Павлодар облысы, Екібастұз қаласы,
Солнечный поселкесі, № 28 Абай атындағы жалпы
орта білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Абилгаламова Айжан Кенжеханқызы
Қазақ тілі пәнінен 5 «А» сыныбына арналған жалпы аттестаттау емтихан материалдарына аннотация.
Қазақ тілі пәнінен 5 сыныпқа арналған қорытынды аттестаттау емтиханы ауызша ұйымдастырылған. Емтихан материалдары 25 билеттен тұрады. Әр билет 3 сұрақтан оның 2 - еуі теориялық, 1 - еуі практикалық сұрақтан тұрады. Тапсырма мемлекеттік стандарт бойынша: Лексика, Фонетика, Сөзжасам тараулары қамтылған. Сондай - ақ қазақ тілінің тереңдетілген бағдарламасының оқу материалдарына негізделіп құрылды.
Бағалау критерилері: билеттегі үш сұрақтың біреуіне дұрыс жауап берілсе -«3» бағасы қойылады, екі сұраққа дұрыс жауап берілсе –«4» бағасы қойылады, барлық тапсырма дұрыс орындалса - «5» бағасы қойылады.
Қазақ тілі пәніне арналған емтихан билеттері
5 - сынып
№1 билет
1. Лексика нені зерттейтін ғылым?
2. Сөздердің тура және ауыспалы мағынасы.
3. Берілген сөзден лексикалық мағынасы бар сөздер құрап жаз:
жазба, саналы, мейірім, келешек, достық.
№2 билет
1. Көп мағыналы сөздер.
2. Омонимдер. Анықтамасы, мысал келтір
3. Алтын, маржан, шырын сөздердің ауыспалы мағынада қолданып, сөз тіркесін құра.
№3 билет
1. Синонимдер. Анықтамасы, мысал келтір
2. Антонимдер. Анықтамасы, мысал келтір
3. Берілген омоним сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жаз: жүз, жар, қол, қой, сабақ.
№4 билет
1. Табу. Анықтамасы, мысал келтір
2. Эвфемизм, дисфемизм. Анықтамасы, мысал келтір
3. Биік, ашық, жаңа, сұлу, жас сөздеріне әр түрлі қолданыста бірнеше антоним тауып жаз.
№5 билет
1. Тұрақты тіркестер. Анықтамасы, мысал келтір
2. Мақал - мәтелдер туралы айт.
3. Төмендегі сөздерді эвфемизммен ауыстырып жаз: ұры, өсекші, боқмұрын, саңырау, соқыр, топас, мылқау.
№6 билет
1. Сөздік қор туралы айт.
2. Көнерген сөздер, оның түрлері. Анықтамасы, мысал келтір
3. Алыс, жуас, жас, сөзшең сөздерінің тұрақты тіркес түрінде синонимдері мен антонимдерін тап.
№ 7 билет
1. Қазақ тілінің сөздік құрамы
2. Жаңа сөздер. Мысал келтір.
3. Әр тақырыпта мақал - мәтелдерден мысал келтір.
№ 8 билет
1. Жалпылама лексика. Анықтамасы, мысал келтір.
2. Кірме сөздер. Анықтамасы, мысал келтір.
3. «Ғылым» сөзіне фонетикалық талдау.
№ 9 билет
1. Диалект сөздер. Анықтамасы, мысал келтір.
2. Кәсіби сөздер. Анықтамасы. Оның түрлері.
3. Берілген сөздердің әдеби тілдегі баламаларын тап: бәдірен, сым, атыз, тұқым, секер.
№10 билет
1. Термин сөздер. Анықтамасы. Оның түрлері.
2. Фонетика нені зерттейді?
3. «Кітап» сөзіне фонетикалық талдау жаса.
№11 билет
1. Қазақ әліпбиі туралы айт.
2. Дауысты дыбыстардың жіктелуі.
3. Менің бір жолдасым бар. Осы сөйлемдегі ашық және қысаң дауысты дыбыстарды бөліп жаз.
№12 билет
1. Дауыссыз дыбыстар. Оның түрлері.
2. Буын. Оның түрлері. Мысал келтір.
