Сайтқа кіру Тіркелу

Наурыз мейрамы

Ақмола облысы, Есіл ауданы,
Свободный орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Жүсіпова Тлектес Хамитқызы

Сабақтың тақырыбы: Наурыз мейрамы
Сабақтас құрмалас сөйлем сабақтың мақсаты: 1. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлерін пысықтау.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін, байқағыштық, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.
3. Қазақ халқының салт – дәстүрлерін сыйлай білуге, пәнге деген көзқарасты, білімге құштарлығын тәрбиелеу.
пайдаланылатын оқыту стратегиялары:
- ой шақыру
- топтастыру
- кубизм
- Венн диаграммасы
еркін жауап
түсініктеме күнделігі
пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих.
көрнекіліктер: суреттер, плакаттар, сызбалар, үлестірме қағаздар, түсті маркерлер.

Сабақ барысы:
- Балалар, қазір жылдың көктем мезгілі. Көгілдір көктем келіп, дүние жаңаша түрге бөленіп табиғатта тамаша әсемдігімен ддам жанып ыстық
сүйіспеншілікке бөлендіреді. Қазір біз «көктем» сөзіне ассоциация жасаймыз.
/ әр топтан 1 оқушы шығып оқиды /.
- Жарайды. Ал, балалар, қазақтар неліктен «көктем туды» деген?
/мал төлдейді, құстар балапандайды, гүлдер мен шөптер шығады, ағаштар жапырақтар жаяды, сайлар суға толады /.
- Көктем туралы қандай өлеңдер білесіңдер?
/ 2 – 3 оқушы жаттап алған өлеңдерін айтады /.
- Наурыз атымен байланысты қандай атауларды білесіңдер?
Наурыз күні – шығыс халқының мерекесі.
Наурыз айы – жылдың алғашқы айы.
Наурызнама – ойын – сауық, той.
Наурыз коже – мерекелік тағам.
Наурыз жыры – халық ауыз әдебиетінің бір саласы.
Наурыз жұмбақ – ақындар, қыз – жігіттер осы тақырыпқа ғана тән
құбылыстарды жұмбақтап, өлеңдетіп айтысын болды.
Наурыз тілек – достық көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің белгісі.
Наурыз көк – көктем құсы.
Наурызша – наурыз айында жүп - жүқа қар «Наурызда Самарқанның көк
тасы жібиді» әр адам бір қателігі болса, кешірім сұрайды.
Кубизм. Ал енді грамматиканы еске түсірейік. Сендер қазір 6 сұраққа жауап
бересіңдер. Кубиктің 6 жағы бар:
- суретте;
- салыстыр;
- зертте;
- қолдан;
- ұқсастығын тап;
- түрлерін ажырат.

Сұрақтар:
1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін атау.
2. Сабақтастықты және салаласты салыстыр.
3. Сөйлемдерді салыстыр: қарсылықты салаласты және қарсылықты
бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер.
4. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастықтың жасалу жолдарында кейбір жұрнақтардың басқа сабақтаста бар екеніне мысал келтір.
4. Қандай жалғаулық шылау сабақтаста да, салаласта да кездеседі?
5. Сабақтастардың түрлерін ажыратыңдар
/ кеспе қағаздар таратылады /.

Кемпір – шал тұзақ іздеп, бала шулар,
Мал мазатсып, қуанып, аунап – құжар.
/ Абай /

Жыршы құстар әуеде өлең айтып,
Қиқу салар көлдегі қаз бен қулар.
/Абай /

III. Жаңа сабақ
Сөздік жұмыс
Өлінің тірілген күні
Ауыртпалықтан құтылатын күн
Ұлттық тағылым
Жомарттық
Ізгілік – добро
Нышан
Сүр ет
Сергіп – взбодрясь
Шаттанып – радуясь.
Сөз тіркесін аударамыз:
Учить щедрости
Учить милосердию
Учить сплоченности
Символ Нового года
Национальный урок
День, когда избавляются от трудностей
День, когда все возраждается.

IV. Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді 5 бөлшекке бөліп, оқу, аудару, сұрақтар құрау.
Әр оқушы өз бөлшегін оқып, 2 сұрақ құрайды.
Өз тобына оқып, сұрақтарға жауап береді.
1. Наурыз қандай мейрам? – Шығыс елінің бүкіл халықтық мейрамы.
2. Қазақтар бұл күнді неліктен «Ұлыстың ұлы күні» деген?
- Өйткені бұл күн Шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің мерекесі ретінде тойланған.
3. Бұл мейрамның өзіне тән мерекелік тағамы қандай? – Наурыз көже.
4. Наурыз көже неше және қандай тағамдардан жасалады?
- 7 түлі тағамнан жасалады: су, ет, тұз, ұн, тары /құрт, бидай, жүгері / және сүт.
5. Наурыз көженің дәстүрлік мерекелік ұлттық тағылымы неде?
- Ол барлық адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа шақырады.
6. Сүт пен ет ненің нышаны? – Сүт – Жаңа жылдың нышаны болса, сүр ет - ескі жылдың белгісі.
7. Қазіргі уақытта адамдар Наурызды қалай тойлайды?
- Қазіргі Наурыз мерекесі орталық көшелерде, орталық паркінде,
алаңда тойланып, мыңдаған адам жиналады.

V. Жаттығу жұмысы: әр топ 1, 2, 3 абзацтан сабақтас құрмалас сөйлемдерді тауып, түрлерін анықтайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×