Сайтқа кіру Тіркелу

Кітап қалай пайда болды?

Кітап қалай пайда болды?

Мақсаты:
1. оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру;
2. оқушыларды кітап пен сазды әуен арқылы мейірімділікке, ізгілікке, тәрбиелеу;
3. қоғамымыздың ертеңі болар ұрпақ тәрбиесінде ата – ана мен балалардың сенімді серігі кітап оқуға баулу.
Көрнекілігі:
1) кітап көрмесі «Кітап - өлмейтін дүние», 2) кітап туралы қанатты сөздер, мақал - мәтелдер.
Кітап тарихы
Кітапханашы:
Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі ауызша журналымыз ақыл айтатын адал досымыз кітап туралы болмақ. Сендер бүгінгі кітаптардың түп атасы алғашқы кітаптың қашан, қайда жасалғаның білесіңдер ме?
Алғашқы кітапты осыдан әлденеше мыңдаған жылдар бұрын вавилондықтар, ассириялықтар, тағы басқа көне халықтар жасапты. Біреулер ол кітаптарды өздерінің қолындағы оқулықтар сияқты болар деп ойлап қалуы мүмкін. Ол кезде мұндай кітаптар қайдан бола қойсын, алғашқы кітаптар балшықтан жасалыпты. Онда ойыншық кітап деп ойлар тағы біреулер. Тіпті де олай емес. Оқитын кітап. Ол қалай жасалады дейсің ғой? Жұмсақ балшықтан қыш жасап, бетіне үшкір таяқпен таңбалар түсірген. Қыш кептірілген. Содан соң отқа күйдірілген. Дәл күйген кірпіш сияқты. Сөйтіп, тіпті кітапхана жасақталған.
Ал Қытайда бамбуктан жұқа таяқшалар әзірленіп, соған жазған. Таяқшалар жіпке тізіп қойған. Келе - келе жазуға жібек маталарды пайдаланған.
Біздің заманымыздың II ғасырында қағаз дүниеге келген. Ал Ежелгі Египет кітап сөздерін тасқа қашап жазған. Біздің жартастағы жазуларды өздерің де көзбен немесе суретінен көрген боларсыңдар. Ежелгі ата - бабаларымыз да сөйткен ғой. Одан кейін папирусқа, қамыс тәрізді өсімдіктің жапырағынан нығыздап, бір - біріне желімдеп соған жазған. Ондай кітаптардың ұзындығы ондаған метрге жеткен. Ондай кітаптарды қалай сақтаған? Шиыршықтап орап түтікшеге салып қойған. Грекия, Рим 2 мың жыл бойы осындай кітаптар шығарып келген.
Біздің заманымыздың II ғасырында Пергам патшалығында кітап жазуға арналған тағы бір материал дүниеге келген. Ол пергамент деп аталған. Жануарлардың терісінен әзірленген. Ал пергамент патшалығы б. з. д. 283 - 133 жылдар аралығында Кіші Азияның солтүстік батыс жағында өмір сүрген. Римнің ықпалында болған.
Папирус пен пергамент қымбатқа түскендіктен Грекия мен Рим бетіне балауыз жағылған тақталарға үшкір таяқшамен із қалдырып жазған.
Осылай кітап қазіргі күйіне жету үшін қаншама заманды, қаншама ғасырларды артқа тастаған.

Оқушы:
Кітап – біздің досымыз

Адамның досы – кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.
Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы әліппеден.
Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,
Оқысақ кітап сырын ашып неден.
Түлекті тәрбиелер кітап – мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп.
Кітаптар – бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің.
Оқисың кейде жаттап,
Көтеріп күйін көңілдің.
Елімізде де атақты,
Ғалым ата не тапты?
Бәрін, бірін білесің,
Оқи берсең кітапты.
Кітап баспасы
Кітап – арабтың «жазу» деген сөзі. Кітап – рухани қазына, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу - тәрбие құралы. Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар ғана білген. Сондықтан дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар – еврей еліндегі «Таурат», қытай тіліндегі «Конфуций», парсы тіліндегі «Авеста», грек тіліндегі «Інжу», араб тіліндегі «Құран».
Алғашқы кітап басылымы ағаштан жасалады. Каллиграфия қалыбы ХI ғасырда пайда болды.
Ал 1045 жылы Шың елінің өнерпазы Би Шен құймалы әріптерді жасап шығарды. Еуропада тұңғыш рет ХV ғасырда неміс өнертапқышы И. Гутенберг баспа станогын жасады. Ресейде тұңғыш басылымды 1564 жылы Мәскеуде Иван Федоров пен Петр Мстиславец басып шығарды.
Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Барлық араб тілінде IX ғасырда жазылған «Оғызнама», Махмұт Қашқаридың «Диуани лүғат - ат - түрік» т. б кітаптар болды.
1800 жылы тұңғыш қазақша кітаптар шығарыла бастады. Төңкерістен кейін өзімізде шықты.
КазАССР - і құрылғаннан кейін Орынборда 1920 жылы 3 - қарашада Қазақ мемлекеттік баспасы туралы ереже бекітілген.
Қазақ тілінде кітап басып шығару ісіне Татарстан, Өзбекстанның прогресшіл басшылары едәуір ат – салысқан.

Сұрақтар:
1) Оқу – білімге байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер?
2) «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген сөзді қалай түсінесің?
3) Еліміздегі қандай ірі баспаларды білесіңдер? («Жазушы», «Атамұра», «Рауан», «Жібек жолы», «Білім» және т. б.)
4) Қазіргі кезде оқушылыр арасында кітап оқуға деген қызығушылық төмендеп бара жатыр, оған не себеп деп ойлайсың?
5) Сіз ұялы телефонмен қанша уақытыңызды жұмсайсыз, текке кеткен уақытыңызды оқулық оқуға жұмсар ма едіңіз?
6) Өзіңе ұнаған 1 оқулықты сипаттап бер?

