Сайтқа кіру Тіркелу

Марқакөл - ел мақтанышы

Сабақтың тақырыбы: Марқакөл – ел мақтанышы
Мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларды тестік материал жұмысының дағдысына қалыптастырып, мақалдардың мағыналарын анықтап, сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз, бірыңғай мүшелерін талдауға қызықтыра отырып, біліктілігі мен білімін қорытындылау.
Қазақ тілінің байлығын, ой тереңдігін мақал - мәтелдер арқылы көрсету.
Дамытушылық: тақырыпқа байланысты жағдай туғызу, сұхбаттың, яғни екі аралық жеке ой - пікірге алмасуын дамыту.
Тәрбиелік: Отанының жер байлығымен, еліне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, видео, тест, кәртішке.
Әдіс - тәсілдер: пікір алмасу, сұрақ - жауап, тест, іздену.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, әдебиет.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
ІІ. Мұғалімнің сөзі.
Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше.
Тәуелсіздіктің 20 жұлдызды күн аясында, 14 желтоқсан «Мемлекеттік тілге» арналған.
ІІІ. Сұрақ – жауап.
- Еліміздің мемлекеттік тілі қай тіл?
- Сен қай Республикада тұрасың?
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алған?
- Мемлекетіміз қай жерде орналасқан?
- Мемлекетіміз неге бай? (өзен - көлге, тау, орман, тоғай, пайдалы қазбаларға, қорықтарға)
- «Қорық» сөзі орыс тіліне қалай аударылады?
- Қазақстанда неше қорық бар?

Бүгін ҚР - сы байлықтарының бірі – Марқакөл қорығына тоқтаймыз.
Дәптерге бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын жазыңдар.
(интертақта)
ІV. Жаңа сабақ
1. Сөздік жұмысы (тақтада)
Мәтінмен жұмыс істер алдында сөздік жұмысы
(Мұғ. оқиды, оқушылар)
2. Мәтінмен жұмыс
М.: Мәтінді оқиды (тақтада видео, 5 мин. өткен соң мәтінді оқу)
? Бұл мәтінде не туралы? (орыс тілінде)
Мәтінді бір сөйлемнен оқу.

Деңгейлік тапсырма:
І. Мәтін бойынша
Тапсырма: сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтаңдар (тақтада)

ІІ. Лексикалық тақырыптарға байланысты әр топ сұхбат
құрастырады
1 - топ Марқакөл көлі туралы
2 - топ Түркістан туралы
3 - топ Ұлылар елі

ІІІ. Грамматикалық жұмыс
Тапсырма: әр топқа кәртішкелер таратылады

№ 1 - кәртішке
1. Бастауыш пен баяндауышты табыңдар. Олардың арасына тыныс белгісін қойыңдар.
а) Оның суы тұщы.
ә) Көлдің суы көгілдір.
2. Сөйлемдерде толықтауышты анықтаңдар.
а) Осы жерді мемлекет арнайы қорық ретінде қамқорлығына алған.
ә) Тамаша байлықтарын ұрпаққа сақтап қалу.

№ 2 – кәртішке
1. Бастауыш пен баяндауышты табыңдар. Сызықшаның қоюын түсіндіріңдер.
А) Қазақстанның шығысында кездесетін табиғат тартуының бірі – Марқакөл.
Ә) Келешек ұрпақ үшін сақтап қалу – біздің міндетіміз.
2. Сөйлемдерде анықтауышты табыңдар.
А) Таңғажайып табиғаты бар ел.
Ә) Бұл өңірде көптеген жануарлар мен құстардың түрлері кездеседі.

№ 3 – кәртішке
1. Сөйлемдерге сипаттама беріңдер. Синтаксистік талдау жасаңдар.
А) Таулы аумақтарының табиғаты аса сұлу.
Ә) Қорықта көптеген орман, тоғайлар бар.
2. Сөйлемдерде пысықтауышты анықтаңдар.
А) Марқакөлде балықшы, ұлар, аққу, тырна сияқты құстар бар.
Ә) Мұнда көп аңдар қорғауға алынған.

ІV. Тестік жұмыс
Тапсырма: оқушылар жұмыстарымен алмасып, бірін - бірі бағалайды.
(жауабы мен өлшемдері тақтада)

V. Қазақ халқының мақал – мәтелдері
1. Отан елдің анасы,... (ел – ердің анасы).
2. Отанды сүю... (отбасынан басталады).
3. Отанын сүйген отқа жанбайды,... (суға батпайды).

4. Туған жердің... (жуасы да тәтті).
5. Туған жердің жері де көрікті,... (елі де сүйікті).
6. Туған жердей жер болмас,.... ( туған елдей ел болмас).

7. Еліңді сүйсең,... (ерлік істейсің).
8. Ел үмітін ер ақтар,... (ер атағын ел сақтар).
9. Отан үшін отқа түс, күймейсің,... (Арың үшін алыссаң, өлмейсің).

VІ. Бағалау
VІІ. Үй жұмысы: шағын шығарма « Марқакөл қорығының бүгінгі
жағдайы қалай?»
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×