Сайтқа кіру Тіркелу

Мұғалімнің кәсіби дамуына педагогикалық қоғамдастықтың ықпалы

Кәсіби даму - заман талабы
Шолақова Бибигуль Төленқызы

Дардамты орта мектебі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесі. Химия - биология пәнінің мұғалімі жоғары санатты, 1 -(ілгері ) деңгей бағдарламасын игерген Алматы облысы Ұйғыр ауданы Дардамты ауылы

17. 01. 2014 жылы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Оқушыларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс»,- деп атап көрсетті.
Бүгінгі мектеп партасында отырған оқушы - ертеңгі Қазақстан мемлекетінде өмір сүретін және сол мемлекетті өркендетіп ұстап тұратын негізгі тұлға. Бүгінгі күнде мұғалімнің алдында тұрған міндет: жас ұрпақ тәрбиесімен мықты білімге ие, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп дамыған дербес тұлғаны даярлау. Қоғамның барлық саласындағы өзгерістер білім саласына да зор өзгеріс қажет екенін дәлелдеуде. Білім беру жүйесінде оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде енгізіліп отырған өзгерістер заманауи тәсілдерді қолдану арқылы еліміздің болашағын орнататын азаматтарды қалыптастырады. Мектептің негізгі тұлғасы - оқушы мен мұғалім, бірін - бірі толықтыратын, бөліп қарауға болмайтын бейнелер. Көрнекті педагог В. А. Сухомлинский «Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қалмас үшін, ол қызықты болу керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдері үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына, кітап - мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады» - деген. Яғни әрбір сабақтың қызықты және білім қорына бай болуына қол жеткізген мұғалім өз ісінің шебері.
Өзгеріске, жаңалыққа толы ғылыми - техникалық прогрестің қарыштап дамыған қоғамында өмір сүріп отырған мұғалімге сегіз қырлы, бір сырлы болу жеткіліксіз. Ұстаз алдында отырған әр түрлі деңгейдегі бірі шапшаң, бірі баяу, кейбір қабылдау зейіні төмен қабілеті, есте сақтауы, ойлау деңгейі әр түрлі шәкірттердің жүрегіне жол тауып, олардың шығармашылық қабілетін дамытып, дербес тұлға даярлау - өте күрделі іс.
ХХІ ғасыр - жаһандық жаңалықтар ғасыры ғана емес, білімнің дәуірлеу, мемлекеттердің мықтылығын көрсететін дамыған ғасыр. Білім мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, өндірілетін өнім сапасымен әлемдік деңгейге көтерілуіне маңызды рөл атқарады. Білімді меңгертуші негізгі тұлға мұғалімнің рөлі өте жоғары. Тек қана білім берумен шектелмей жоғары ғылыми шығармашылыққа өзінің ұмтылуы және оқушыны шығармашылыққа бағыттауы арқылы қабілеттілік деңгейін арттыруға, білім беру жүйесіне жаңа озық педагогикалық технологияларды енгізуді іске асыру, сындарлы оқытуды тиімді пайдалану, үштілділік қағидатты енгізу, ғылым мен білімді ұштастыру арқылы жету.
Деңгейлік бағдарламаның І (ілгері) деңгейі бойынша курстан өтіп келгелі мектептің дамуына, мұғалімдер жұмысына, өз жұмыс тәсіліме сыни тұрғыдан қарай бастадым. Бұрын мұғалім күнделікті сабаққа дайындалып, қосымша материал жинап, дидактикалық көрнекіліктермен оқушыға түсінікті тілде сабақ өтсе сол күнгі ісіне разы болатын. Өз кәсібінің шебері болып саналатын. Өткен сабағына оқушының білім деңгейіне, өз ісіне сыни көзбен қарамайтын, есеп беріп сараламайтын.
Дәстүрлі оқу мен оқытуды саралай келе бүгінгі күн талабына сай келмейтінін зерделедім:
1. Дәстүрлі оқытуда 45 минуттың 30 - 35 минутын мұғалім сөйлейді.
2. Оқушыға өз білімін дәлелдеуге толық мүмкіндік берілмейді.
