Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ әдебиеті пәніне арналған жылдық тест сұрақтары

Қазақ әдебиеті
І нұсқа
1.«Әдебиеттің мақсаты - адамға өзін - өзі тани білуге жәрдемдесу» деп айтқан ғалымды анықтаңыз
A) Ғ. Мұстафин
B) М. Әуезов
C) С. Шаумян
D) М. Горький
E) Ғ. Мүсірепов
2. VІ - ІХ ғасырлар арасындағы көне түрік әдеби ескерткіштерді ата?
A) «Күлтегін», «Тоныкөк».
B) «Қисса - сул әнбия».
C) «Түркі сөздерінің жинағы»
D) «Мұхаббат - наме».
E) «Жамиғат тауарих».
3. «Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас
Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес»- деген нақыл сөздің кімдікі екенін табыңыз.
A) Қожа Ахмет Йасауи
B) Қорқыт
C) Ж. Баласағұн
D) М. Қашқари
E) Рабғузи
4. Д. Исабековтің алғашқы әңгімесі қалай аталады?
A) Жамал
B) Шолпан
C) Шойын құлақ
D) Өткен күндер
E) Жас дәурен
5. Ритм, шамалас, мөлшерлес, сайма - сай үннің жүйелі мерзімді мөлшерлі қайталануын не деп атаймыз
A) Ұйқас
B) Бунақ
C) Шумақ
D) Тармақ
E) Ырғақ
6. Қ. Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шалдың шекарадан өтіп, атамекендегі ескі қыстауға кіргенде не істегенін табыңыз.
A) Өткен өмірін ойлай бастады.
B) Бойтұмарын алып, сөгіп, ішіндегі бір уыс топырақты төкті.
C) Шекпенін төсеп, үстіне жантая кетті.
D) Су ішіп есін жинады.
E) Алаңсыз ұйқыға кетті.
7. Найман - Ана аңызындағы (Ш. Айтматов) оқиға қай жерде өтетінін табыңыз.
A) Шекер ауылында.
B) Ош оймағында.
C) Сарыөзекте.
D) Ыстықкөлде.
E) Таразда.
8. Абай: "Талаптың мініп тұлпарын,
Тас қияға өрледің,”- деп кімге айтатынын табыңыз.
A) Әбдірахманға.
B) Мағауияға.
C) Құнанбайға.
D) Оспанға.
E) Ақылбайға.
9. 1897 - 1961 жылдары өмір сүрген қаламгер?
A) Ғ. Мұстафин
B) М. Әуезов
C) М. Жұмабаев
D) Т. Ахтанов
E) Ғ. Мүсірепов
10. О. Сүлейменовтің психологиялық параллелизм үлгісінде жазылған өлеңі?
A) Арғымақ
B) Қыз қуу
C) Махамбетке
D) Бабалар жері
E) Нұрлы түндер
11. «Қирағат», «Есеп құралы» оқулықтарының авторы?
A) Ж. Жабаев
B) Т. Әбдіков
C) М. Жұмабаев
D) М. Дулатов
E) Т. Айбергенов
12. Мағжан - мәдениеті зор ақын. Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз - Мағжанның сөзі деп білемін. Кімнің сөзі?
A) М. Әуезов
B) А. Құнанбаев
C) Ш. Қанайұлы
D) Ш. Мұртаза
E) О. Сүлейменов
13. Көбінесе философиялық болып келетін төрт тармақты лирикалық өлең?
A) Коллизия
B) Өлең
C) Рубай
D) Трагедия
E) Метонимия
