«Тіл білгірі» интеллектуалды сайысы
Мақсаты: Қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын әдебиет пәнімен ұштастыра отырып қалыптастыру арқылы өз тілін, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.
(Бұл интеллектуалды сайыс 7 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылады. Әр топ төрт - бес оқушыдан құрылады.. Әр топтың аты, топ басшысы болады.)
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 7 "б" сыныбы оқушыларымен өткізілгелі отырған «Тіл білгірі» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Қазақ тілі - өте бай тіл. Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден - ақ бағдарлап, сөз өнерін барлық өнердің басы деп санаған. Сөз өнері – халық даналығының жемісі. Әдебиет – халқымыздың рухани өмірінің айнасы, ана тіліміздің өміршеңдігінің, ұлттығымыздың, халықтығымыздың белгісі. Олай болса, бүгінгі сайыс барысында осы қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушыларымыздың ой - өрісін, білімдерін, ақылы мен ептілігін сарапқа салатын боламыз.
Сыныпты топқа бөлу.
1 - топ: Мұқағали Мақатаев
Қалқам,
Мен Лермонтов, Пушкин де емен,
Есенинмiн демедiм еш кiмге мен,
Қазақтың қара өлеңi – құдiретiм,
Онда бiр сұмдық сыр бар естiлмеген.
Түзу - түзу тілінген таспадайын,
Қамшы өремін таспадан басқадайын.
Қаламасаң қамшымды аулақ жүргін.
Қараша үйдің есігін ашпа, ағайын!
Жат жердi жастанғанда жазатайым,
Қанымен жазды, мүмкiн, ағатайым.
... Қасиетiңнен, қара өлең, айналайын,
Қазақтың дәл өзiндей қарапайым.
Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып, өзіне қайтарамын...
2 - топ: М. Әуезовтың шығармасы
Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады.
Құрмаш қасында болғанда таяқ жемейді. Бірақ ер жете бастаған сайын бұдан иесі көз жазып қала берді.
Әлі күнге бір рет жадырап ойнап көрген емес. Татулық жоқ, суық. Жалғыз - ақ атын біледі. Құрмаш пен әжесі шақырса – келеді.
Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Кішкене Құрмаш «Көксерек» деп ат қойып алды.
3 - топ: Абай Құнанбаев
Өлең – сөздің патшасы сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп - тегіс, жұмыр келсін айналасы.
Ғылым таппай мақтанба,
орын таппай баптанба,
құмарланып шаттанба
Адам болам десеңіз.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!
Топты таныстыру.
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден - жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол - еңбектену, жалықпау, - дей отырып, сөз кезегін топ басшыларына береміз.
(Әділқазылармен таныстыру)
- Әділ қазы, ақ қазыға сәлем бер,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар, сайыстарда неше бір
Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар:...
Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін:
І. Оқушылық деңгей. «Бәйге»
ІІ. Алгоритмдік деңгей. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
ІІІ. Ізденімдік деңгей. «Кейіпкерлер әлемі»
ІҮ. Шығармашылық деңгей. «Рөлдік ойын»
Оқушылық деңгей. «Бәйге» кезеңі
- Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,- деп сайысымыздың алғашқы шарты «Бәйге» кезеңін бастаймыз.
Бұл кезеңде сіздер 2 минут ішінде қазақ тілі пәні бойынша10 сұраққа жауап берулеріңіз керек. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
Бәйге кезеңін бастау үшін топ басшылары келіп жеребе суырып, кезегін анықтасын.
І - топ
1. «Сұлу» сөзінің синонимін табыңыз. (* Әдемі).
2. Жалғаудың түрлерін ата. (көптік, септік, тәуелдік, жіктік)
3. «Қап - қара, аппақ» сөздері қай шырайда қолданылып тұр? (Күшейтпелі шырай)
4. Есімшенің жұрнақтары? (- ған, - ген, - қан, - кен, - ар,- ер, - р, ма+с, - атын, - етін, - йтын, - йтін, - мақ, - мек, - бақ, - бек, - пақ, - пек)
5. Қашан? Қалай? Қайтіп? Не үшін? деген қай сөйлем мүшесінің сұрақтары? (Пысықтауыш)
6. Бес асыл істі ата (Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
7. «Қоян жүрек» фразеологизмінің мағынасын табыңыз. (қорқақ)
8. Мақалды толықтырыңыз: «Білім - теңіз...» (Мектеп - кеме)
9. Ұлы жүздің биі (Төле би)
10. Тіл сөзінің орыс, ағылшын тіліндегі аудармасы (Язык, language)
ІІ - топ
1. Көсемшенің жұрнақтарын ата? (- а, - е, - й, - ып, - іп, - п, - ғалы, - гелі, - қалы, - келі)
2. – мен, - бен, пен қай септіктің жалғауы? (Көмектес)
3. Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала? (Фонетика)
4. Қандай? Қай? Қанша? Неше? деген қай сөйлем мүшесінің сұрақтары? (Анықтауыш)
5. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер тобы? (диалект сөздер)
6. Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңыз. 16 желтоқсан -... (Тәуелсіздік күні)
7. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?
