Сайтқа кіру Тіркелу

Сын есім

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы
«№2 Лицей» КММ орыс мектептеріндегі
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Оспанбай Талғат Оспанбайұлы

Сыныптан тыс жұмыс
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты: а) Сын есім туралы жалпы мағлұмат беру. Сын есімнің сындық қасиетін ашу.
ә) Оқушының өз бетімен іздену қабілетін дамыту, еркін сөйлеуге, өз ойын айта білуге дағдыландыру.
б) Мақал - мәтелдерді негізге ала отырып, Отанды сүюге, оны бағалай білуге тәрбиелеу. Оқушының өнер - білімге құштарлығын арттыру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, көрнекілік, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар, мақал - мәтелдер, үлестірмелер
Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру
ІV. Жаңа сабақты бекіту
V. Қорытындылау
VI. Үйге тапсырма
VIІ. Білімдерін бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеріп, бүгінгі сабақтың
тақырыбы мен мақсатын айту.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
2. Зат есім деген не? Мысал келтір.
3. Жалқы есім дегеніміз не?
4. Жалпы есім дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру. Зат есімнен кейінгі келесі бір сөз табы сын есім деп
аталады. Сын есім заттың, құбылыстың сын - сипатын, көлемін, түр - түсін, сапасын
білдіреді.
Сұрақтары: Қандай? Қай?
Мысалы: ақ қағаз, биік үй, жақсы сөз, ащы құрт, тасты жер.
Сын есім 2 - ге бөлінеді: негізі, туынды.
• Негізгі сын есімдер
Мысалы: әдемі,
Биік,
Көк,
Сары
• Туынды сын есімдер.
Мысалы: Қысқы,
егеменді,
ақылсыз
пайдалы

Мына сызбадан ағаштың қасиеттеріне байланысты сөз тіркестерін құрайық.
Ағаш – биік, пайдалы, қалың.......
ІV. Жаңа сабақты бекіту. Бала сөзіне қатысты сын есімдерден сөз тіркестерін құра.
Негізгі және туынды екенін ажырат.
2. Жалғасын тап ойыны. Оқушыларға мақал - мәтелдер жазылған үлестірмелер
таратылады. Әр оқушы өз мақалын жалғасын таба білу керек және сол мақалдағы сын есімдердің астын сызып көрсетеді

№1 Әдепті бала - арлы бала,
№2 әдепсіз бала - сорлы бала.
№3 Балалы үй - базар,
№4 баласыз үй - мазар.

3. – Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Тағы қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
Енді біз «Адасқан сөзді тап» ойынын ойнаймыз. Мына сызбадағы адасқан сын есімдерді тауып көрейік.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Негізгі және туынды зат есім

Негізгі және туынды зат есім

Сабақтың жабдығы: Кесте, тапсырмалар жазылған үлестірмелер Жалпы мақсаттар: Зат есімнің негізгі және туынды түрлерінің жасалу жолдарын,...
Зат есім.  Негізгі және туынды зат есім

Зат есім. Негізгі және туынды зат есім

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Негізгі және туынды зат есім жайында түсініктерін пысықтау, алған білімдерін жинақтау. Сөз байлығын арттыру, сауатты...
Сөз таптарына саяхат

Сөз таптарына саяхат

Атырау қаласы, М. Отаралиев атындағы негізгі мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Даргужина Сандуғаш Биязбайқызы...
Негізгі және туынды зат есім

Негізгі және туынды зат есім

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой селосы бастауыш сынып мұғалімі Мухтарова Гулмира Танжарбаевна Сабақ тақырыбы: «Негізгі және туынды зат есім»...
Дара және күрделі сын есім. Білімді тиянақтау

Дара және күрделі сын есім. Білімді тиянақтау

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Северный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Жулдызай Султангалиевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×