Сайтқа кіру Тіркелу

Сын есім түрленуі (сайыс сабақ)

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің түрленуі
Сабақтың мақсаты:
а) Сын есімнің түрленуі туралы түсінік беру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;
ә) Өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге дағдыландыру, тіл, сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөйлеу машықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту;
б) Тәрбиелік: оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды өз Отанын, елін сүюге, мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, талдау, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, мысалдар, тірек сызбалар
Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Бағалау белгісімен оқушыларды таныстырып өту.
Жұмбақ жасыру арқылы оқушыларды топтарға бөлу
1. Сөз сөйлесең қозғалыста болады
(Тіл)
2. Өзім арық, ізім әріп
(Қалам)
3. Қолыңа алсаң шешен
Ақылы асқан көсем
(Кітап)
Жұмбақтың шешуін тапқан топқа сол жұмбақтың шешушін беру
1. топ «Тілшілер»
2. топ «Жазушылар»
3. топ «Білімділер»
Сабақтың барысымен таныстыру
Бүгінгі сабағымыз «Ашық журнал» сабағы деп аталады. Журналдың тапсырмалары 6 - кезеңнен тұрады.
I кезең «Қайталау - оқу анасы»
II кезең «Жаңа сабақ құпиясы»
III кезең «Кітап - досың ақылшың»
IY кезең «Білімді мыңды жығар»
Y кезең «Жеті жұрттың тілін біл»
YI кезең «Ойлан, тап»

ә) Үй тапсырмасын сұрау:
Зат есімнің сөйлемдегі қызметі. 45 - жаттығу. Берілген сөздерді септеп, зат есімдерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құраңдар.
I «Қайталау - оқу анасы»
1. Жалқы есім мен жалпы есімнің ерекшелігі неде?
2. Зат есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде тұрып қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады? (Толықтауыш)
3. Тұрлаулы мүше мен тұрлаусыз мүшелердің айырмашылығы неде?
4. Не себепті тұрлаусыз мүшесі сөйлем құрай алмайды?
5. Ел ерімен еңселі. Бастауыш қай сөз табынан?

II «Жаңа сабақ құпиясы»

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Сын есімнің не екенін сурет арқылы топтастыра отырып, ережесін шығарып алайық.
үлкендеу
қып - қызыл
кішкентай
Алма (қандай?)
Дөңгелек (көлемі)
өте көп
сопақтау
Сын есімнің анықтамасын шығару
Заттың сынын, сапасын, дәмін, түсін, көлемін білдіретін, қандай? деген сұраққа жауап беретін сөз табын айтамыз.
Сын есім құрамына қарай негізгі, туынды, күрделі болып үш түрге бөлінеді.
Мыс: көк, көкшіл, қып - қызыл, қара ала.
Сын есімнің мағынасына қарай түрлері болатынын біз білеміз. Олар: Сапалық және қатыстық сын есімдер.
Сапалық сын есім – түбір күйінде заттың сынын тікелей білдіретін сын есім. Мыс: жасыл, ала, қызыл, күрең.
Қатыстық сын есім – басқа сөз таптарынан жасалған сын есім. Мыс: қына - лы, алақан - дай, жиде - лі.
Сын есімнің шырай формасына енуі түрленуі деп аталады.
Бір тектес сапалақ сынның бірінен екіншісінің артық я кемдігін, әр түрлі дәрежеде болатынын білдіруді сын есімнің шырайы деп аталады.
Сын есімнің шырайы: Салыстырмалы және күшейтпелі шырай
Суреттерге қарап, мысалдар арқылы ережесін шығару.
Салыстырмалы шырай – бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырғанда кем не артық екенін білдіретін шырай түрі. Мыс: ауырырақ, кішірек, ақшыл, жылылау.
Күшейтпелі шырай – белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіретін шырайдың түрі. Мыс: Сап - сары, өте жарық, аса маңызды.
Шырайдың жасалуының өзіндік ерекшелігі бар:
1. Сын есімнің шырайлары сапалық сын есімдерден ғана жасалады. Біртектес сынның әртүрлі дәрежеде болуы тек сапалық сынға тән, ал қатыстық сында ондай қасиет болмайды. Мыс: үлкен - үлкенірек - аса үлкен. Ал таулырақ, таулылау, аса таулы деп айта алмаймыз.(тау сөзі зат есім, яғни басқа сөз табынан болып тұр, демек бұл қатыстық сын есім)
2. Шырай түрлері сапалық сын есімге: а) қосымша жалғану арқылы; ә) күшейткіш буын қосарлануы немесе күшейткіш үстеулер тіркесуі арқылы жасалады.
Мыс: Салыстырмалы шырай: қызыл - дау, қызыл - ырақ; Күшейтпелі шырай: қып - қызыл, тым қызыл, өте қызыл, ең қызыл, аса қызыл.
III кезең «Кітап - алтын қазына»
(Жаттығумен жұмыс жасау)
49 - жаттығу. Берілген сын есімдерді түрлі реңге түрлендіріп көріңдер. Қайсысы түрленеді, шырай түрін анықтаңдар.
Әдемі - әдемілеу, әдемірек, өте әдемі; Көк - көкшіл, көгілдір, көкпеңбек, тым көк.
Жүдеу, сулы, денелі деген сөздер бізде түрлене ме? Жоқ, олар қатыстық сын есім.
IY кезең «Біліміңді байқап көр»
«Сыңарын тап» ойынын ойнату.
Ақ - лау көк - қай
Үлкен - ше, сар - шіл
қоңыр - ғылтым жақсы - ғыш
Толық - деу жұқа - қай
Жеңіл - ша жуан - лау
Боз - тау терең - деу

