Сайтқа кіру Тіркелу

Салалас құрмалас сөйлемді қайталау

Қазақ тілі. 8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін білу, құрылысын, құрамын ажырату, тыныс белгілерін дұрыс қойып жаза білуге үйрету;
Ә) Дамытушылық: Ынта қойып тыңдау, жазу, талдау машықтарын қалыптастыру, сөздік қорын, сөз байлығын дамыту, талдау және салыстыра білу дағдыларын дамыту;
Б) Тәрбиелік: Сөз қадірін түсіне білуге, жүйелі сөйлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білімді пысықтау
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап, топпен жұмыс, талдау, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, электрондық оқулық, бағалау парағы.
Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен амандасу.
2. Кезекшілермен сұхбаттасу.
Қызығушылығын ояту. Сұраққа жауап беріп, бүгінгі сабақтың тақырыбын табу.
1) Қандай? қай? сұрағына жауап беретін сөз табы? (Сын есім)
2) Кімнің? ненің? сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесі? (Анықтауыш)
3) Айтушының түрлі көңіл – күйін білдіру мақсатымен айтылған сөйлем қалай аталады? (Лепті)
4) Іс – оқиға жайында баяндамай, тек соған қатысты жағдайды атап көрсететін жай сөйлемнің түрі? (Атаулы)
5) Тіліміздегі барлық сөздердің жиынтығы? (Лексика)
6) Үш шақтың бірінде қолданылып, қимылдың шындыққа қатысын білдіретін рай түрі? (Ашық рай)
7) Егер бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есімнен болса, қандай тыныс белгісі қойылады? (Сызықша)
Әрбір жауаптың алғашқы дыбыстарын құрастырсақ, бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады. Олай болса, жасырын сөз: «Салалас» деген сөз екен, ендеше бүгінгі сабақта салалас құрмалас сөйлемнен өткенді қайталаймыз.
3. Сыныпты топқа бөлу.
Сабақтың жоспары:
I. Қайталау - білім анасы.
II. Кім жылдам?
ІІІ. Мақал - сөз мәйегі.
ІV. «Менің шығар биігім.»
V. Тапқырлар. Тест сұрақтарын шешу
VІ. Үйге тапсырма.
VІІ. Бағалау.

І. Қайталау - білім анасы
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Cөйлем айтылу мақсатына қарай қалай бөлінеді?
3. Сөйлем құрылысына қарай қалай бөлінеді?
4. Жақты сөйлем дегеніміз не?
5. Жақсыз сөйлем дегеніміз не?
6. Жалаң сөйлем дегеніміз не?
7. Жайылма сөйлем дегеніміз не?
6. Толымды сөйлем дегеніміз не?
7. Толымсыз сөйлем дегеніміз не?
8. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
9. Салалас құрмалас дегеніміз не?
10. Ыңғайлас салалас дегеніміз не?
11. Ыңғайлас салаластың жалғаулық шылауларын ата.
12. Себеп - салдар салалас дегеніміз не?
13. Себеп - салдар салаластың жалғаулық шылауларын ата.
14. Қарсылықты салалас дегеніміз не?
15. Қарсылықты салаластың жалғаулық шылауларын ата.
16. Түсіндірмелі салалас дегеніміз не?
17. Талғаулы салалас дегеніміз не?
18. Талғаулы салаластың жалғаулық шылауларын ата.
19. Кезектес салалас дегеніміз не?
20. Кезектес салаластың жалғаулық шылауларын ата.