3. Тек алғыр, жақсы оқушылар ғана дараланып жұмыс істейді.
4. Жуас, ұяң, білім деңгейі төмен оқушы тасада қалады.
5. Оқушы өз бетімен ізденбейтін, қабілетін ашып көрсете алмайтын, кемшілігіне сын
көзбен қарамайтын.
6. Бала білімін мұғалім бағалайды, оқушымен санаспайды.
7. Қолдан жасаған көрнекіліктер, бор, тақта бүгінгі күнде оқушыға қызық емес.
8. Мұғалім өзі таңдаған бір ғана технологиямен жұмыс жүргізеді, яғни, бір бағытта ғана жұмыс істейді, өзінің ойын немесе әдіс – тәсілдерін қосып өз бетімен кәсіби дамуына ықпалы болмайды. Жылдар бойы бір технологиямен жұмыс істеген мұғалім өз ісіне салғырт қарай бастайды, қайталана беретін тақырыптар және іс - әрекеттер. Өз бетімен технологияларға талдау жасау, ойлану, оның нәтижесі қандай, оған мән берілмейді. Келген тексерулер де қайсы технология, кімдікімен жұмыс жүргізесің, нәтижесі қайда соны тексереді. Оның себеп - салдары қандай, ол тиімді ме емес пе, немесе сол пәнге лайықты ма, ескерілмейді қатып қалған бір заңдылық. Нәтижесінде, оқушы қандай білім алып жатыр, оқушыға тиімді ме және мұғалім мен оқушы арасында қандай кәсіби байланыс болды, ол жағына мән берілмейді де ескерілмейді. 1. Мұғалім жағынан қарастырсақ: мұғалім жаттанды дайын технологиямен жұмыс істейді. Қолданыстағы технологиясының жетістігі, жақсы жағы мақталады. Кемшілігі болса да немесе нәтижесі болмаса да, ол айтылмайды айтуға болмайды, себебі ол жай мұғалім оның сөзі өтпейді. Өз бетімен мұғалім өзгеріс енгізе алмайды, себебі оның сұранысы көп. Қайда дәлелденген, қандай ғалымнан немесе автордан рұқсат алдың т. б. деген сұрауларға жауап беруге тура келеді. Мұғалімді мектептің негізгі тұлғасы - білім берудің нағыз маманы деп есептемейді, мұғалім өз бетімен кәсіби деңгейін көтере алмайды ойын дәлелдеуге, жұмысына қолданылатын өздік әдіс - тәсілдерін көрсетуге мүмкіндігі шектелген.
Бұл қоғамдағы бюрократтық стильдің басымдығын көрсетеді 2. Оқушы тарапынан қарасақ мұғалім берген білімді 45 минут тапжылмай отырып тыңдап, жазып қойылған сұрақтарға жауап берумен шектеледі. Өз бетімен іздену жұмысымен шұғылдана алмайды, жаттанды түрде білім алады. Кабинетте артық қозғалуға да болмайды, сабаққа сотка, планшет т. б. ақпарат құралдарын әкелуіне тиым салынады. Бала мүмкіндігі шектелген, өз бетімен сабақта қосымша ақпараттар ала алмайды, еркін қозғалмайды, ойын еркін айта алмайды, өзінің пікірін дәлелдеуге уақыт жоқ яғни баланың еркімен емес мұғалімнің үстемдігімен сабақ өтіледі. Сыныптағы басқа балалармен диалогке түспейді, жеке жұмыс орындайды. Өзінің білім деңгейін басқа оқушымен салыстыра алмайды немесе өзін ашып басқа қырынан көрсете алмайды. Кейбір қабылдауы қиын, ұяң, жуас балалар мектеп бітіргенше өзін көрсетпейді, оларға сабақ айтудың өзі қиынға соғады. Мұғалімнің ондай оқушыны тыңдап отыруға уақыты жоқ, сондықтан ондай оқушылар үштік бағаның иелері болып, сыныптан сыныпқа көшіріліп кете береді. Үлгерімі төмен оқушылармен мектепте жұмыс жүргізіледі, оларға тапсырма оқулық деңгейі көлемінде беріледі оның басқа қырын ашуға сабақ бойында мұғалім ескермейді. Осыдан келіп оқушы да, мұғалім де өз деңгейін көтеруге немесе басқаша жұмыс жүргізуге ойланбайды, сын тұрғысынан қарап жұмысы сарапталмайды. Екі тараптың да уақыты шектеулі.