8. Бес дұшпанды ата (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
9. «Қолы ашық» фразеологизмінің мағынасы (жомарт)
10. Астана сөзінің орыс, ағылшын тілдеріндегі аудармасы (столица, capital)
ІІІ - топ
1. Әліпбидегі таңбалар қалай аталады? (Әріп)
2. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі? (Түбір)
3. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері (бастауыш, баяндауыш)
4. «Жақсырақ, әдемірек» қай сөз табы? (Сын есім)
5. ҚР Елбасы Н. Назарбаев президент болып қай жылы сайланды? (1991ж)
6. «Ит арқасы қияңда» фразеологизмінің мағынасы? (алыс)
7. Мақалды жалғастыр Жалқаудың жаны тәтті... (Еңбектің наны тәтті)
8. Кімнің? ненің? Қай сөйлем мүшесінің сұрақтары? (Анықтауыш)
9. Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңыз. 1 - мамыр -... (Бірлік күні)
10. Ел сөзінің орыс, ағылшын тілдеріндегі аудармасы (Страна, country)
Алгоритмдік деңгей. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Алдымен жеребе бойынша бұл кезеңді кім бастайтынын анықтап алайық.
Топ мүшелері кезегімен тақтадағы ұяшықтарды таңдап, қойылған сұраққа ұяшықтағы таңдалған әрібінен басталатын сөзбен жауап береді.
(А, Ә, Б, Е, Ж, К, Қ, М, Н, О, Р, С, Т, Ү, Ш)
І - топ
1. Сен бүгін нешеде тұрдың?
3. Наурыз мейрамы қай айда тойланады?
3. Сен қандай үйірмеге барасың?
4. Сен қай қалада тұрасың?
5. Бірінші сабақ нешеде басталады?
ІІ - топ
1. Сенің мінезің қандай?
2. Қай көшеде тұрасың?
3. Анаңның аты кім?
4. Анаңа қандай сыйлық сыйлағанды ұнатасың?
5. Сыныпта неше оқушы бар?
ІІІ - топ
1. Анаң қандай тамақ пісіреді?
2. Мерекелік кештерге кіммен барасың?
3. Досыңның аты кім?
4. Жазғы демалыста қалай демалдың
Ізденімдік деңгей. «Кейіпкерлер әлемі»
Әдеттегідей жеребе бойынша бұл кезеңді кім бастайтынын анықтап алайық.
Шартымен таныстыру.
Қима қағаздарда өткен сыныптарда оқыған шығармалардағы кейіпкерлер не ақын жазушының аты жазылған. Топтың бір оқушысы қағазды таңдап, ішінде жазылған кейіпкердің атын айтпай, кім екенін тобына түсіндіру.
1. Абай Құнанбаев
2. Қазыбек би
3. Жиренше шешен
4. Алпамыс батыр
5. Алдар көсе
6. Мұқағали Мақатаев
7. Дулат Бабатайұлы
8. Баян сұлу
9. Бауыржан Момышұлы
10. Қожанасыр
11. Қарабай
12. Ыбырай Алтынсарин
13. Жамбыл Жабаев
14. Махамбет Өтемісұлы
15. Мұхтар Әуезов
Шығармашылық деңгей «Рөлдік ойын».
РАФТ стратегиясы бойынша қала әкімінің рөліне еніп, қала тұрғындарына арналған «2016 жылдан бастап...» деп басталатын бұйрық шығару.
Р – қала әкімі
А – қала тұрғындары
Ф – бұйрық
Т – 2016 жылдан бастап...
Сергіту сәті: «Психогеометрия»- өзін - өзі тану. Шарты:
Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез - келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналасындағы адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай - ақ шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыған. Сенде табиғи өткір ойлылық бар, өз айналасына қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.
Осымен сайысымыздың төрт кезеңі де аяқталды.
Болмасын ешбір сын – өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке!
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Демеңіз біз өнерді аяп келді,
Уақыт біраз жерге таяп қалды.
Көріскенше қош сау болып тұрыңыздар,
Осыменен сайысымыз аяқталды!
Тіл білгірі
- Дәрменова
- 20 қазан 2015
- 7067
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Тіл білгірі атты интеллектуалды сайысы, қазақ тілінен жарыс
Ұқсас жаңалықтар:
Тіл жанашырлары
І топ 1. Дауысты дыбыстар саны қанша? 2. Буынның неше түрі бар? 3. Орфография нені зерттейді? 4. Дисфемизм дегеніміз не?..."Тіл керуені" сайыс сабақ
Кіріспе: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 5 - 9 - сыныптар арасында өткізілетін «Тіл керуені» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Осы сайысымызды..."Тапқыр болсаң, талас жоқ" 3-сыныптар арасындағы сайыс
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аимбетова Гульмира...Қазақ тілінің білгірі
Қазақ тілінің білгірі Сайысты өткізудегі негізгі мақсатым: Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген (класты) топты анықтау. Сайысқа үш кластан алынған 3..."Менің мамандығым" (студенттермен кездесу кеші)
Аты-жөні: Өтегенова Набия Төлегенқызы Туған жылы: 12.01.1985 ж. Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Мектебі: БҚО...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.