Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жалаң және жайылма сөйлемдер туралы жалпы мағлұмат беру, сөйлемнің жалаң, жайылма болып бөлінуі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту, сөйлемдегі сөздерді сұрақ қою арқылы талдауға үйрету.
Дамытушылық: Тапсырмаларды орындау арқылы сөздік қорын арттырып, сауаттылығын, ойлау жүйесін дамыту.
Тәрбиелік: Шапшаң ойлауға, әдемі сөйлеуге, тапқырлыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту. Интерактивті ақпарат.
Сабақтың әдісі: ой қозғау, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, ана тілі, бейнелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ережелер, интерактивті тақта, сюжетті суреттер, кеспелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар бүгін айдың қай күні?
Қазір қай жыл мезгілі?
Қыстың нешінші айы?
Жылдың нешінші айы?
Ендеше менің сұрақтарымды мұқият тыңдаңдар, толықтырып жауап беріңдер.
Психологиялық дайындық:
Мұғалім Оқушы
Екі көзің не үшін керек? – Жақсыларды көру үшін!
Екі қолың не үшін керек? – Елге көмек беру үшін!
Құлақ деген не үшін керек? - Ақыл - кеңес тыңдау үшін!
Жүрек деген не үшін керек? – Үлкендерді сыйлау үшін!
Тіл мен жағың не үшін керек? – Білгеніңді айту үшін!
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Үйге қандай тапсырма берілгенін кім айтады? 76 - жаттығу. Ережелерді жатқа айту.
ІІІ. Өткен сабақты бекіту: Кеспе тарату
1) Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
- Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз.
2) Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?
- Екіге. Тұрлаулы, тұрлаусыз
3) Бастауыш дегеніміз не?
- Қимыл, іс - әрекет иесін білдіретін сөздерді бастауыш дейміз. Бастауыштар кім? Кімдер? Не? Нелер? Деген сұрақтарға жауап береді.
4) Баяндауыш дегеніміз не?
- Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейміз. Баяндауыш не істеді? Неғылды? Қайтті? деген сұрақтарға жауап береді.
5) Бастауыштан кейін не үшін сызықша қойылады?
- Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша (-) қойылады.
6) Тұрлаулы мүшелерді ата?
- Бастауыш, баяндауыш
7) Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
- Сөйлемдегі бастауыш баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атаймыз.
8) Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшелері деп аталады?
- Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері деп аталады.
9) Сөйлем мүшелерінің байланысын қалай анықтаймыз?
- Сөйлем мүшелерінің байланысын сұрақ қою арқылы анықтаймыз.
Мысалы: Қонақтар төрге отырды.
Не істеді? - отырды, Кім отырды? – қонақтар, қонақтар қайда отырды? – төрге.
IY. Жаңа сабақ:
Интерактивті тақтада үш бұлт шығып тұр.
Сендерге қай бұлт ұнайды?
1 Бұлт – көк түсті, жайбарақат қалыпта.
2 Бұлт – ашық көгілдір, көзі күлімдеп тұр.
3 Бұлт – қара көк, ашулы.
Сендерге ұнаған бұлт (2) Балалар шапалақтайды.
Бұлт күлімдеп тұр. - Бұл жай сөйлем.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.