Өткізген: Айтжанова Қ. Ғ
Сабақтың тақырыбы: Атақты күйшілер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлы күйшілердің өмірі және шығармашылығымен таныстыру, тақырып аясында еркін сөйлей білуге жағдай жасау, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Өз пікірлерін еркін, жүйелі жеткізуге, ауызекі сөйлеу тілдерін дамытуға жағдай жасау, танымдық қызығушылықтарын арттыру, оқу, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: қазақ күй өнері шеберлерінің өмірін, өнер жолын үлгі етуге, бірлесіп жұмыс істеу арқылы ұйымдастырушылыққа, жауапкершілікке, бірін - бірі тыңдауға, сыйлауға және тұлғалық қабілеттерін дамытуға тәрбиелеу
Сабақтың әдіс - тәсілі: әңгімелеу, сұрақ - жауап
Сабақ түрі: танымдық сабақ
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті.
Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайд
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
а/ Сыныппен амандасу.
Оқушыларды сабақтың мақсатымен түсіндіру.
- Балалар, бүгін біздің сабағымыз атақты күйшілерге арналады. Ең алдымен біз үш топқа бөлініп алайық.
І топ «Құрманғазы» ІІ топ «Дина» III топ «Дәулеткерей»
І кезең: «Ой қозғау стратегиясы»
Міндеті: оқушылардың танымдық қызметінің мотивациясын қалыптастыру.
Атқарылатын жұмыс түрі: ойқозғау салу.
Мұғалім сөзі: - Балалар, қазір біз Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдаймыз.
І топ - Күй деген не? (слайд)
- Күй – көне музыкалық шығарма, өнер туындысы, әуен, саз, ұлттық мұра,
ІІ топ - Күйде не туралы айтылады? (слайд)
- Күйде қазақ халқының тұрмысы, өмір - тіршілігі жайында айтылады.
III топ - Қандай күйшілерді білесіңдер? (слайд)
- Қорқыт ата, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нүрпейісова, Тәттімбет Қазанғапұлы, Кенен Әзірбаев, Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Ахмет Жұбанов сияқты композиторлар мен күйшілер көп болған (слайдтан фото көрсету).
I топ - Күйлер осы заманға дейін қалай сақталған?
- Олар ауыздан ауызға көшіп, біздің заманымызға жеткен.
II топ - Күйді шығарған кімдер?
- Күйді шығарған күйшілер.
ІІІ. Жаңа сабақ. Атақты күйшілер Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы мен Дина Нұрпейісова.
Күй - қазақ халқының ұлттық өнері, сөзсіз қуаныш пен қайғыны күй арқылы жеткізе білген. Күй өнері – қазақ халқының ең басты рухани байлығының, жан дүние байлығының ең бір киелі, қасиетті түрі. Иә, күй – қосыла алмай шерменде боп өткен қос жүректің өкініш пен өксікке толы үздіккен үні, қайғы - қасіретке душар болса, зары мен мұңының, азаттық пен еркіндік (тәуелсіздік, егемендік емес) үшін қан кешіп, жан беріп, жан алысқан арпалысқа толы сәттерінің ең шебер, ең бір сырлы шежірешісі болып келген еді.
Иә, күйді қазақтың екінші тілі десе де болады.
Күй – махаббат, күй құлдықтың зары мен мұңы, азаттықтың, еркіндіктің жаршысы. Күй бірде «Сарыжайлаудың» салқын сабат, жасыл жазирасы болып көсілсе, бірде «Сылқылдақ» болып үкісі бұлғаңдаған бұраңбел бойжеткендей сылаң қағып шыға келеді. Ал небір от ауызды, орақ тілді шешен, ділмарлар, Шыңғыс ханға баласы Жошының өлімін естіртуге тілі жетпегенде «ақсақ құлан шошыған, хан ием - ау, хан ием, түсінбейсің бе осыған» деп естіртіп берген де «Ақсақ құлан» күйі еді ғой.
«Көрнекілік» стратегиясы
Компьютер слайды бойынша суреттер көрсету.
І топ – Күй анасы - Дина
ІІ топ – Күй атасы – Құрманғазы
III топ - Күй атасы Дәулеткерей
Күй анасы - Дина.
