Сабақтың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: етістіктің сөйлемдегі қызметтері туралы түсініктерін қалыптастыра отырып өзіне тән ерекшеліктерін түсіндіру. Сөйлемдегі етістіктерді түрлеріне қарай ажыра білуге, олардың сөйлемдегі қызметтерін білуге үйрету.
Дамытушылық: ой мен тілді дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін ажырату.
Тәрбиелік: өнер – білімге, еңбекке, адамгершілік қасиеттерге баулу
Сабақтың түрі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау сабағы.
Сабақтың әдісі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың байланысы: әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: таблица, кеспелер, слайдтар, өлең шумақтары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі - Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Тұйық етістіктің емлесін беру. Тұйық етістікке 4 сөйлем жазып келу.
ІІІ. Жаңа сабақ
Етістіктің есімше, тұйық етістіктің түрлері тек қимыл - әрекетке қатысты емес, есім сөздерге тән өзге сөйлем мүшесі қызметін атқаруға мүмкіндік береді. Олай болса, етістік барлық сөйлем мүшесі қызметін атқара алады деп батыл айта аламыз, өз ойымызды бекіте түсу үшін кестенің көмегіне жүгінейік.
Сөйлем мүшесі
Ережесі
Мысалдар
Анықтауыш
Етістік есімше тұлғасында не болмаса тұйық етістік ілік септігінде зат есімдермен тіркесіп, анықтауыш болады. Білетін жанға айтылған сөз алтынмен тең. Еркелеудің де шегі болады.
Бастауыш Етістік есімше және тұйық етістік тұлғаларында атау септікте келіп, заттанып, сөйлемде бастауыш қызметін атқарады. Жол қуған қазынаға жолығар. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің көрінісі.
Толықтауыш Етістік есімше не тұйық етістік тұлғаларында септеліп келіп атау мен іліктен өзге септіктерде толықтауыш қызметін атқарады. Білгенге маржан, Білмеске арзан.
Пысықтауыш Етістік көсемше тұлғасында болғанда, қимылдың қасиеттерін білдіріп пысықтауыш болады. Тұйық етістік септеліп, кейбір шылаулармен тіркесіп келіп, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Қоңыр үнмен ақырындап ән басталды. Өнер – білім бәрі де Оқуменен табылған.
Баяндауыш Етістік рай, шақ тұлғаларында жіктеліп келіп, сөйлемде баяндауыш болады. Тұйық етістік бастауыш қызметін жатыс септігінде не болмаса басқа тұлғаларда да тұрып атқара береді. Біздің мақсатымыз жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасау.
Енді мына мақалдардың ішінен етістікті тауып, қай сөйлем мүшесі екенін анықтаңдар.
- Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетер
- Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады.
- Білген адам тауып айтады,
Білмеген адам қауып айтады.
Кітаппен жұмыс: 214 - жаттығу. Сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдап, етістіктердің қай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұрғанын анықтаңдар.
215 – жаттығу: Етістіктерді тауып, морфологиялық талдау жаса.
216 - жаттығу: «Етістік сөйлем мүшесі болғанда» тақырыбында басталған әңгімені аяқтаңдар.
«Ойнайық, ойланайық!»
1. Мына сөзді ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар:
2. Кестедегі етістіктерді анықта.
Етістік Сұрағы Етістік түрі Атқаратын сөйлем мүшесі.
Естіген
Ұмытастыққа
Байлаулы
Болмақ
3. Мына сөйлем қай шығармадан алынған? Авторы кім?
.... екінші сол нәрсені көргенде, я естігенде ғибратлану керек.
4. Үзінді қай шығармадан алынған? Авторы кім?
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар.
Әнді сүйсең менше сүй. Ауызша орындаңдар.
5. Үзінді қай шығармадан алынған? Авторы кім?
Қайрат пен ақыл жол табар.
Қашқанға да қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар.
Сол жарасар туғанға.
6. Кестені толтыр. Етістіктердің жұрнақ, жалғауларын ажырат.
Етістік Етістік түрі Жұрнағы Жалғауы
Табар
Қашқанға
Қуғанға
Жарасар
IV. Сабақты қорытындылау. Сабақты бекіту сұрақтары:
А) Етістік сөйлемде қандай қызмет атқарады.
Ә) Мысал келтіріңдер.
V. Оқушыларды бағалау.
VI. Үйге тапсырма: 217 - жаттығу. «Өнерлі өрге жүзеді» тақырыбында еркін пікір жазып келу. Сөйлемдерге талдау жасап, етістіктердің рай, шақ тұлғасын ажыратып, дәлелдеу.
Етістіктің сөйлемдегі қызметі
- Ардак
- 25 наурыз 2015
- 11496
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Етістіктің сөйлемдегі қызметі, есімше, тұйық етістіктің түрлері
Ұқсас жаңалықтар:
Етістік
Іс - әрекеттің жүзеге асу, аспауына байланысты болымды, болымсыз деп аталады....Тұйық етістік
Білімділік мақсаты: Етістіктің ерекше бір түрі тұйық етістіктің мағынасы мен тұлғасын түсіндіру. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың білім мен білік...Есімшенің түрленуі
Есімше – сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің ерекше түрі. Ол бірде жіктеліп, етістік қызметін атқарса, енді бірде...Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы...Тұйық етістік
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, «Н. Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі және әдебиеті...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.