру Тіркелу

Өзіңе деген сенімділік, күш - қуаттың артуы үшін не істеу қажет

Ғалымдардың айтуынша: «Өзіңе деген сенімділік, күш - қуаттың артуы, күйзеліс, бақыт т. б» бұл тек біздің миымызда орын алған химиялық процестер болса керек. Оларға «бақыт гормоны» деп аталатын серотонин жауапты.

Bilimsite. kz серотонин деңгейін көтере отырып, өзіңді бақытты сезіну үшін не істеу қажет екендігін былайша сипаттайды.

1. Күндізгі жарықтан тығылмаңыз
Күндізгі жарық миға серотониннің көптеп келуіне түрткі болады. Сондықтан ғалымдар күн сайын 15 - 20 минуттық серуендеуді әдетке айналдыруға кеңес береді.

2. Қанттан мүлдем бас тартпаңыз
Серотонинді синтездеуге қажетті глюкоза: өз кезегінде серотониннің қалыптасуын жүзеге асыратын инсулин бөлінуін шақырады. Сондықтан тәттіге тәбетіңіздің артуы, ағзаңызда осы гормонның жеткіліксіздігінен хабар береді. Бал, жидек, жеміс - жидектер, орамжапырақ, сәбіз және жарма құрамы глюкозаға бай.

3. В6 және В12 дәрумендерін қабылдаңыз
В6 және В12 дәрумендері серотониннің мөлшеріне әсер етеді. Зерттеулерге сәйкес олар күйзелістен шығуға көмектеседі.

Дәрумендерді бөлек ішу міндетті емес. Олар жұмыртқа, картоп, апельсин, астық, жарма, ет, қышқыл өнімдер мен балықтарда кездеседі. Ересек адамға В6 дәруменінің қалыпты мөлшері тәулігіне – 2 мг болса, В12 – 2, 4 мкг.

4. Белсенді, жарқын болыңыз
Өзіңізді бақыттымын деп сендіру арқылы, сіз шын мәнісінде бақытты бола түсесіз. Ғалымдардың байқауынша ішкі түйсікпен позитивке даярлау серотонин мөлшерінің ұлғаюына әкеледі.

Зерттеулерге сәйкес достарыңмен арласу, тыныштандыратын әуен тыңдау, жағымды ностальгияға берілу, алға ұмтылдыратын кітаптар оқу және ешқандай мәселелер мен оның шешімін ойламау.

5. Ақуыз жөнінде ұмытпаңыз
Ақуыз құрамында – серотонин синтезіне қатысты триптофан амин қышқылы бар. Ақзада триптофанның жеткіліксіздігі серотониннің жинақталуына мүмкіншілік бермейді, ал бізге – өзімізді бақытты сезінуге кедергі келтіреді. Бұдан құтылу үшін ақуыздың күндік нормасына сай: ересек адамдарға 1 кг салмаққа 1, 5 - 2, 5г қолданыңыз. Триптофан жаңғақ, ірімшік, халва, күрке тауық пен тауықта көптеп кездеседі.

6. Массаж жасаңыз
Массаж – серотонин синтезі бұғаттайтын кортизол күйзеліс гормонынының деңгейін төмендетеді. Кортизол қаншалықты төмен болса, серотонин де соншалықты көп болады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей массаж кортизол деңгейін орташа 31%- ға төмендетеді.

7. Спортпен шұғылданыңыз
Зерттеулерге сүйенсек, жаттығу кезінде триптофан түзіледі екен. Оның ағзадағы деңгейі жаттығудан кейін де жоғары күйде қалады. Дәл сондықтан да біздің жаттығудан кейін ұзақ уақытқа көңіл - күйіміз жақсы күйде қалады.

8. Жиі медитациялаңыз (жақсы ойға беріліңіз)
Күйзеліс кезінде ағзаның серотонин бөліп шығаруға мүмкіншілігі жоқ. Зерттеулер айтқандай, біз медитациялағанда босаңсимыз және күйзелістенген ми бөлігін белсендете түсеміз. Медитация – күйзелістен арылудың жақсы жолы, әрі ағзамызға серотонин синтездеуге табиғи түрде көмектеседі.

Дерек көзі: bilim-all.kz
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×