Атақты күйші, композитор Дина Нүрпейісова 1861 жылы қазіргі Орал облысы, Жаңақала ауданы, Бекетай құмында, қарапайым шаруаның отбасында туған. Әкесінің аты Кенже болған. Ол Динаны бала кезінен бетінен қақпай еркін өсірген. Динаның музыкаға деген зеректігі өте байқалған. Ол жеті – сегіз жасында қолына домбыра ұстайды. Тоғыз жасында Құрманғазымен танысады. Дина өз заманының белгілі күйшілерімен кездеседі. Олар: Ұзақ, Түркеш, Көкбала және т. б. Осы күйшілердің шығармаларымен танысады. Дина бұл күйшілерден Дәулеткерейдің күйлерін үйренген. 1888 жылы Құрманғазы Динаға: «Менің күйлерімді кейінгі ұрпаққа жеткіз», - деп өз домбырасын ұсынған. Дина ұстазының өсиетін орындады. Динаның кең тараған күйлері: «Әсем қоңыр», «Той бастар», «Жеңіс», «Ана бұйрығы», «Бұлбұл», т. б. 1945 жылы Дина Қазақ КСР - нің Халық артисі атағы берілді. Күйші 1955 жылы 31 қаңтарда 94 жасында Алматы қаласында қайтыс болды.
Күй атасы – Құрманғазы
Құрманғазы Сағырбайұлы – қазақтың күйші, композиторы, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің классигі. Күйші қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Жиделіде туған. Атақты күйшілерден күйлерінің мазмұны туралы әртүрлі әңгіме тыңдаған. Құрманғазының алғашқы ұстазы – белгілі күйші Ұзақ болған. Ұзақпен бірге ел аралап, домбырашылық өнерін жетілдірген, өнер сайысына түскен. Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі – «Кішкентай». Одан кейін «Ақ бай», «Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Адай», т. б. күйлерін шығарған. Күйші Астрахан облысының Володар ауданындағы Алтынжар ауылында қайтыс болған. Сол жерде ескерткіш орнатылған және мұражайы ашылған.
Күй атасы - Дәулеткерей
Дәулеткерей Шығайұлы 1820 жылдар шамасында қазіргі Орал облысының Орда ауданында ауқатты отбасында дүниеге келген. Әкесі Шығай да, Бөкей ордасының ханы Жәңгір де оны бала жасынан ел билеуге, төрелік салтанат құруға тәрбиелеген. Алғашқы уақытта ол сол елдегі жеке - жеке руларды басқарып көреді. Бірақ билікте жүрген адамның амалсыздан қатігез болатынын ол нәзік жүрегімен ерте түсінеді. Туысы Жәңгір ханның қарапайым қазақтардың жерін тартып алып, шұрайлы, өзен - сулы жайылымдарды, қыстауларды кең даламызға бойлай еніп келе жатқан орыс отаршылдарына беруі Дәулеткерейдің де ызасын келтірген. Тікелей қатыспаса да XIX ғасырдың орта тұсындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне тілектес болған деген дерек те бар. Мұны оның "Жігер" атты күйінен байқауға болады.
VIІ. Бекіту.
Динаның «Өттің дәурен» күйін тыңдаймыз
Естіген музыка қай жанрға жатады? (күйге)
Күй деген не? (музыкалық шығарма)
Күйді шығарушы кім? (адам, күйші)
Кімнің күйі деп ойлайсыңдар? (Құрманғазы)
Күйдің мәтіні бар ма? (Жоқ)
Әннен айырмашылығы қандай? (Әнде мәтіні бар, ал күйде - жоқ)
Ибескенова Ақнұрдың орындауында Дәулеткерейдің «Түрікмен» күйіне құлақ салайық
Сабақты қорытындылау
- Балалар, біз бүгін сабақта не білдік?
- Қазақ күйшілері туралы көп мағлұмат алдық.
- Мұны біздің білуіміз керек пе екен?
- Әрине, өнерлі адамдардың өмір жолы біз үшін үлгі - өнеге.
Қазақ халқының күйшілері
- kima-aitzhanova
- 17 қараша 2015
- 44265
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Атақты күйшілер, музыка пәні, қазақ тілі пәні
Ұқсас жаңалықтар:
Дина «Тойбастар»
Дина Нұрпейісова 1861 жылы Орал облысы Жаңақала ауданында дүниеге келген. Қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, күйші - композитор....Нағыз қазақ, қазақ емес. Нағыз қазақ – домбыра!
Жезқазған қаласы, «№21 Жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Ғылыми - зерттеу жұмысымен айналысушы: 1«В» сынып оқушысы Әшір Балжан Жамбылқызы Ғылыми...Құрманғазы, Дина-қазақтың ұлы күйшілері
Атырау қаласының Мектептен тыс жұмыс орталығы Домбыра мұғалімі Сарсенғалиева Айзада Хайратқызы...Құрманғазы Сағырбайұлы
Шымкент қаласы № 72 жалпы орта мектеп Музыка пәнінің мұғалімі: Жунисова Нурсауле Кенжеевна...Ә.Сәрсенбаев «Халыққа жеткіз күйімді»
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Тасшағыл орта мектебінің 3 сынып мұғалімі, бастауыш әдіс бірлестігінің жетекшісі Молдағалиева Бақтыгүл Тыныштыққызы ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.