14. 1905 жылы қажылық сапарға барып, Стамбул, Париж кітапханаларын аралаған ақын?
A) М. Дулатұлы
B) Ш. Құдайбердіұлы
C) Т. Айбергенов
D) Д. Исабеков
E) М. Жұмабаев
15. М. Жұмабаевтың 1723 жылы қайғылы да қасіретті «Ақтабан шұбырынды - Алқакөл сұлама» оқиғасы кезінде жазылған туындысы?
A) Толқындар
B) Шолпанның күнәсі
C) Жүсіп хан
D) Батыр Баян
E) Қорқыт
16. Уфадағы Медресе - Ғалияда оқып, Ғалымжан Ибрагимовтан тәлім алған жазушыны табыңыз.
A) М. Дулатұлы
B) Ш. Құдайбердіұлы
C) Т. Айбергенов
D) Д. Исабеков
E) М. Жұмабаев
17. Қордайдың аққу – қазы қаңқылдайды өлеңінің авторын табыңыз?
A) Қожа Ахмет Йасауи
B) Қорқыт
C) Ж. Баласағұн
D) М. Қашқари
E) Рабғузи
18. «Оғыз қаған» дастаны қандай туынды екенін анықтаңыз
A) Ауыз әдебиетінің бір түрі
B) мемлекетті басқару әдістерін, адамгершілік ұстанымдарын, ережелер мен заңдарды қамтитын көркем туынды
C) орта ғасырлар түркілерінің көптеген өлең - жырларының жинағы
D) Түркі сөздерінің жинағы
E) түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық туынды.
19. «Сауыр»деген сөздің мағынасын көрсетіңіз.
A) бүркіт тұқымдас құс
B) аттың бел омыртқасынан құйымшақ тұсына дейінгі жері
C) аруана мен үлектен туған төрт жасар бура, інген бұзар
D) ұзақ жортуға төзімді, мықты ат
E) тоқым қысқа болғанда киетін етік
20. Сұғанақ болып ұмтылма,
Сыбағаң болса, тұрып ал!
Асыл туған жақсының
Құн жетпейтін пұлы бар. Берілген үзінді Ш. Қанайұлының қай толғауынан алынған?
A) Замана
B) Ақыр заман
C) Алдаушы жалған
D) Зар заман
E) Заманақыр
21. ’’Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр’’ қай кітаптағы әңгіме екенін табыңыз.
A) ’’Диуани лұғат ат - түрік’’.
B) ’’Жамиғат тауарих’’.
C) ’’Хисса - сұл - әнбия’’.
D) ’’Мұхаббат - наме’’.
E) ’’Қорқыт ата’’ кітабы.
22. «Арман сапары», «Өмірге саяхат», «Мен саған ғашық едім», «Аманат» өлеңдерінің авторы?
A) Ж. Жабаев
B) Т. Әбдіков
C) М. Жұмабаев
D) М. Дулатов
E) Т. Айбергенов
23. Сұлтан, Қама, Сұлухан қай шығарманың кейіпкерлері?
A) Қонақтар
B) Бесеудің хаты
C) Әпке
D) Ана
E) Найман - Ана
24. Араб тілінің грамматикасын жетік білген 1970 жылы үш кітаптан тұратын еңбек жазған кім?
A) Қожа Ахмет Йасауи
B) Қорқыт
C) Ж. Баласағұн
D) М. Қашқари
E) Рабғузи
25. Өзбек халқының ұлы ақыны «Фархат пен Шырын»дастанының авторы?
A) Әбілқасым Фирдауси
B) Әлішер Науайи
C) Омар Хайям
D) Расул Ғамзатов
E) Сайф Сарайи

