Сын есімді қайталау
Мақсаты:
Білімділік: сын есім бойынша алған білімдерін бекіту, өтілген тақырыптарды қайталау
Дамытушылық: оқушылардың тілін, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту; сын есімге байланысты тапсырмаларды шапшаң орындауға машықтандыру, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту
Тәрбиелік: мәтіндермен жұмыс арқылы ән өнеріне баулу, зеректікке тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
Сабақ түрі: қайталау
Сабақ әдісі: интерактивті тақтамен жұмыс, талдау, сұрақ - жауап
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылардың сабаққа қатысушылығын тексеру)
2. Үй тапсырмасын тексеру (сын есімнің ережесін сұрау, туынды сұрақтар қою)
3. Негізгі сабаққа көшу
Махамбет Өтемісұлының жырларынан алынған афоризмдермен жұмыс жасау (слайдтармен жұмыс)
Оқушы тақтаға шығып, афоризмдердің мағынасын ашып, өлең жолдарындағы сын есімдерге толық талдау жасайды.
1. Жүйрік аттың белгісі
Тұрады құйрық жалында
Жүйрік - сын есім, негізгі, дара, сапалық, жай шырай
2. Қоғалы көлдер, құм сулар
Кімдерге қоныс болмаған?!
Қоғалы - сын есім, туынды, түбірі - қоға, - лы - сын есім
тудырушы жұрнақ, қатыстық.
3. Алтын тақты хандардың
Хандығынан не пайда?
Алтын тақты - сын есім, күрделі, туынды, қатыстық, - ты - сын есім тудырушы жұрнақ.
4. Асыл ердің баласы
Жауды көрсе шыдамай
Көзін салар қияға
Асыл - сын есім, негізгі, дара, сапалық, жай шырай
Оқулықпен жұмыс.
150 - жаттығу. «Жайлауда» мәтінін оқып, мазмұндау. Сын есімдерді тауып, тіркескен сөздерімен теріп жазу.
Үлгі: кең көгал, үлкен ауыл, қоңыр үй, шоқпыт лашықтар
153 - жаттығу. «Зеректік» мәтінін түсініп оқу. Сын есімдердің синонимдерін тізу.
Білімді - ақылды, оқымысты, білгір
Қолайлы - ыңғайлы
Берік - мықты, күшті
Зерек - зейінді, аңғарымпаз, байқағыш
Интерактивті тақтамен жұмыс.
Диаграммадағы «ҚҰНДЫ», «АҒАШ» сөздерімен тіркесетін сын есімдерді теріп жазу.
Үлгі:
1. Құнды ой, құнды кітап, құнды мұра
2. Қураған ағаш, пайдалы ағаш, жапырақты ағаш
Тақтамен жұмыс (берілген тапсырмаларды орындау)
Қателерді табыңдар
1. Құндұз бөрік киген бойжеткен киіз үйге бет алды.
2. Ағалы інілі Бейбіт пен Аслан ұзұн жолмен жұріп келеді.
3. Жазды гүнгі мезгіл қандай тамаша!
4. Ұйқұшыл адам сыбағасынан құр қалар.
Тиісті сын есімдерді қойып жазыңдар:
1. Қазақстан... астыққа бай.
2.... ұстазымызды.... демалысқа шығарып салдық.
3.... тіл сүйектен өтер.
4. Байқауға.... оқушылар қатынасты.
(ардақты, құнарлы, ащы, алтын, үздік, құрметті)
Тест жұмысы (оқушылардың білімдерін тексеру мақсатымен тест үлестіріледі)
Сын есімді қайталау
- elmira.duysembaeva
- 6 маусым 2016
- 5309
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сын есім, қазақ тілінен, ашық сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Сын есім 6-сынып
Сын есім бойынша алған білімдерін бекіту, өтілген тақырыптарды қайталау. Оқушылардың тілін, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту; сын есімге байланысты...Негізгі және туынды зат есім
Сабақтың жабдығы: Кесте, тапсырмалар жазылған үлестірмелер Жалпы мақсаттар: Зат есімнің негізгі және туынды түрлерінің жасалу жолдарын,...Зат есімнің жасалуына жаттығу жұмыстары
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы № 4 Хромтау орта мектебі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Касенова Жанагул Амангосовна...Негізгі және туынды сын есім
Сагынгалиева Мейрамгул...Негізгі және туынды зат есім
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой селосы бастауыш сынып мұғалімі Мухтарова Гулмира Танжарбаевна Сабақ тақырыбы: «Негізгі және туынды зат есім»...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.