Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз туған жерін, кең – байтақ жерінің байлығы туралы дамытушылық білімдерін жетілдіру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік. өз өлкеміз Солтүстік Қазақстан өңіріне оқушылардың зейін мен назарын аудартып, қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын арттыру;
Дамытушылық. Оқушылардың салыстыра ойлау, зейін қойып, түйіндеме арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік. Табиғатымызды аялауға, оны қорғауға, туған елін, жерін сүюге, құрметтеуге, Отанына ерен еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі; түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, ой қозғау.
Сабақ көрнекіліктері: үйлестірме қағаздар, оқулық, презентация
Сабақ байланысы: Қазақстан тарихы, география, қазақ әдебиеті
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру:
Амандасу:
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық.
Бір жадырап қалайық!
ІІ. Жаңа сабақ:
ІІ. 1. Тақырыппен таныстыру үшін сұрақтар қою:
1. Біз қай Республикасында тұрамыз? (Қазақстан)
2. Қазақстан астанасы қай қала? (Астана)
3. Қазақстанның Президенті кім? (Н. Назарбаев)
4. Сен қай облыстарда тұрасың? (Солтүстік Қазақстан)
5. Біздің облыс орталығы қай қала? (Петропавл)
6. Петропавл қаласының ежелгі атауы? (Қызылжар)
7. Петропавл қандай қала? (алған әсерлерін әңгімелейді)
ІІ. 2. Мәтінмен жұмыс:
А). Сөздік жұмысы:
• Солтүстік – северный
• Тұрамын – живу
• қақпасы - ворота
• Іспетті – сияқты – как
• Табиғат – природа
• Есіл өзені – река Ишим
• Өңір - край
• Қайың – береза
• Терек - тополь
• Тоғай – роща
• Орталық – центр
• Қаланған – образован
• Қаламгерлер – писатели
Ә). Мәтінді оқып, түсіну.
Мен Солтүстік Қазақстан облысында тұрамын. Солтүстік Қазақстан облысы - Республиканың “солтүстік қақпасы” іспетті. Біздің облысымыз Қазақстанның Қостанай, Ақмола және Ресей Федерациясымен шекаралас.
Біздің облысымыздың табиғаты бай. Есіл – осы өңірдің ең үлкен өзені. Облысымыздың көп жерін орманды алқап алып жатыр. Оларда негізінен қайың, терек, тоғай ағаштары өседі. Сондықтан облысымызды көбінесе “ақ қайыңды” өлке деп атайды.
Солтүстік Қазақстан облысының орталығы – Петропавл қаласы. Ол 1752 жылы қаланған. Біздің облысымызда 13 аудан бар.
Солтүстік Қазақстан облысы: Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Иван Шухов сияқты қаламгерлердің отаны.
Б) Сұрақтарға жауап беру:
--- Мәтінде не туралы айтылған?
--- Мәтіннен “облыс” түбірі бар сөздерді атап беріңдер.
--- Сол сөздерде қандай септік жалғаулары бар?
ІІІ. Дәптермен жұмыс:
ІІІ. 1. Септіктерді қайталау,
1. Атау септігі (кім? не?)
2. Ілік септігі (кімнің? ненің?)
3. Барыс септігі (кімге? не?)
4. Табыс септігі (кімді? нені?)
5. Жатыс септігі (кімде? неде?)
6. Шығыс септігі (кімнен? неден?)
7. Көмектес септігі (кіммен? немен?)
ІІІ. 2. «Өлке», «қайың» сөздерін септеңдер:
ІҮ. Мақал - мәтелдермен жұмыс:
1. Сөзжұмбақты шешіп, осы сөзге мақалды толықтыр:
О
Т
А
Н
1.... инемен құдық қазғандай.
2. Қатты зат
3. Қымбат жан
4. Ас атасы
2. Мақалдарды оқып, түсіндір:
1. Отан оттан да ыстық.
2. Отан отбасынан басталады.
3. Отан үшін отқа түс күймейсің.
4. Отансыз адам болмас, ормансыз бұлбұл болмас.
5. Отан үшін күрес, ерге тиген үлес
6. Отаның берік болса жауың алмайды
7. Опасызда Отан жоқ
8. Отан нышаны отбасы
9. Отан елім өз халқым.
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы
- Valeeva
- 18 қаңтар 2016
- 2806
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қазақ тілінен сабақ жоспары, Петропавл қаласы
Ұқсас жаңалықтар:
Отан оттан да ыстық
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылы №49 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдиева Бибігүл Аманбайқызы...Менің Отаным- Тәуелсіз Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан...Қазақстан – менің Отаным. Шығыс септік
4 - сынып Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – менің Отаным Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасы туралы мағлұмат беру, шығыс...Солтүстік Қазақстан өңірінің ғажайып табиғаты
Петрпавл қаласы, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп - кешені Мұхамеджанова Гүлнұр Абайқызы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп – кешені 5-сынып Сабақтың...«Туған жерім – Қазақстан»
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С Тақырыбы: «Туған жерім – Қазақстан» ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.