Қазақ әдебиеті ІІ нұсқа
1.«Әдебиеттің мақсаты – адам өнерінің ішіндегі ең ұзақ жасайтындардың бірі» деп айтқан ғалымды анықтаңыз
A) Ғ. Мұстафин
B) М. Әуезов
C) С. Шаумян
D) М. Горький
E) Ғ. Мүсірепов
2. Тұран елі мен Иран елдері арасында болған шайқаста жеңіске жеткен батырды табыңыз.?
A) Күлтегін
B) Оғыз қаған
C) Білге қаған
D) Алып Ер тоңа
E) Йоллығтегін
3. «Білімдіден сөз тыңдасаң, күш тасыр,
Үйренгенді желге ұшырмай, іске асыр» - деген нақыл сөздің кімдікі екенін
табыңыз.
A) Йасауи
B) Қорқыт
C) Ж. Баласағұн
D) М. Қашқари
E) Рабғузи
4. Ж. Жабаевтың Қоқан хандығы кезеңінде жазылған дастаны?
A) Өтеген батыр
B) Сұраншы батыр
C) Өстепкеде
D) Зілді бұйрық
E) Патша әмірі тарылды

5. Баялыш дегеніміз не?
A) рухани кемелдікке жетіп, даналық қасиеттерді меңгерген тұлға
B) Келеңсіз құбылыстарды бейнелейтін шығарма
C) Шөлді, құмды жерде тырбиып қсетін бозғылт түсті, тікенді өсімдік
D) дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдар жинағының атауы
E) көркем аударма
6. Т. Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесіндегі орындалған күйдің аты?
A) Нар
B) Аруана
C) Ақбота
D) Наридірген
E) Күй толқыны
7. «Дағыстан – сен маған анасың. Менімен ұрысуға бел байлауға жұрт мені есінен шығармасын. Олар мені қалай даттаса, олай даттасын бәрін де көтеремін» - деген үзінді кімнің қандай шығармасынан алынған?
A) Ш. Айтматов «Найман - Ана»
B) О. Хайям «Рубайлар»
C) Р. Ғамзатов «Менің Дағыстаным»
D) Ә. Рудаки «Ақын жүрегі»
E) Д. Исабеков «Әпке»
8. Ілімге толса көкірек,
Ашылар көзі сананың.
Құлақ салсаң, жақсылар,
Азырақ сөзді жазамын. Берілген үзіндінің авторын табыңыз.
A) М. Өтемісұлы
B) Ш. Құдайбердіұлы
C) Ш. Қанайұлы
D) М. Сұлтанқожаұлы
E) М. Мөңкеұлы
9. 1885 - 1935 жылдары өмір сүрген қаламгер?
A) М. Дулатұлы
B) М. Әуезов
C) М. Жұмабаев
D) Т. Ахтанов
E) Ғ. Мүсірепов
10. О. Сүлейменовтің психологиялық параллелизм үлгісінде жазылған өлеңі?
A) Арғымақ
B) Қыз қуу
C) Махамбетке
D) Бабалар жері
E) Нұрлы түндер
11. «Ер арыса - аруақ,
Ат арыса - тулақ» деген мақал қандай шығармадан алынған?
А) «Қараш - Қараш»
В) «Боран»
С) «Дала сыры»
Д) «Батыр Баян»
Е) «Қилы заман»
12. Шәкәрім - ұлы гуманист, кемеңгер, ойшыл, қазақ әдебиетінің классигі.
Кімнің сөзі?
A) С. Мәуленов
B) М. Мағауин
C) С. Сейфуллин
D) Ш. Мұртаза
E) З. Ахметов
13. Көбінесе философиялық болып келетін төрт тармақты лирикалық өлең?
A) Коллизия
B) Өлең
C) Рубай
D) Трагедия
E) Метонимия