Кітап туралы не білеміз?

Адамзат қауымы өзінің ілгері дамуында бір белеске қол жеткіздім, білімді, мәдениетті болдым, айшылық алыс қиырларға бір сағатта жететін прогресті игердім десе, бәрі де кітап өнерінің дамуымен тікелей байланысты.
«Кітап – білім бұлағы». Кітап – даналардың данасы. Оған жететін бірде – бір құндылық жоқ. Ендеше осы төңіректегі таңғаларлық қызық уақиғаларға құлақ түрелік.
Әлемдегі ең үлкен сөздік қатарына «Неміс сөздігі» жатады. Оны шығаруды ағайынды Якоб пен Вильгельм Гримдер 1854 жылы бастаған. Олардың ісін келесі төрт – бес ұрпақ үзбей жалғастырып, сөздік 1971 жылы ғана тәмамдалды. 33 томнан тұратын бұл сөздікте 34519 бет бар. Жер жүзіндегі ең үлкен энциклопедия - «Суретті еуроамерикандық әмбебап энциклопедия». Басылымы 105 мың беттен тұрады. 1983 жылдың тамызында энциклопедияның 104 - томы жарық көрді.
Әлемде мұндай атышулы басылымдар аз емес. Дамыған мәдениетті елдер келер ұрпаққа қажетті негізгі білім қайнарларын осындай ірі – ірі басылымдарға жинақтап, буып – түйіп, болашақ күндерге аманаттап отыр.
Кітапханашы: Сендер мынадай сөздерді жиі естисіңдер: «Кітапты мұқият оқы, зейін салып оқы, асықпай беттерін қалдырмай оқы». Ал сендер кез - келген беттен бастап оқитын кітаптарды көз алдына елестетіңдерші. Ол қандай кітаптар екен?
- бұл сөздіктер мен энциклопедиялар. Адамның бұрын - соңды болып өткен оқиғалар мен даталарды, цифрларды бәрін бірдей есінде сақтау мүмкін емес. Сондықтан да бір сұраққа жауап алу үшін сөздіктер мен энциклопедиялардың көмегіне сүйенуге тура келеді. Бұл кітаптарды мағлұмат беру жағынан әрі кедей, әрі бай деп айтуға болады, өйткені онда артық ештеңе жоқ, ал қажетті нәрселер көп - ақ. Олардың кейбіреулері өзен мен көл, тау мен теңіз, қала атауларын айтып берсе, енді біреулер өсімдік немесе машина туралы болып келеді.
Сөздік - мағынасын ашыла түсінік берілген, басқа тілге аударылып, әліпбилік ретімен келтірілген сөздер жиынтығы. Сөздер сөздіктерде әліпби тәртібімен, ал энциклопедияларда жекелеген тақырыптап бойынша беріледі.
- Ал сендер қандай сөздіктер білесіздер?
(Слайд) Орфографиялық, орфоэпиялық, түсіндірме, диалектологиялық, антоним, синоним, омоним сөздіктері
- Энциклопедия мен сөздіктер айырмашылығы қандай?
- Сөздіктер сөздің мағынасын ашып берсе, энциклопедия заттарды, құбылыстарды суреттейді. Мысалы, жылқы туралы мәліметті энциклопедиядан аламыз, оның тұқымын, адам калай қолға үйреткенін, адамдарға қандай пайдасын тигізетінін. Бірақ та ат пен жылқының айырмашылығы қандай екенін энциклопедиялардан таба алмаймыз. Бұл жерде бізге сөздіктер көмекке келеді. (слайд)

Қызыл кітап туралы
Қызыл кітап - сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай - күйін көрсететін құжат. Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай - күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген. Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б. ғ. к. Ю. А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды. Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан - жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды. Ғылыми - техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады. Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінше бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы - орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе - теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.

Мақал - мәтел жарысы.

Кітап - алтын қазына.
Кітап алтын сандық:
іші толған қазына, құт,
оқы, оқы, ойыңа тұт.
Кітап - білім бұлағы,
Білім - өнер шырағы.
Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім.
Кітап көзі жұмыққа арзан,
көзі ашыққа маржан.
Кітап - қаймақ, білім - оймақ.
Кітап - оқығандікі, білім тоқығандікі.
Қорытынды
- Бүгін белсене қатысқандарыңызға рахмет айта отырып, әңгімемізді Қымбат Әбілдақызының «Кітап оқы!» атты өлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр.
Кітап оқы!
Көбің, достар, білім емес,
Оқисыңдар баға үшін.
Айтайын бір ақыл - кеңес:
Кітап керек сана үшін.
Кітап, шіркін, бұлақ аққан,
Шөл, мейіріңді қандыратын.
Болашағың – бұла ақ таң,
Жан отыңды жандыратын.
Білім, өнер, өркениет –
Бәрі - бәрі кітапта.
Адамшылық, көркем ниет,
Жазылған тек кітапқа.
Кітапты көп оқыңдар,
Ақыл - ойын халықтың.
Ал баға үшін оқығандар,
Бойға не сый дарыттың?
Жолсыз жерде жол табарсың
Оқығаның түсіп еске.
Кітап оқы таңдап, талғап,
Жаның байып, жол ашылар.
Кітап - өмір бағдаршамы,
Жолың болсын, жолаушылар!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×