Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Машенова Гүлмира Қайырбекқызы
Қазақ тілі 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өздік етіс
Мақсаты:
Оқушылар етістерді түсінеді, өздік етіс не екенін біледі.
Оқушылардың ойлау қабілеті дамиды, сөйлем ішінен өздік етісті таба біледі.
Өз ойын дұрыс айтады.
Сабақ әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап;
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, кроссворд.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Бүгінгі күннің ретін жазу.
3. Сергіту сәті«Жүрек лебізі» ойыны. Оқушылар жүректің суретін бір - біріне ұсыну арқылы бір ауыз сөзбен ізгі тілектерін білдіреді.
Жаңа сабақ:
Қимылдың, іс - әрекеттің орындаушыға, яғни қимыл иесінің істелетін іске қатысын білдіру үшін белгілі бір қосымшалар арқылы жасалатын етістіктің түрі етіс деп аталады. Мысалы: Ол жуынды. Ол баласына кітап оқытты. деген сөйлемдерде жуу қимылы іс иесінің өзіне қарай бағыттылғанын, оқу іс - әрекеті тікелей қимыл иесі(ол) арқылы емес, екінші бір иесі арқылы орындалғандығын білдіріп, ол мағыналар түбірге
– ын,- т,- ыл,, ыс жұрнақтары арқылы берілген.
Етістер төрт түрге бөлінеді:
1. Өздік етіс
2. Өзгелік етіс
3. Ырықсыз етіс
4. Ортақ етіс
Болымсыз етістік жұрнағы етіс жұрнағынан кейін жалғанады: айт - қыз - ба, ки - ін - бе, сөйле - с - пе, т. б.
Өздік етіс деп - қимыл, іс әрекет орындаушысына, іс иесіне бағытталып, тікелей соған қатыстылығын білдіріп, әдетте сабақты етістіктерге - ын,- ін,- н жұрнағы жалғану арқылы жасалатын етістіктің түрін айтамыз. Мысалы: Таң атқанша тарандық (Махамбет). Оқушылар ерте тұрып, жуынды. Бала өзі киінді деген сөйлемдердегі тарану, жуыну, киіну қимылдары әрі белгілі бір иесі(орындаушы)- біз (тарандық), оқушылар (жуынды), бала (киінді) арқылы орындалғандығын, әрі қимыл сол иесіне бағытталғанын білдіріп тұр.
Жаттығумен жұмыс:
238 - жаттығу.
Қажетті жұрнақтарды жалғап, берілген сөздерден өздік етіс жасаңдар.
Ора - н - ды, көр - ін - ді, сез - ін - ді, жасыр - ын - ды, қара - н - ды, сыла - н - ды, тазала - н - ды, сүрт - ін - ді, ки - ін - ді, сал - ын - ды...
239 - жаттығу. Көшіріп жазып, өздік етістің астын сызыңдар.
Сүй - ін - ді, ки - ін - ген, ки - ін - іп, бу - ын - ып, түр - ін - іп.
240 - жаттығу. Өлеңді оқып, өздік етістердің қалай жасалғанына көңіл аударыңдар. Оларды мәтіннен теріп жазыңдар.
Көр - ін - ді, бүл - ін - ді, түй - ін - дік, тара - н - дық, қара - н - дық, ки - ін - іп, сый - ын - ып, без - ін - бей, ұр - ын - бай, тағ - ын - бай, жаста - н - бай, баста - н - бай...
Сабақты бекіту:
1. Етістің түрлерін ата.
2. Өздік етістің жұрнақтарын ата.
3. Мысал келтір.
Қорытындылау.
Үйге тапсырма.
Толық нұсқасын жүктеу
Өздік етіс
- gulmira_nurlan
- 18 ақпан 2019
- 7622
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Өздік етіс, қазақ тілінен сабақ 6 сынып, етістер
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ тілі 6 сынып. Ырықсыз етіс
а) білімділік: оқушыларға етістер, олардың түрлері, ырықсыз етіс болып бөлінетіндігі жайлы толық мәлімет беру....Етістік
Іс - әрекеттің жүзеге асу, аспауына байланысты болымды, болымсыз деп аталады....Ортақ етіс
Етістің басқа түрлерін еске түсіре отырып, түрлі тапсырмалар арқылы ортақ етіс туралы түсіндіру Жалпы етістіктің түрі етістер туралы білімдерін...Спорт жеңімпаздары
Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: етістің түрлерін, реттік сан есімнің жасалу жолдарын қалай меңгергендерін бақылау, мысалдар арқылы бекіту....Тұйық етістік, емлесі
Қызылорда қаласы, "Казрис" негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Пірімова Әсем Әбдірахманқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.