14. 1905 жылы қажылық сапарға барып, Стамбул, Париж кітапханаларын аралаған ақын?
A) М. Дулатұлы
B) Ш. Құдайбердіұлы
C) Т. Айбергенов
D) Д. Исабеков
E) М. Жұмабаев
15. М. Жұмабаевтың 1723 жылы қайғылы да қасіретті «Ақтабан шұбырынды - Алқакөл сұлама» оқиғасы кезінде жазылған туындысы?
A) Толқындар
B) Шолпанның күнәсі
C) Жүсіп хан
D) Батыр Баян
E) Қорқыт
16. «Қараш - Қараш» оқиғасының жазылуына негіз болған қоғам қайраткері кімнің басынан кешкен оқиғасы баяндалады?
А) Бақтығұлдың
В) Тұрардың
С) Мұхтардың
Д) Рысқұлдың
Е) Жараспайдың
17. Әл - Фарабидің «Риторика» еңбегі қай кезең әдебиетіне жататынын анықтаңыз.
A) Оғыз дәуіріндегі әдебиет.
B) Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет.
C) Түркі қағанаты дәуіріне.
D) Кеңес дәуіріндегі әдебиет.
E) Ислам дәуіріндегі әдебиет.
18. «Бойы биік, кеудесі талыстай, қол - сирағы ұзын да сом біткен атан жілік азамат еді» Кімнің бейнесі бейнеленген?
А) Баян
В) Бақтығұл
С) Тетіғұл
Д) Естемес
Е) Сәлмен
19. «зәузат»деген сөздің мағынасын көрсетіңіз.
A) бүркіт тұқымдас құс
B) аттың бел омыртқасынан құйымшақ тұсына дейінгі жері
C) аруана мен үлектен туған төрт жасар бура, інген бұзар
D) үрім - бұтақ, нәсіл, әулет
E) тоқым қысқа болғанда киетін етік
20... Айтқанда өлең өлең бе,
Бақылдаған лақтай?!
Ақындардың ақыны,
Айдың көлдің ақылы, Жыр тұлпары Сүйінбай...
. Берілген үзінді Ж. Жабаевтың қай өлеңінен алынған?
A) Патша әмірі тарылды
B) Сұраншы батыр
C) Алдаушы жалған
D) Өтеген батыр
E) Жаныс ақынға
21. «Арман сапары», «Өмірге саяхат», «Мен саған ғашық едім», «Аманат» өлеңдерінің авторы?
A) Ж. Жабаев
B) Т. Әбдіков
C) М. Жұмабаев
D) М. Дулатов
E) Т. Айбергенов
22. Сұлтан, Қама, Сұлухан қай шығарманың кейіпкерлері?
A) Қонақтар
B) Бесеудің хаты
C) Әпке
D) Ана
E) Найман - Ана
23. Араб тілінің грамматикасын жетік білген 1970 жылы үш кітаптан тұратын еңбек жазған кім?
A) Қожа Ахмет Йасауи
B) Қорқыт
C) Ж. Баласағұн
D) М. Қашқари
E) Рабғузи
24. Өзбек халқының ұлы ақыны «Фархат пен Шырын»дастанының авторы?
A) Әбілқасым Фирдауси
B) Әлішер Науайи
C) Омар Хайям
D) Расул Ғамзатов
E) Сайф Сарайи

25. Көлемі жағынан әңгімеден үлкен, романға жақын баяндау түріндеқара сөзбен жазылғаноқиғалы көркем шығарма түрі?

A) Коллизия
B) Дастан
C) Хикаят
D) Трагедия
E) Очерк

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Тіл өнер» (интеллектуалдық ойын)

«Тіл өнер» (интеллектуалдық ойын)

Мақсаты: 1/ оқушылардың ана тілі мен әдебиетінен білімдерін тексеру; 2/ тіл ата - бабамыздан қалған асыл қазына, байлығымыз екенін ұғындыру;...
Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»

Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»

Қожа Ахмет Йасауи ХІ - ХІІ ғасырда өмір сүрген, мұсылман дінінің атақты қайраткері, философ, ғұлама ғалым, ақын. Ол Оңтүстік Қазақстан облысындағы...
Жүсіп Баласағұн

Жүсіп Баласағұн "Құтты білік"

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ақын өмірінен мәлімет беру. «Құтты біліктің» әлем әдебиетінің асыл мұраларының бірі, түркі тілдес халықтарға ортақ...
Қазақ тілі 3-сынып, тест

Қазақ тілі 3-сынып, тест

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қазтұрғанова Мейрамгүл...
Рабғузи қиссалары

Рабғузи қиссалары

Сабақтың тақырыбы: Рабғузи қиссалары Сабақтың мақсаты: а) Алтын Орда дәуірінде туған, сол кезде өмір сүрген Рабғузи қиссаларының мазмұнын, идеялық...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×