Сайтқа кіру Тіркелу

Сөз таптарының бірі етістік туралы мағлұмат беру

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Молдахметова Ұлған

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Етістік 1 - 6 жаттығу
Жалпы мақсаты: Сөз таптарының бірі етістік туралы мағлұмат беру.
Тапсырмаларды орындау арқылы зат есімнің қимыл іс - әрекеті болатын сөздерді тауып, оған сұрақ қоя білуге үйрету.
Бір-бірінің пікірімен санаса білуге үйрену.
Күтілетін нәтиже: Сөз таптарының бірі етістік туралы білетін болады.
Тапсырмаларды орындау арқылы зат есімнің қимыл іс - әрекеті болатын сөздерді тауып, оған сұрақ қоя білуге үйренеді.
Бір - бірінің пікірімен санаса білуге қалыптасады.
Негізгі идеяларя: Зат есімнің қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Олар не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтарға жауап береді.

Тапсырмалар: Топпен жұмыс (Суреттер сөйлейді)
Жұптық жұмыс (Сөйлем мүшелеріне талдау)
Жеке жұмыс (Өлеңді талдау, дыбыстық талдау)

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:( мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру (3 минут)
1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.
2. Оқушылардың оқу құралдарын тексеріп, назарларын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Өткен сабақты бекіту
56 - жаттығу Ребусты дұрыс шешсең, төмендегі жұмбақтың жауабын табасың. Жұмбақтың шешуіндегі сөзді үш жақта, жекеше, көпше түрде тәуелдеп жаз. Әр топтан екі оқушыдан шығып, жаттығуды қорғайды. Ережені еске түсіреді.
Өткен сабақты бекіту мақсатында оқушыларға Лото ойынын ойнатамын.

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Ой қозғау
Интерақтивті тақтадан соғылды, басталды, кірді деген сөздер беріледі. Осы сөздерге сұрақ қойдыру. Не қылды? соғылды. Бұл қай сөз табының сұрағы? Етістіктің.
Дәптермен жұмыс Юю Әсем әжесімен ою ойды. Сөйлемдерді көшіріп жазу.
«Таным»ағашынан өзінің жаңа сабақ бойынша қай деңгейде тұрғанын белгілейді.
1 - жаттығу Топтық жұмыс Суретке қара. Суреттердің мазмұны бойынша қандай тақырыпқа әңгіме құрауға болады? Әңгімеге ат қой. Тапсырманы оқушылар диафильм арқылы жеткізеді.
Мына сөйлемді оқы. Әнуар балықтарға жем шашты. Қай сөз не істеді? Сұрағына жауап беріп, етістік болып тұр? Топтың бір мүшесі берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талдайды.
2 - жаттығу "Жеке жұмыс" Жұмбақты оқушыларға қоямын, шешуін тапқызамын. Аққуды видео роликтен тамашалау. Терме диктант жұмысын жүргізу. Етістіктерді теріп жаз, оларға сұрақ қой. Сөйлемді етістіксіз айтып көр. Етістік не үшін керек?
Оқушылардың ойын тыңдау. Осы сөйлемдер арқылы ережені шығару.
Зат есімнің қимыл іс - әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Олар не істеді? не қылды? қайтті деген сұрақтарға жауап береді.
3 - жаттығу "Жұптық жұмыс" Сөздерді оқы. Сөздерді сипатына қарай екі бағанға бөліп жаз. Әр сөздегі қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстарды тап.
Ата, ойнады, іні, балық, жинады, қуды, түйе, жарысты, шортан, айтты.
4 - жаттығу "Топтық жұмыс" Берілген етістіктерді қатыстырып, сөйлемдер құрап жаз. Сөйлемдегі етістіктерге сұрақ қой. Оларды сөйлем мүшелеріне талда.
6 - жаттығу«Дұрысы қайсы, бұрысы қайсы?» Оқушылар жан-жануарлардың үнін тыңдап, қай жануардың даусы екенін ажыратып отырады. Берілген өлеңді мәнерлеп оқып, оқушылардың ойларын дұрыс нұсқамен салыстырамын. Өлеңнің дұрыс нұсқасы таңдалынып алынғаннан кейін етістіктерді табамыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×