3. Қабілетті, алғыр, тез меңгеретін оқушылармен жүргізілетін жұмыста тек оқулық шеңберінде болады. Ондай балалар сабақта тыныш отыруы үшін тақырып соңындағы сұрақтарға жауап бер немесе жаттығуды орында деген тапсырма беріп отырғызып қоямыз. Балаға басқа ақпарат құралдарынан материал іздеу немесе өз бетімен жүргізілетін қосымша жұмыстар берілмейді, басқа оқушымен жұмыс істеуге рұқсат берілмейді. Сотқарлау, тәртібі нашар ата - анасының тілін алмайтын ерке т. б. осындай бағыттағы балалармен жұмыс қиындау. Бірақ бәрібір сыныптағы тыныштықты сақтау үшін алдап, жай тапсырма беріп отырғызып қоюға тура келеді. Олардың арасында небір дарын талантты, алғыр, энергиясы көп балалар барлығына аса мән берілмейді. Себеп не деген сұраққа өзімнің берген жауабым: осының барлығы мұғалім өз ісіне сын тұрғысынан қарамаудың салдары деп есептеймін. Еркіндіктің жоқтығы, барлық жерде шектеулер, тәртіптің қатаң сақталуы, басқалармен пікір алмаспаудың, өз ойын дәлелдеп үйренбеудің, ойланбау, айтқан пікіріне мән бермеудің басқаның пікірімен санаспаудың салдары. Сонда қалай мұғалім өзінің кәсіптік деңгейін көтере алады, мұғалімнің кәсіби жұмысының шыңдалуына, өзін дамытуға бірінші себепші – ол оқушы. Оқушы болмаған жерде мұғалім де жоқ, мұғалім қандай жұмысымен, кім арқылы, өз ісінің шебері бола алады. Яғни оқушы - мұғалім бір тұлға. Алдыңғы орында оқушы кейінгі орында мұғалім тұруы шарт.
Білім саласындағы осындай көптеген зерделенбеген мәселелерді талдай келіп, мұғалім өзінің кәсіби біліктілігін дамытуға ұмтылмай, бір сарында кете беретініне көз жеткіздім. Осының салдарынан мұғалім 2 бағытта: жақсы, жаман оқушымен жұмыс істеумен шектелген. Яғни, 1 - бағытта жақсы оқитын оқушымен пәндік олимпиада, «Дарын» ғылыми жобалар т. б. жұмыстарға оқушылар дайындау сияқты жұмыстарды істеу арқылы біраз іздену жұмыстарымен шұғылданады. Мұғалім мен оқушы кәсіби шеберлігін шыңдауға аз уақыт бөледі. 2 - бағытта нашар оқушымен жұмыс жүргізіледі, бірақ өз деңгейінде емес, көлеңкелеу қала береді. Сондықтан бүгінгі таңда мектеп қабырғасынан шыққан оқушылардың білімі төмен деңгейде екені дәлелденді. Мұғалімнің кәсіби дамуы өз деңгейіне жете алмаған. Небір шебер, білімді, білікті ұстаздар жекеленіп жаман оқушы тәрізді тасада қала береді. Мұғалімнің кәсіби дамуына, өзін көрсете білуіне, талантын дәлелдеуіне мектептегі, жоғарғы орындардағы биліктің шамадан тыс күшті болуы да ықпалын тигізеді. Дәстүрлі оқытуды талдай, келе бүгінгі күні білім саласының жаңа парадигмасын енгізу қажеттігінің туындап отырғанына көз жеткіздім. Елбасы дамыған 30 елдің қатарына кіруді жоспарлап отырғанда, дәл осындай бағыттағы жұмыспен біз оны іске асыра алмаймыз.
Бүгінгі таңда деңгейлік бағдарлама бойынша «мұғалімдер оқушыға қалай оқу керектігін үйреніп, нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәжін нанымды жеткізе білетін ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлаушылар болып табылады». (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық І (ілгері) деңгей 7 бет) Мұғалімнің кәсіби дамуына өзінің білім беру ортасындағы яғни, педагогикалық ұжымның орны зор. Осы бағытта 1 - мектеп басшылары мен ата - аналарды, 2 - педагогтарды, 3 - оқушыларды жаңа бағытқа бағыттау мақсатында мынандай жұмыстарды жүргіздім.
Курсты аяқтап келген соң мектептегі іс - тәжірибемде өзімнің педагогикалық ұжымымда көшбасшы ретінде көшбасшылықтың конустық метафорасы (Синек) бойынша
Неге неге
Қалай қалай
Не не
1. Неге? 2. Қалай? 3. Не? сұрақтарына жауап табу үшін1. мектеп көлемінде мұғалімдер арасында «Неге - мектепте білім деңгейі төмен?»- деген тақырыпта семинар өткіздім.

