Сайтқа кіру Тіркелу

Лепті сөйлем

Щучинск қаласы,
№ 1 мектеп - гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Абилкасимова А.Н.

Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем
Сабақтың мақсаты: Лепті сөйлем жайында білім беру; көңіл – күйге байланысты айтылатын сөйлемдерді басқа сөйлемдерден ажырата білуге үйрету; жазу сауаттылықтарын қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы лепті сөйлемдерді басқа сөйлем түрлерінен ажырата білуге үйрету. Сөйлемдерді салыстырып, айырмашылығын дәлелдей білуге баулу.
Оқушыларды тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге дағдыландыру. Оқушылардың сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Оқушыларды адамгершілікке, достыққа, ұқыптылыққа баулу. Эстетикалық талғамдарын арттыру. Көркем, әрі сауатты жазуға баулу.
Көрнекілігі: сызбалар, сөздер, аққала бөліктері, смайликтер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Психологиялық кезең
ІІІ. Өткенді қайталау.
Сабақ барысында оқушыларға жауаптары үшін смайликтер беріледі. Сол арқылы бағаланады.
«Сөйлем» сөзіне топтастыру жұмысы
Сөйлем

аяқталған ойды білдіреді
сөздерден құралады
сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады
бірінші сөзі бас әріппен басталып жазылады
соңынан тыныс белгісі қойылады
хабарлы, сұраулы, лепті

ІҮ. Жаңа сабақ

Ойын «Сәйкестендір»
Өкіну -------------- Сүйікті менің Қазақстаным жасасын!
Армандау -------- Қап, бақшаның есігін жауып қоймағаным - ай!
Бұйрық ----------- Қане, күнделігіңді берші!
Ұрандату --------- Шіркін, айға самғап ұшсам ғой!

Ү. Оқулықпен жұмыс
1 - жаттығу.
Сурет астында жазылған сөйлемдерді салыстырып оқы. Сөйлем түрлеріне қарай ажырат.

Хабарлы сөйлем: Әкем жұмыстан келді. Ағаш жапырақтары әдемі болып сарғайған. Мақсат, бері келші.
Лепті сөйлем: Алақай, Астанадан әкем келді! Қуану. Жапырақтар қандай әдемі болып сарғайған! Таңдану. Мақсат, бері кел! Бұйрық.

ҮІ. Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу минуты.
Қазақстан, қонақ сөздері жазылады.

Тақтада орындалады.
2 - жаттығу. Сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгісін қойып жаз.
Менің Отаным күн шұғылалы Қазақстан! Отанымыздың даңқы арта берсін! Көл жағасы қандай керемет! Біздің міндетіміз жақсы оқу! Ертеңгілік тамаша өтті!

Сергіту сәті. «Көңілді үйректер» биі.
ҮІІ. Ойын. «Адасқан сөздер»
1 қатар берілген сөздерді дұрыс қойып, сөйлем құрап жазады.
2 қатар хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырады.
3 қатар сұраулы сөйлемді лепті сөйлемге айналдырып жазады.

Бүгін ауа райы жақсы екен. Бүгін ауа райы жақсы ма екен? Ауа райы қандай жақсы!
Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілген. (Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілген бе?
Алақай, мектеп ауласына әдемі гүлдер егілді!)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×