Сен қалай ойлайсың?
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ кен тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кен тілім.
Тарап кеткен балаларыңды баурыңа,
Ақ қолыңмен тарта аласың сен тілім!
Оқушылар өлеңнің авторын және өлең қалай аталатынын табу керек
Иә, балалар бұл Мағжан Жұмабаевтың «Қазақ тілі» атты өлеңі биыл Мағжан атамыздың 120 жылдығын тойлап жатырмыз дей отырып, берілген өлеңнің ішінен сан есімдерді тауып, сатылай кешенді талдау жасатамын.
Таза, тап - таза
Сұрағы: қандай?
Тұлғасына қарай: туынды
Құрамына қарай: күрделі
Мағынасына қарай: сапалық сын есім
Шырай түрі: күшейтпелі
«Қане қай топ қандай?»
Бұл тапсырмада оқушылар қарсылас топтарды салыстырып, өлең, мәтін, сурет салуына, оқушыларын салыстырып сипаттауына болады.
Y кезең «Жеті жұрттың тілін біл»
Бұл кезеңде оқушылар берілген салыстырмалы шырайларды орыс, ағылшын тілдеріне аудару керек болады.
Жылы - жылылау, теплый - тепленкий cold the coldest
Жақсы - жап - жақсы хороший - очень хороший

Білімді бекіту:
Семантикалық картамен жұмыс.
Мысалдар Салыстырмалы шырай Күшейтпелі шырай
Әп - әдемі
Кішілеу
Бойшаң
Сұп - сұр
Қымбатырақ
Өте арық
Сарғыш
Аса маңызды
Бозаң
Биіктеу
Тым көк
Сарғылт
Тереңдеу

Венн диаграмма
Салыстырмалы шырай мен күшейтпелі шырай.

Үй тапсырмасы: Сын есімнің түрленуі оқу.
52 - жаттығу. «Адами қасиеттер» тақырыбында шырай формасына
енген сын есімдерді қатыстыра отырып, шағын пікір жазыңдар.

Бағалау: «Біле бер қанша білсең, тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле - біле» Ж. Баласағұн.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сын есімді қайталау

Сын есімді қайталау

Оқушылардың тілін, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту; сын есімге байланысты тапсырмаларды шапшаң орындауға машықтандыру, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту...
Сын есім 6-сынып

Сын есім 6-сынып

Сын есім бойынша алған білімдерін бекіту, өтілген тақырыптарды қайталау. Оқушылардың тілін, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту; сын есімге байланысты...
Салыстырмалы шырай, жасалу жолдары

Салыстырмалы шырай, жасалу жолдары

Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыру арқылы көрсететін шырай түрін салыстырмалы шырай деп аталады....
Күшейтпелі шырай

Күшейтпелі шырай

Сабақтың мақсаты: білімділік Сын есімнің күшейтпелі шырайларын түсіндіріп, сын есімнен алған білімдерін кеңейту. дамытушылық: оқушылардың алған...
Сын есімнің мағыналық түрлері

Сын есімнің мағыналық түрлері

Жалпы мақсаты: Сын есімнің мағыналық түрлерін таныту, оның жасалу жолдарын меңгерту. Сын есімнің өзіне тән белгілерін білу, Салыстыру, талдау,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×