Рефлексия кезінде мұғалімдер өздерінің кәсіби шеберлігін шыңдамайтынын, кәсіптік дамуына, бүгінгі күн талабына енжар қарайтындарын, іздену жұмыстарымен шұғылданбайтындықтарын, оқушыға да, өзіне де сын тұрғысынан қарамайтындарын, жоғары деңгейде өзін – өзі тануға ұмтылмайтындықтарын айтты. 2. Жалпы мектеп ата - аналарымен кезең - кезеңге бөліп «Менің баламның білімі неге төмен?» - деген тақырыпта семинар өткіздім.

Негізгі мақсатым: білім саласында, мектепте болып жатқан өзгерістерді түсіндіре отырып, топтық жұмысқа деген ата - ананың пікірін білу еді. Ата - аналар осы тақырып аясында постер қорғап өздерінің ойларын ашық айтты. Рефлексия сәтінде белгілі болғаны кейбір мұғалімдерге көңілі толмайтындарын, тек оқулықпен шектелетінін, мұғалімдердің бала пікірімен санаспайтындықтарын ортаға салды.
1. Неге? сұрағына жауап табылды.
2. Мұғалімдерге қалай көмектесу керек деген мәселе туындады. Бүгінгі күнде Қазақстан мектептерінде 7 модуль аясындағы жұмыс кең көлемде жүргізілуде. Тәжірибе ретінде мектеп көлемінде ІІІ деңгейлік бағдарламаны оқып келген 3 мұғалім 3 мастер класс өткізді. Мұғалімдер сабағында: 5 - 6 модульдің элементтерін көрсете отырып сабақ беру арқылы, мұғалім мен оқушы бірлескен түрде ынтымақтастық атмосферасында қалай жұмыс істеуге болатындығын көрсетті.
1. Озық педагогикалық технологияларды пайдалануда топтық жұмыспен оқушының білім алуын, 2 модуль АКТ - ны пайдалану, 3 - модуль сыни тұрғыдан ойлау, 4 - модуль бағалау, 5 - модуль дарынды баланың жұмысын көрсетті. Осы тәжірибеден соң мұғалімдермен мектеп көлемінде «Мұғалім кәсіби деңгейін көтеру үшін не істеу керек?» тақырыбында 2 коучинг сессиясын өткіздім. Рефлексия кезінде мұғалімдер «математикалық», «гуманитарлық» пәндер арасында қоғамдастық құру қажет деген тұжырым жасады. Қоғамдастықтың мақсаты, міндеті, күтілетін нәтиже, ресурстар айқындалды. Яғни, мұғалім өзінің жеке қабілетін жаңа тәсілдерді қолдана отырып нәтижесін басқаларға көрсету арқылы кәсіптік білім деңгейін көтеруге болатынын түсінді. Сонымен қатар мұғалімдер басқа мектеппен байланысты күшейту, ақпарат алмасу керек екеніне көз жеткізді. Мұғалімдер барлық уақытта оқушының алдыңғы орында тұруы, бала жағдайы, көңіл - күйі, ортасы сабақтың өз деңгейіне жетуі үшін басты қажеттілік екенін түсінді. Жақсы нәтижеге жету - тек оқушы мен мұғалімге ғана байланысты емес, негізі орында, отбасы екеніне аса мән берілді. Ата – аналар қоғамдастығымен бірлескен жұмысты тұрақты жүргізгенде оқушының білімі мен мұғалімнің еңбегінің ақталатыны түсінікті.
3. Желілік қоғамдастық құру мақсатында аудандық білім бөлімімен келісілген аудан көлемінде 33 мектептің директорларымен «Мектеп жұмысының дамуында мұғалімнің рөлі» тақырыбында аудандық семинар өткіздім.

