Сайтқа кіру Тіркелу

Абайдың он жетінші қара сөзі

Абайдың он жетінші қара сөзі
Қысқа мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті 8 сынып
Сабақтың мақсаты: Абай шығармашылығына қорытынды жасай отырып, тіл байлығын молайтып, адами қасиеттерді оқушылардың бойына сіңіру;
Ұлы Абайдың қара сөздерін оқу арқылы ақынның ғылыми - философиялық ойын ашып түсіндіру, қайратты ақылға, ақылды жүрекке жеңдіруге дағдыландыру
Оқу нәтижесі: Қара сөз мазмұнын, идеясын ашады, ақпараттарды өз сөзімен жеткізе алады, мәтіндегі оқиға арқылы қайрат, ақыл, жүректің шешіміне көздерін жеткізеді.
Ресурстар: ОМЖ, ҚМЖ, оқулық, жұмыс дәптерлері, бағалау парақшасы, қима қағаздар
Оқытудағы әдіс - тәсілдер: Диалогтық оқыту, топпен жұмыс,
Инсерт әдісі, ыстық орындық әдісі
Модульдің кіріктірілуі: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқудағы үшін бағалау, ақпараттық - коммуникативтік технологияларды пайдалану, Дарынды және талантты балаларды оқыту, Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Кіріспе
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Әр оқушы сабаққа есімінің бас әріпінен басталатын тілек айтады, мысалы «Бибігүл – бақыт тілейді»
Сыныпты «Мозайка»әдісі арқылы үш топқа бөлу. І топ.«Жүрек»
ІІ топ.«Қайрат»
ІІІ топ.«Ақыл»
Әр топқа бағалау парағын таратып беру.

Үйге берілген тапсырмалар бойынша ақынның бір өлеңін әр топтан бір оқушы мәнерлеп жатқа айту және топ мүшелері өлеңнің бір шумағын құрылысына қарай талдау тапсырылады
І топ.«Жүрек» Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы
ІІ топ.«Қайрат» Адамның кейбір кездері
ІІІ топ.«Ақыл» Талаптың мініп тұлпарын

Негізгі бөлім Жаңа сабақ
Ақын: «Ақыры ойладым, осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жақ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған бел байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ»- деп не жазды?
Қара сөз дегеніміз – ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қара сөзбен жазылған еңбек. Абайдың 1890 - 1898 жылдар арасында жазған 45 қара сөзі бар. Ақынның қара сөздері алғаш Семей қаласында 1948 жылы «Абай» журналында жарық көрген. Қара сөздер орыс, қытай, француз тағы басқа көптеген әлем тіліне аударылған.
Оқушыларға « Абайдың он жетінші қара сөзі» туралы бейнефильм көрсетемін.

Он жетінші қара сөздегі қайрат, ақыл, жүрек туралы ой мен бұған дейінгі айтқан ойларын салыстырып көрейікші. Қай өлеңмен сәйкес келеді?

«Ойлы болсаң, озып көр»
топпен жұмыс
Ал енді, қайрат, ақыл, жүрек сөздеріне қазақ тілі пәні бойынша сөз таптарына, сөз мағыналарына қарай талдау жасап көрейік.

Сергіту сәті
12 6 4 8 1 17 5 10 24
т с ұ ұ н а р л н
16 9 21 15 7 11 14 3 19
а з в б а а р н е
Сандарды өсу ретімен орналастырыңдар да, оған сәйкес әріптерді тізбек теп оқығанда кімнің аты - жөні шығады? Ол ұлы ақын Абай жайлы не деген еді?

Кім жылдам?
«Ыстық орындық» Үш топтың оқушылары бір - біріне сұрақтар қояды?

Қорытындылау
Бағалау.
Бағалау критерийлеріне сүйене отырып, бағалау парағындағы стикерлеріне сәйкес ұпайларды жинақтайды.
Үйге тапсырма: Абайдың он жетінші қара сөзі
Рефлекция.

Қазығұрт ауданы
«Ақбастау» жалпы орта мектебі
Пән мұғалімі: Сейтметова Б.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қара сөздер. Абайдың бірінші қара сөзі

Қара сөздер. Абайдың бірінші қара сөзі

Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті...
Абай Құнанбайұлы «Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек» өлеңі

Абай Құнанбайұлы «Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек» өлеңі

Абай Құнанбайұлының шығармашылығынан мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу, өлеңдерін талдап, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан...
Абай Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы сөз»

Абай Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы сөз»

Қызылорда қаласы, № 197 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жүнісбаева Жадыра...
Оқышы, дана Абайды

Оқышы, дана Абайды

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Бірлік жалпы білім беру орта мектебі Сангожина Шолпан Советовна...
Абайдың қара сөздері

Абайдың қара сөздері

Абайдың қара сөздері БІРІНШІ СӨЗ Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×