ІІ. Кім жылдам?
Эпиграф: “Білгенге маржан, білмеске арзан.» Абай
Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
2. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып, ыңғайлас салалас сөйлемдердің тыныс белгісін қойыңдар.
Жаздың жайма шуақ күнінде Шолпан әжей ұзақ қарады... көл жағасына қарай бет алды. Көлдің беті толқынданып тербеледі... жылы жел бетті желпиді. Әже алысқа көзін тікті... жаулығының ұшымен жасаураған жанарын сүртті. Есіне ұзатылған қызы Баян түсті... әскердегі ұлы Үсенді ойлады.
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем 2. Берілген сөйлемдерден ыңғайлас салаласты, себеп - салдар салаласты, қарсылықты салаласты бөліп, өз шеңберіне салыңдар.
Дарын домбыраны қағып - қағып жіберді де, Әлмес «Бозторғайды» бастап кетті. Түсінен шошынып, дүниенің төрт бұрышын тегіс кезіп шығады, бірақ қайда барса да, көретіні – қазып жатқан көр болады. Анаргүл көзіне көрінгеннің бәріне ұрсатын, сол себепті балалар оған жоламауға тырысатын. Адамдарға мұғалімнің еткен әсері мәңгі қалып қояды, сондықтан да мұғалім өзін - өзі бақылай жүруге тиіс. Тәңірберген бірер рет тіл қатып еді, - Еламан үндемеді. Мұғалімнің жұмысында қиындықтар өте көп және жауаптылығы да өте зор.
Ыңғайлас Қарсылықты Себеп - салдар
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем 1. Берілген сөйлемдердегі түсіндірмелі салаластың жасалу жолдары, тыныс белгілерінің қойылу себебін анықтаңдар. Ол қызына екі түрлі пікірді сіңіруге тырысты: бірі – бұлжымайтын тұрақтылық, екіншісі айнымайтын махаббат. Екеуінің кітап оқуға берілгендігі сондай – үйге кірген кісіні аңғармады. Сіздерге де айтарым сол: сағат төртте осында келіңіздер. Оның қорыққаны сондай - не айтып, не қойғанын білген жоқ. Мен енді ғана аңғардым: жолдың үстінде бұлар мініп келген өзіміз желқайық деп атайтын «вилли» тұр екен.
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем 2. Берілген сөйлемдердің жалғасын тауып, тыныс белгісін қойыңдар. Кейін қайта алмаймыз,... Үйде көп бола алмадым,... Делегацияны бастап беру міндеті Жарасқа тапсырылды,... Кейін оның бәріне де қуанасың,... Айбарша бүгін аса көңілді жүр,... өйткені кеше Дәулеттен хат алған болатын. әскери қызметке алып кетті. өйткені болашақ сен секілді ашық жанды адал жандардікі. өткел тосатын уақыт жоқ. себебі ол ағылшын, орыс тілін жақсы біледі.
Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
1. Талғау мәнді жалғаулықтардың қайсысы талғаулы салаласты, қайсысы бірыңғай мүшелерді байланыстырып тұрғанын ажыратыңдар.
Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, немесе құлағымен естіген айтар. Осыдан басқа не бір дыбыс, не қозғалыс, не бір сөзбен сыр берген жоқ. Бұл сөздердің бірін де я Раушанның, я Бәкеннің көзінше ешкім айтқан емес. Я алқымда булығып ашу тұрады, я көңілде жаңа бір үрей тұрады. Ара - тұра болса да не бір тұщы көл, не бір тұщы бұлақ, я өзен бітірсейші кең далаға.
Кезектес салалас құрмалас сөйлем 1. Бірінші жай сөйлемдердің сәйкестерің тауып, кезектес салалас жасаңдар.
Оны бірде мұз айдында көрсек,
бірде алқын тартып алыстап кетеді.
Перде біресе ойнаған баладай Абай ақын отырған кітап бетін жасыра бүркеп қалады, біресе қайқаң етіп қасқая көтерілген қыран құстай жоғары шырқайды.
Бірде ол ақтарыла салатындай жақын көрінеді, бірде егін даласында көрдік.
Қиял құсы бірде қанаты буылғандай төмен құлдилайды, бірде аспаннан құлап келе жатқандай үрейленемін.
Бірде жаудан тартып алған ұшақпен елге қарай ұшып келе жатқандай қуанамын, біресе желпіл қағып кітаптың жазуларын сыпырып ұшыруға тырысқандай болады.

ІІІ. Мақал - сөз мәйегі
Эпиграф: “Соңғыларға сөзің мен ісің қалсын” Абай
1. Жалғыздың үні шықпас,.................. (жаяудың шаңы шықпас).
2. Қоянды қамыс өлтіреді,................... (жігітті намыс өлтіреді).
3. Жақсы жаныңа жолдас,............................ (жаман малыңа жолдас).
1. Алтау ала болса ауыздағы кетеді,... (төртеу түгел болса төбедегі келеді).
2. Өнерлінің қолы алтын,.......................... (өлеңшінің сөзі алтын).
3. Ат жаманы жолда қалдырар,............ (жолдас жаманы қолда қалдырар).

ІV. «Менің шығар биігім.»
Эпиграф:
“Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.» Абай
Берілген сөйлемдерді жазып, түріне ажырату, синтаксистік талдау жасау.
1. Сонда я жүрегім жеңер, я білегім жеңер.
2. Көмірден май да шығады, темір қорытатын кокс те шығады.
3. Сен танкіге үйренген адам едің, тракторға кетіп барасың.
4. 1993 жылы 18 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Ата заңы қабылданды, алайда ол кейін бірнеше рет толықтырылып отырды.
5. Жамандық жалын секілді: өзін де өзгені де жалмай береді.
6. Зор даусынан кейде ыза мен зіл де байқалады, кейде Абайға қызық көрінетін мақал, мәтелдер айтылып кетеді.