Негізгі мақсатым: мұғалімнің кәсіби дамуына директорлардың көзқарасын зерттеу болды. Рефлексия сәтінде мектеп басшылары «өздерінің бірінші басшы бәрін шешеді»,- деген бюрократтық стиліне сыни тұрғыдан қарағаны байқалды. Мектеп жұмысы басшының ғана емес ұжымдағы барлық мұғалімнің ортақ бірлескен жұмысы нәтижесінде ғана алдында қойылған мақсатқа жететініне көздері жетті. Семинар барысында, «желілік қоғамдастық» құру қажеттігі айқындалып, аудан көлемінде мектеп басшыларының басшылығымен аудандық мектептер арасында ортақ желі құрылды. Мақсаты, міндеті, күтілетін нәтижелер айқындалды.

«Мектеп көшбасшылығы және оқушылардың нәтижелері ненің ықпалы бар және неліктен» атты үздік айғақтардың жаңазеландиялық синтезінде Robinson, 2009ж. басшылық жұмысының бес бағытының, оқушылар үлгеріміне ықпалын зерттеп, оқушылардың нәтижесіне қатты ықпал ететін нәрсе – ол мұғалімдердің білім алып, кәсіби дамуын жетілдіру екені айқындалған. ЭЫДҰ бастама жасаған өзге зерттеулермен(Роnt. 2008) сондай – ақ Канада (Levin, 2012) Сингапурде (Schleichter, 2012 ) Финляндияда (Minister of Education, 2007) өткізген зерттеулермен қатар Robinson, 2009ж. Талдауы: мектептердің өз оқушылары мен жастарының болашақта жетістікке жететінінің кепілі болғылары келсе, мектеп басшылығы мен мұғалімдер үшін ең басты мәселе - оқыту мен оқу болуға тиіс екенін көрсетеді.(Сілтеме: МАН 1(ілгері ) деңгей үшін. 623 бет) «Басшылық жұмысының бес бағытының оқушылар үлгеріміне ықпалы»,- зерттеуде атап көрсетілген:
1. Мақсатпен күтілетін нәтижелерді анықтау
2. Стратегиялық ресурстармен қамтамасыз ету
3. Оқыту мен оқу жоспарын жоспарлау, үйлестіру және бағалау
4. Мұғалімдердің білім алып, дамуына ықпал ету және тікелей қатысу5. Қолайлы орта құру (Сілтеме МАН(ілгері ) деңгей үшін. 623 бет) Осы көрсетілген бес бағытты басшылыққа ала отырып, жұмыс жүргізетін болсақ онда алдыңғы қатарлы дамыған 30 елдің қатарына кіруге ұмтылыс жасаймыз. Бүгінгі күнде білім саласына жаңа парадигма керек, біз кеңестік кезеңдегі парадигма басшылығында жұмыс жасап келеміз. Өзгермелі қоғамда ескі әдіс - тәсілдер, өзінің ескіргенін жаңа толықтыруларды күн талабының өзі қажет етіп отырғанын дәлелдеуде. Аслан Сәрінжіпов өз сөзінде біздің оқушылар мен американың оқушысын салыстыра мысал келтірген, америкалық балалар алып жатқан білімдерін ертең қай жерде қолдана алатындығын білетінін, ал біздің балалар білмейтіндігін айтқан. (Сілтеме Білім шапағаты газеті № 34 19. 09. 