3. Алма апортының өзіндік тарихы бар. Осы сөйлемдегі дауыссыз дыбыстарды қатаң, ұяң, үнді түрлеріне қарай бөліп жаз.
№13 билет
1. Буын. Оның түрлері. Мысал келтір.
2. Тасымал.
3. Көкжиекке, ағараңдап деген сөздерді буынға бөліп, түрлерін көрсет.
№14 билет
1. Үндестік заңы. Оның түрлері. Мысал келтір.
2. Орфоэпия, орфография туралы айт.
3. Жапонияда жер жиі сілкінеді. Осы сөйлемнен жуан және жіңішке, аралас буынды сөздерді бөліп жаз.
№15 билет
1. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар туралы айт.
2. Екпін. Оның түрлері.
3. Чех, тарих, полюс, хирург сөздеріне қосымша жалғап жаз.
№16 билет
1. Сөз екпіні. Анықтамасы, мысал келтір.
2. Ашық буын туралы айт.
3. «Сынып» сөзіне фонетикалық талдау жаса.
№17 билет
1. Ой екпіні туралы айт.
2. Тұйық буын. Мысал келтір.
3. Бірде Әбу Насыр әл Фараби әмір сарайына барыпты. Осы сөйлемнен тұрлаулы мүшелерді тап.
№18 билет
1. Тіркес екпіні туралы айт.
2. Бітеу буын. Мысал келтір.
3. Сарайдағы әкімдер, ғалымдар, өнерпаздар көп жиналған екен. Осы сөйлемнен түбір мен қосымшаны ажырат.
№19 билет
1. Дыбыс екпіні.
2. Буын үндестігі. Анықтамасы. Мысал келтір.
3. Бесік, тарақ, сабақ, доп, қап сөздеріне қосымша жалғап қандай өзгерістерге түскенін айт.
№ 20 билет
1. Дыбыс үндестігі, ілгерінді ықпал. Мысал келтір.
2. Сөзжасам туралы айт.
3. Төмендегі сөздерді айтылуы бойынша жаз: бозша торғай, жүріскер, жүрек жұту, қаз табан, қайнар көз.
№ 21 билет
1. Дыбыс үндестігі, кейінді ықпал. Мысал келтір.
2. Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер.
3. Ата - бабаларымыз мал қамымен Арқадан Атырауға дейін көшіп, қонып жүре береді екен. Осы сөйлемдегі жалқы есімнің астын сыз.
№22 билет
1. Жұрнақтар жалғанған туынды сөздер. Мысал келтір.
2. Қысаң дауыстылардың жасалуы.
3. «Сәуле» сөзіне фонетикалық талдау.
№23 билет
1. Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер. Мысал келтір.
2. Ашық дауыстылардың жазылуы.
3.«Жайлау» сөзіне фонетикалық талдау.
№24 билет
1. Тіркесу жолымен жасалған туынды сөздер. Мысал келтір.
2. Қатаң дауыссыздардың жасалуы.
3. Берілген сөздерге жұп дауыссыздардың (б - п) тиістісін жаз:.... айдасыз,... аласыз, са... ар, қа... ылда.
№25 билет
1. Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздер. Мысал келтір.
2. Ұяң дауыссыздардың жасалу жолдары.
3. Жұрнақ арқылы бірнеше туынды сөздер жаса: сүз, көр, тас, өр, әдеп, жас, сан.
Емтихан сұрақтары
- Ильяс
- 18 қараша 2015
- 12466
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Фонетика, лексика и фразеология, емтихан сұрақтары
Ұқсас жаңалықтар:
Тіл жанашырлары
І топ 1. Дауысты дыбыстар саны қанша? 2. Буынның неше түрі бар? 3. Орфография нені зерттейді? 4. Дисфемизм дегеніміз не?...Я әрпінің жазылуы
«Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» ММ - сі Бастауыш сынып мұғалімі А. Абенова...Түбірлес сөздермен жұмыс жүргізу
Ақтөбе қаласы №32 мектеп – гимназияның бастауыш сынып мұғалімі: Ахметова Элеонора Дузжасаровна...Кім білгір?
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Жосалы кенті, № 105 орта мектеп Ж. Қаналиева...Я әрпінің жазылуы
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанғалиева Күнсұлу Сәменқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.