V. Тапқырлар. Тест сұрақтарын шешу
1. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді тап.
А) Мінезі жақсы төрге озар. В) Үлкен келсе аяғыңды аяма.
С) Дос адам артық сұрамайды. Д) Қадырдың киімі жұқа әрі денсаулығы да мықты емес.
Е) Тысқа Төрекеңмен ере шықтым.
2. Себеп – салдар салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулық шылауын тап.
А) Бірақ В) Өйткені С) Және Д) Немесе Е) Кейде
3. Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемге қойылатын тыныс белгісі.
А) Сызықша В) Үтір С) Дефис Д) Қос нүкте Е) Үтір, сызықша
4. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді тап.
А) Тұманның қалыңдығы сонша - түк те көрінбейді.
В) Айгүл аттан түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен. С) Еңбек ерлікке жеткізер.
Д) Сөз бергенге ерме,- бөз бергенге ер. Е) Бақытта баян жоқ ол да бір ұшқан құс.
5. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді тап.
А) Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, не құлағымен естіген айтар.
В) Сіздерге де айтарым сол: сағат төртте осында келіңіздер.
С) Баршагүл сәлем беріп еді,- ол қырын қарап кетті.
Д) Жақсыда кек жоқ, жаманда тек жоқ.
Е) Мезгіл кешкіріп кетті, сондықтан қонуға тура келді.
6. Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулық шылауын тап.
А) Сонша В) Себебі С) Алайда Д) Кейде Е) Әрі
7. Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде. байланысқан құрмаластың түрі.
А) Жайылма сөйлем В) Атаулы сөйлем С) Аралас салалас құрмалас
Д) Сабақтас құрмалас сөйлем Е) Салалас құрмалас сөйлем
8. Құрмалас сөйлемді тап.
А) Әкесі баласына сүйініп те, мақтанып та қарады.
В) Олар кеш келгенімен, ешкімге жолыға қойған жоқ еді. С) Баласы қатты ауырған.
Д) Мерей кеше көш соңында қалып қойды. Е) Болат ашулана қарады.
9. Құрмалас сөйлемнің түрі: Сен дайын ереже ұсындың, - менің оған көнгім келмейді.
А) Сабақтас құрмалас В) Салалас құрмалас С) Қарсылықты салалас
Д) Ыңғайлас салалас Е) Қарсылықты сабақтас құрмалас
10. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді көрсет.
А) Қима қар жуса да, тоңбайды бай баласы. В) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.
С) Еңбек баланы мықты етеді. Д) Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ болды.
Е) Еңбек адамды көрікті етеді және тынысты тазартады.
11. Салалас құрмаластың түрі.
А) 3 В) 2 С) 6 Д) 5 Е) 4
12. Қарсылықты салаласты тап.
А) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
В) Түн ортасы асып кеткендіктен, берілген жұмыс шала орындалды.
С) Мен келдім, - уәде берген досым жоқ. Д) Ертең мен кетемін.
Е) Ойлай берсең, басың ауырады.
13. Себеп - салдар салалас сөйлемді көрсет.
А) Бұл жерде я сен тұрасың, я мен тұрамын.
В) Сізден сұрайтынымыз: бізге қамқоршы болыңыз.
С) Қорыққаны, сезіктенгені шындыққа айналайын деді: оң көзінің астыңғы қабағы бүлкілдей бастады.
Д) Бір минуттай уақыт өтті, ешкім сөйлемеді. Е) Ұзақ уақыт әңгімеледі, бірақ түсінбедім.
14. Салалас құрмаласты тап.
А) Өлкемізге көктем келді де, қу ағаштар жасыл моншақтанды. В) Ыстық асқа үрлеме.
С) Осынша әзірлігі бола тұра, ол тойын жасамай кетті.
Д) Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас. Е) Жаңбыр қатты жауды.
15. Салалас құрмаласты тап.
А) Тұрмыстары жүдеу, дегенмен бәрін алдымызға қойды.
В) Құрбысы шақырса, күреске қайта түсетін. С) Шынар арбадан түсе сала жүгірді.
Д) Бүріскен мал мен жүдеген жан Абайға үлкен ой салды. Е) Аспанда шөкімдей бұлт жоқ.
VIІ. Үй тапсырмасы:
1. 10 сұрақтан тұратын тест құрастыру.
2. Көркем шығармадан салаластың түрлеріне екі сөйлемнен жазып келу
VIІІ. Оқушылар білімін бағалау парағы.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×