2014 ж.) Бұл дұрыс мысал, шынында да біздің балалар оқып жатқан пәндерінің «ішкі мағынасын ұғынбайды және оның мәнін анықтамайды». «Оқу арқылы шынайылықты өзгеше түсіну және түсіндіру ретінде» қарастырмайды. Бұның барлығына кінәлі мұғалім себебі: мұғалімнің өзі осы мәселені өзі жете түсінбейді. Бұл мұғалімнің кәсіби дамуының төмен екенін, білім - білік дағдыларын үнемі жетілдіруге ұмтылмаудың салдары. Осы жұмыстарды зерттеп, саралай келе, өзімнің жүргізген іс - тәжірибеме сүйене отырып, мұғалімнің өз кәсібін жақсы көре отырып кәсіби жұмысын дамытуы жеке өз басына ғана емес, мұғалім еңбек ететін қоғамға байланысты деген ұйғарымға келдім. Мектеп, аудан көлемінде жүргізілген ауқымды жұмыстардың нәтижесінде, мұғалімдер мен мектеп басшылары педагогикалық қоғамдастықтың, оның ішінде желінің рөліне, ол мұғалімнің кәсіби шыңдалуының бірден - бір жолы екенін түсінді. Мектептегі педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалімдер бір - біріне қолдау көрсету нәтижесінде, қоғамдастықтағы мұғалімдердің дарыны, кәсіптік деңгейі ашылды. Мектепті дамыту жұмысына әрбір мұғалімнің өз көзқарасы пайда болды. Бұрын ол мектеп басшыларының ғана жұмысы деп келсе, енді ол жалпы мектептің өмірі екенін түсініп, өз үлестерін қосып, пікірін айта бастады. қоғамдастықта талдап, нақты шешімін шығарып, жұмыла отырып әркім өз жұмысын орындайтын дәрежеге жетті. Келісілген жұмыстың нәтижесі де жақсы шығуда.
Қоғамдастық нәтижесінде аудан көлемінде желі құрылды. Барлық мектеп мұғалімдері аудан, облыс деңгейінде өздерінің пәндік серіктестерімен ақпарат алмасады. Бір - бірімен ынтымақтаса отырып бірлескен жұмыстар орындайды. Қайсы мектепте қандай жақсы жұмыстар, оқушылар, мұғалімдер, шығармашылықпен жұмыс істейтін топтар бар екенін біліп ықпалдасуда. Осының барлығы мұғалімнің кәсіби деңгейінің көтерілуіне, өзінің деңгейіне сын көзбен қарауына, алдына мақсат қоя отырып белгілі нәтижеге жетуіне ықпалының зор екеніне көздері жетті.
Құрылған қоғамдастықтың мұғалімнің кәсіби, оқушының тұлғалық дамуына мектептің дамуына мынандай ықпалы болды;
 Мектеп білім деңгейін көрсете білумен қатар, басқа мектептермен өз білім деңгейін салыстыра алады.
 Мектеп салыстырмалы түрде атқарған іс - әрекетіне зерттеу жүргізеді, анықтайды, шешім қабылдайды.
 Мектеп білім сапасының деңгейін басқа мектептермен салыстыра отырып алға ұмтылады.
 Мұғалімдер өз ара білім алуға, тәжірибені біріктіруге ақпарат алмасуға қол жеткізді.
 Шешілмей келе жатқан мәселелерді шешуге, жаңа идеялармен алмасуға үйренді
 Мұғалім әр баланың жан дүниесіне үңіле отырып, білім берудің әдіс – тәсілдерін оқушы деңгейіне қарай іріктеуіне.
 Мұғалімнің бірлескен жұмыс арқылы кәсіби деңгейін зерделеуге
 Туындаған мәселені талдай отырып кезеңмен игеруге.
 Өзіне, өзгенің ісіне сын тұрғысынан қарау арқылы дұрыс шешім табуға
