Сайтқа кіру Тіркелу

Етістік

Етістік
Қазақ тілі, 6 - сынып
Балалар, төмендегі бос орындарға жауап жазыңдар.
(асты сызылған курсив сөздердің орнына оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)

І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5 - 7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді)

«КӨПІР» тапсырмалары
(оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді)
1. Етістік дегеніміз не?
Ж: Етістік дегеніміз заттың іс - әрекетін білдіреді.
2. Не істеді? Қайтті? Не қылды? сұрақтарына жауап беретін сөз табы?
Ж: Не істеді? Қайтті? Не қылды? сұрақтарына етістік жауап береді.
3. Етістік құрамына қарай қаншаға бөлінеді?
Ж: Етістік құрамына қарай дара, күрделі болып бөлінеді.
4. Етістіктің құрылысына қарай бөлінуі?
Ж: Етістік құрылысына қарай негізгі, туынды болып бөлінеді.

ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

Теориясы:
«БІЛУ»
(Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?) Бос орынға қажетті сөздерді жаз.
1. Іс - әрекеттің жүзеге асу, аспауына байланысты етістің түрлері қалай аталады.
Ж: Іс - әрекеттің жүзеге асу, аспауына байланысты болымды, болымсыз деп аталады.
2. Табыс септігін қажет ететін етістікті сабақты етістік дейді.
3. Етістік жұрнақ арқылы зат есім мен еліктеуіш сөз таптарынан жасалады.
4. Зат есімнен етістік тудыратын сөздер. М: бас + қар, бас + қыз, бас + тыр
5. Етіс мағынасына қарай ырықсыз, өздік, өзгелік, ортақ түрлерге бөлінеді.
6. Іс - әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, өздігінен істелетін етістіктің түрі ырықсыз етіс деп аталады.
7. - ғалы, - гелі, - қалы, - келі тұлғалы көсемше жіктелмейді.
8. Қатаң п, х, қ дыбысына біткен етістіктерге тұйық етістіктің – у жұрнағы түбірдің соңындағы п дыбысы
б – ға, қ, к дыбыстары ғ, г дыбыстарына айналады.
9. Етістіктің сөйлемдегі ең негізгі қызметі баяндауыш.
10. Есімше тұлғаларына емес, жоқ сөздері тіркесіп, болымсыздық мағына беріледі.

Теориясы:
«ТҮСІНУ»
(Неге?
Неліктен? Себебі?
Не үшін?) Себебін анықта:
1. Неліктен етістік сөйлемде баяндауыштың қызметін атқарады?
Ж: Себебі, етістік заттың іс - әрекетін білдіреді.
2. Неліктен - ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнағы арқылы жасалған етістік болымсыз етістік деп аталады?
Ж: Себебі, - ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнағы арқылы жасалған етістік іс - әрекеттің болмайтындығын білдіреді.
М: оқыма, жазба, айтпа.

3. Неліктен өзгелік етіс деп аталады?
Ж: Себебі, іс - әрекеттің сөйлемдегі іс иесі өзі емес, екінші бір басқа орындаушы арқылы істелетінін білдіреді

4. Жуыс, көтеріс, жөндес сөздері неліктен ортақ етіс болады?
Ж: Себебі, ортақ етістің – ыс, - іс, - с жұрнақтары арқылы жасалып тұр.

1. Венн диаграммасы арқылы салыстыр
▪ Болымды етістік - 1. Іс - әрекеттің болатындығын білдіреді.
2. Сұрағы: Қайтеді? Не істейді?
▪ Ұқсастығы - 1. Екеуі де іс әрекетті білдерді.
2. Екеуінің де атқаратын қызметі бірдей.
3. Екеуі де жұрнақ арқылы жасалады.
▪ Болымсыз етістік - 1. Іс - әрекеттің болмайтындығын білдіреді.
2. Болымсыз етістік - ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе
жұрнақтары арқылы жасалады.
3. Болымсыз етістік жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады.
4. Қайтпейді? Не істемейді?

2. Тақырыптың басты идеясы неде?
Болымды етістік пен болымсыз етістіктің ұқсастығы:
1. Екеуі де іс әрекетті білдіреді.
2. Екеуінің де атқаратын қызметі бірдей.
3. Екеуі де жұрнақ арқылы жасалады.
Болымды етістіктің өзіне тән ерекшелігі:
1. Іс - әрекеттің болатындығын білдіреді.
2. Сұрағы қайтеді? Не істейді?
Болымсыз етістіктің өзіне тән ерекшелігі:
1. Іс - әрекеттің болмайтындығын білдіреді.
2. Болымсыз етістік - ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтары арқылы
жасалады.
3. Болымсыз етістік жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады.
4. Қайтпейді?, Не істемейді?

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Ибрагим Бегімхан Керімханұлы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×