Пәні: Қазақ әдебиеті
Тақырыбы: “Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?»
Мақсаты:
А) Аңыз әңгімені оқыта отырып, сөйлеу тілін дамыту, сұрақ қойып жауап бере білуге үйрету;
Ә) Ауызекі сөйлеуге, мәтінді дұрыс оқып түсінуге, сөздік қорын молайтуға, практикалық жұмысты бере отырып, тілдерін дамытуға пайдалану;
Б) Әңгіме арқылы ұлы адамдар өмірін өнеге ете отырып, адам бойындағы жақсы қасиеттерді, ақылдылығы мен тапқырлықты дамыту.
Түрі: Аралас сабақ.
Типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Әдісі: Ой қозғау, эссе, топтастыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, парақтар.
Пәнаралық байланыс: тарих, тіл, биология.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру.
А) амандасу;
Ә) тексеру;
Б) назарларын сабаққа аудару.
Сабақ бөлімдері:
І Қызығушылықты ояту
ІІ Мағынаны тану
ІІІ Толғаныс
Қызығушылықты ояту:
1. Ой шақыру.
Аңыз әңгімелер дегеніміз не?
Қандай аңыз кейіпкерлерін білесіз?
Өткен тақырыбымыз не?
Әңгіменің негізгі кейіпкерлері кімдер?
2. Категориялы топтастыру.
1-топ. Жиренше – Ол кім? – Ол не істеді?
2-топ. Хан – Ол кім? – Ол не істеді?
3-топ. Қарашаш – Ол кім? – Ол не істеді?
(Әр топ осы сұрақтар төңірегінде өз білгендерін топтастырады.)
ІІ. Мағынаны тану:
Жаңа сабақ тақырыбы:
“Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па? аңыз әңгімесі.
І топ. “Хан мен Жиреншені көз алдыңызға елестете отырып, суретін салу”
ІІ топ. “Ішке және сыртқа”
(Әңгімедегі ұнамды, ұнамсыз жерлерін бөліп жазу.)
ІІІ топ. Жиренше мен ханға мінездеме беру.
ІІІ. Толғаныс.
4. “5 минуттық эссе”
І топ: - Қаңбақтың адамша сөйлеуі
шындық па, әлде...
ІІ топ: - “Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?” деген сөзге ханның ренжуі мүмкін бе еді?
ІІІ топ. – Хан Жиреншені не үшін ертіп жүрген?
4. Синквэйн
І топ. “Хан
ІІ топ. “Қарашаш”
ІІІ топ. “Жиренше”
Үй тапсырмасы: Жиренше мен Қарашаш туралы тағы да басқа аңыз әңгімелер ізденіп оқу.
Бағалау.
"Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?" (қазақ әдебиеті, 5-сынып)
- Набия
- 2 мам 2012
- 17633
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақ әдебиеті, аңыз әңгіме
Ұқсас жаңалықтар:
Ақымақ есек
Баяғы заманда боз түйе, сұр ат, ала сиыр, қоңыр қой, сары ешкі, қара есек болыпты. Долы қара есек дөрекі дауысымен жануарларға орынсыз ақыра береді...От туралы мақал-мәтелдер
От - арық, су - семіз. Сай қуалап су ағар, Жел қуалап от жанар....Ақымақ, ақымақтық туралы ұлағатты сөздер
Ақымақ кісіні мақтасаң, ақылынан айырылады. Ақылды кісіні мақтасаң – көп ойланады. Бауыржан Момышұлы Біреудің ақымақтығы бізді ақылды етпейді...."Ақсақ құлан, Жошы хан" (қазақ әдебиеті, 5-сынып)
Аты-жөні: Өтегенова Набия Төлегенқызы Туған жылы: 12.01.1985 ж. Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Мектебі: БҚО...Э.Распе "Китпен кездесу"
Аты-жөні: Өтегенова Набия Төлегенқызы. Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Мектебі: БҚО Казталов ауданы, Казталов...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.