 Мұғалімдер басқа мектептегі пән мұғалімдерімен өз білім деңгейін салыстырады, іздену жұмыстарымен шұғылданады.
 Кәсіптік дамуы мен оқу туралы пікірлерін талқылап, бір - бірін қолдау көрсетуге, марапаттауға қол жеткізді
 Бірлескен зерттеулер, талдаулар жасай отырып, өз істерін дәріптеуге газет, журналдарға жарнамалауға қол жеткізді
 Оқушылар еркін ақпарат алмаса алады
Оқушылармен жұмыс істеу барысында әрбір оқушының ішкі жан дүниесіне тереңірек үңілетін болды. Бұрын да оқушы жағдайына көңіл бөлінетін, бірақ өз деңгейінде емес еді.( Деңгейлік бағдарламада негізгі обьект ол – оқушы болғандықтан сабақ оқушының көңіл - күйіне, тобына, топта өзін еркін сезіне алуын басты назарда ұстайды.)
Мектеп, аудан көлемінде құрылған желілік қоғамдастықтың мектептің ішкі, сыртқы жұмысына, мұғалімдердің кәсіби дамуына, мектеп басшыларының өз ісіне мағынамен қарауына әсері болды.
Педагогикалық қоғамдастықтағы әрбір оқушы мен ұстаз өз ісінің маманы, шебері бола отырып еркін білім алуға, өзін көрсететін, әдіс - тәсілін жетілдіретін, білімін өз бетімен көтере алатын, өзін дәлелдейтін жеке дербес тұлға болып шығады. Педагогикалық қоғамдастық мұғалімнің кәсіби дамуына жол ашады.
Қоғамдастық жұмысын ұйымдастыру, көптеген семинарлар, мастер кластар өткізу барысында көшбасшылық жасап, белгілі бір нәтижеге жеттім. Өз ісіме сын тұрғысынан қарап, ой елегінен өткізу арқылы аудан деңгейінде жұмыс істеуге қол жеткіздім. Өзімнің кәсіптік білім - білік деңгейімді қоғамдастық ортасында талдай отырып, педагогикалық шеберлігімді шыңдай түстім. Қоғамдастыққа нағыз көшбасшы бола білу де үлкен жігерді қажет етеді. Тиімді көшбасшылық мектеп жүйесін жетілдірудің басты элементі болып табылады. Шетел әдебиетінен алынған деректер тиімді көшбасшылар мектеп нәтижесіне және оқушылардың білімді меңгеру деңгейіне тікелей болмаса да, қатты ықпал ететінін дәлелдейді. Мұғалімнің кәсібін дамытатын оқушы. Кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Әріптестерінің жұмысына ықпал ету арқылы, оқыту мен оқуға қажетті әдіс - тәсілдерді дұрыс бірлескен түрде тауып пайдалану арқылы, кез келген мұғалім өзін де, айналасындағы әріптестерінің дамуына да ықпал етеді. Бүгінгі таңда АКТ ны пайдалану өте жоғары деңгейде кез келген оқушы компьютермен еркін жұмыс жасай біледі, ал кейбір мұғалімдер жұмыс жасай алмайды. Бұған кім кінәлі? – мұғалім өзіне бүгінгі күн талабына қажеттілікті білмеуінің салдарынан осындай жағдайда тұр. Бұл да мұғалімнің жеке өз басының ғасыр талабына ілесуіне бейжай қарауының салдары, яғни, бұл да кәсіби дамудың төмендігі. Бүгін мұғалімнің алдында тұрған міндет: оқушымен ынтымақтаса отырып, өзін де оқушыны да, күн талабына сай, қажет болса, артық деңгейге көтеру үшін