Сабақтың тақырыбы: Қазақ балалар әдебиетінің жазушылары
Сабақтың мақсаты:
Өткен модуль бойынша алған білімдерін жинақтап, пысықтай отырып, қорытындылау.
Міндеттері:
Балалардың ойлау әрекетінің әр түрлі біліктілігін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту, ауызекі сөйлеуге, ауызша да, жазбаша да тіл мәдениеттерін дамыту.
Оқушының тiлiн дамыту, ой - өрiсiн кеңейту, шығармашылыққа жетелеу;
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер:
Сұрақ - жауап, әңгімелеу, қайталау, талдау
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивті тақта, кластерлер, семантикалық карталар, кеспе қағаздар, Мұқағали Мақатаевтың «Есіңе мені алғайсың» әні жазылған диск
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Оқушылармен сәлемдесу;
2) Оқушыларды түгендеу;
3) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Тіл дамыту кезеңі.
ІІІ. Үй тапсырмасын қайталау.
Мұғалімнің сөзі: Балалар, біз «Қазақ балалар әдебиетінің жазушылары» модулін аяқтағалы отырмыз. Ертең осы модульдегі соңғы сабақ «Тест. Ақын - жазушылар». Содан соң жаңа модульге көшеміз. Бүгін сабақта біз өткен қазақ балалар әдебиетінің жазушыларын еске түсіріп, тақтадағы кластерлерге сүйене отырып, қысқаша өмірбаяндарына тоқталамыз.
Қане, қандай қазақ балалар әдебиетінің жазушыларын білесіңдер?
Ал, балалар, біз өткен қазақ балалар әдебиетінің жазушыларын есімізге түсіріп, қайталап шықтық. Жақсы, жарайсыңдар! Енді осыған байланысты бірнеше тапсырмалар орындаймыз. Интерактивті тақтада берілген тапсырмаларды орындаймыз.
1 - тапсырма: Сол жақтағы жазушылардың аты - жөніне оң жақтағы шығармалардың қайсысы жататынын стрелкамен көрсетіп, белгілеу.
2 - тапсырма: Сөйлемдегі етістіктің орнын толықтыру. 1. Ол К. Чуковскийдің, Ю. Березиннің, А. Суриковтың, кейбір шығармаларын қазақ тіліне …. 2. Ол қазақ балалары оқитын мектептер ашуды....
3. Ташкентте балалар үйінде....
4. Жазушының сценарийі бойынша «Менің атым - Қожа» фильмі....
5. Ұлы Отан соғысына.... Керекті сөздер: түсірілген, тәрбиеленді, қатысқан, аударған, армандайды.
3 - тапсырма: Сөйлемдердің дұрыс, бұрысын ажырату.
Енді біз осы модульда өткен грамматикалық тақырыптарды қайталаймыз. Біз 9 сөз табының ішіндегі жетеуін өткенбіз. Сол 7 сөз табына мен әрбіреуіне семантикалық карталар дайындап әкелдім. Қазір сол семантикалық картада берілген 2 - 3 сөзді ғана талдап, белгілейміз. Әр картаға мен қай сөз табы екенін жазған жоқпын. Сендер түрлеріне қарап, қай сөз табы екенін табу керексіңдер.
Қазір, балалар, кеспе қағаздармен жұмыс жасағанша, басқаларымыз өткен ақын - жазушыларымыздың ішіндегі Мұқағали Мақатаевтың «Есіңе мені алғайсың» әнін тыңдаймыз.
Ал, енді уақыт аяқталды әрбір оқушы өздеріне келген кеспе қағаздардағы тапсырмаларды оқып беріңдер, басқаларымыз тексеріп отырамыз. Қателерін табамыз.
Бүгін біз сөз таптарын қайталадық, соған байланысты сөзжұмбақты шешеміз, шешкенде ортасында біз өткен бір сөз табы шығу керек.
Сабақты қорытындылау:
1. Қазақ балалар әдебиетінің қандай жазушыларың білесіңдер?
2. Ыбырай Алтынсарин қашан, қайда туған?
3. Бауыржан Момышұлы кім?
4. Қай жазушы Парламент Сенатының депутаты?
5. Кімнің өлеңдеріне Н. Тілендиев, Ш. Қалдаяқов, А. Қоразбаев т. б. сазгерлер ән жазды?
6. Қай жазушының сценарийі бойынша “Менің атым – Қожа” фильмі түсірілген?
7. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? Олар қандай?
Үйге тапсырма:
Сөз таптарын қайталап, “Ақын - жазушылар” тестіне дайындалып келу
Оқушылардың білімін бағалау.
Қазақ балалар әдебиетінің жазушылары
- Назия
- 12 қараша 2015
- 3424
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ыбырай Алтынсарин, балалар жазушылары
Ұқсас жаңалықтар:
Зат есімнің жекеше, көпше түрі
Оқушыларға жекеше түрдегі зат есімдерді, көпше түріне айналдыра білуге үйрету Сабақта алған білімін жаңа сабаққа байланысты берілген тапсырмаларды...Нысандар жиыны
Сарқан қаласы, Ақын Сара атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Асель Данияровна Адамбекова...Сөз таптары (қайталау сабағы)
Мақсаты: а) Өткен сөз таптарын еске түсіріп, алған білімдерін кеңейту. Сөз таптарын сөйлем ішінен тауып, оған сұрақ қоя білуге үйрету, сауатты жазуға...Сөз таптары
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Шатенова Сафура...Дара және күрделі сын есім. Білімді тиянақтау
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Северный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Жулдызай Султангалиевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.