Сайтқа кіру Тіркелу

Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»

Алматы облысы, Іле ауданы,
Боралдай кенті №39 гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Орынбаева Раушан Полатқызы

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: С. Сейфуллин жайлы қысқаша мәлімет беру, ақынның «Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы мен идеясын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным - түсініктерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, тест, хат жазу, мәнерлеп оқу, талдау
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: С. Сейфуллин портреті, Құрманғазының «Ақсақ киік» күйі, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: музыка, тіл, тарих, география, биология.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
Сыныпты топқа бөлу

ІV Жаңа сабаққа дайындық
«Миға шабуыл»
Ерболат Құдайбергеновтің «Ақсақ киік» бейнетаспасын көреміз.
- Балалар бейнетаспа не туралы?
- Біз бүгін осы киік жануары туралы жазушы С. Сейфуллиннің «Ақсақ киік»атты өлеңі
Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Экранға жаңа тақырып шыққаннан кейін, дәптерге күн ретін, жаңа тақырыпты жаздырамын.
Оқушылар 1. С. Сейфуллин өмірбаяны туралы
2. Киік туралы
- Балалар, өлеңнің бастапқы жолдарында айтылатын Арқа, Бетпақдала туралы мәлімет бере кетейін.
Арқа, яғни, Сарыарқа Орталық Қазақстанды алып жатқан аймақ. Батысынан шығысына қарай 1200 км өңірді алып жатыр. Бетпақдала осы Сарыарқада орналасқан. батысы сазды, шығысы тасты, құмды, шөлді жер. Бетпақдалада ағын су жоқтың қасы. Бұл күндері аң - құстар мен жануар - жәндіктердің көптеген түрлеріне жайлы мекен. Бетпақтың даласында ширек гектар жер, аң - құс қорығы ретінде қорғалады.. Онда елді мекен, өзен, көл де болмайды. Өсімдіктен жусан өседі.
- Біздің халықта киік туралы қандай ұғым бар?
- Иә, ол киелі жануар.
Мұғалім:- Балалар, киік киелі жануар екенін сендер айттыңдар. Сондықтанда мен сендерге тек біздің ақын - жазушыларымыз ғана киік туралы жазбағанын, сонымен қатар сазгерлеріміз ән және күй шығарғанын айтып кеткім келеді.
- Киіктің лағын қалай атаймыз?
- Құралай
- Текесі - сайғақ
- «Құралай желі» туралы
- Киіктің мүйізінің құны - бір жылқыға тең.
- «Қызыл кітапқа» енген.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×