жұмыс істеу. Оқушының мектептен сырт өмірін де бақылауда ұстап біліп отыру, қажет болса көмек беру, ынтымақтастық орната білуі керек. АКТны дұрыс пайдалану, сабаққа қажетті әрбір бөліміне сай жаңалықтармен толықтыра отырып сабақ өтуге жетуі тиіс. Мұғалімдер өзінің мүмкіндіктерін барынша жетілдіріп отырулары керек. Өз тәжірибесіне сын көзбен қарай отырып зерттеуге, рефлексия жасауға, ой толғауға міндетті. Осы жұмыстардың барлығы - ретімен қажетіне қарай өз уақытында орындалып отырса, алынбайтын қамал жоқ. Ата – аналармен, қоғамдық ұйымдар, мектептердегі қоғамдастықтардың ұштасқан жұмыстары нәтижесінде, бала өз бетімен еңбектеніп, кездескен қиыншылықтарды жеңе білуге, төзімділікке, жаңа қоғамның жеке дербес тұлғасы болып шығады. Бірлескен жұмыс болмаған жерде жақсы нәтижеге жету мүмкін емес. Сондықтан мұғалімнің кәсіби дамуына кез келген қоғамдастықтың ықпалы өте зор деп есептеймін. 35 жылғы ұстаздық еңбек жолымда мектептің барлық саласының жұмыстарын зерттеп, саралай келе, білім саласына үлкен өзгерістің қажеттігі керек екенін және біз кешігіп қалғанымызды түсіндім. Ы. Алтынсарин оқу – білімнің тек ізденіс еңбекпен табылатынын айтқан. Жаңа тұрпаттағы мұғалім – кәсіби білім мазмұнын үздіксіз жетілдіріп отыратын, оқу үрдісін басқару қабілеті, тұлғалық, кәсіби сапасы жоғары, озық технологияларды меңгерген, оны қалауынша пайдалана алатын құзыретті тұлға.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қорытынды аттестациялауға оқушыларды дайындауда мұғалімдердің кәсіби құзіре ...

Қорытынды аттестациялауға оқушыларды дайындауда мұғалімдердің кәсіби құзіре ...

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының білім беру бөлімінің физика пәні әдіскері А. К. Еслямова...
Мұғалімдердің біліктілік деңгейін көтеру білім жүйесін жоғары білікті маман ...

Мұғалімдердің біліктілік деңгейін көтеру білім жүйесін жоғары білікті маман ...

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, "№42 орта мектеп" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аманжолова Тана Тастанқызы...
Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер

Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер

Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы - бүгінгі жас ұрпақ. Бүгінгі таңда егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке...
Назарбаев зияткерлік мектебінің білім сатысы оқуы

Назарбаев зияткерлік мектебінің білім сатысы оқуы

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Матниязова Айнур...
Әдістемелік жұмыстар туралы

Әдістемелік жұмыстар туралы

Әдістемелік жұмыс – педагог кадрлардың ғылыми - ілімдік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×