Сайтқа кіру Тіркелу

Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел

Сабақтың тақырыбы:
«Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел»– конференция сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың өмір жолы, шығармашылық еңбектері жайында оқушы білімін толықтыру, түсініктерін, ой - өрістерін кеңейту
Дамытушылық: Шоқан қазақтың арасынан шыққан – білімпаз, дара тұлға екендігін оқушыларға жеткізу. Ғалымның ерекше қасиеттерін аша отырып, оқушыларды ізденімпаздыққа жетелеу, ойлау қабілеттерін шыңдау, тіл байлықтарын дамыту
Тәрбиелік: Қазақ сахарасында жұлдыздай жарқырап көрінген Шоқанды үлгі ету, халықты, табиғатты құрметтеуге, ізгілік пен еңбекқорлыққа, адал достыққа баулу
Сабақ түрі: Баспасөз - конференция сабағы
Сабақ өту әдісі: ой қозғау, пікірталас, шығармашылық ізденіс, сұрақ - жауап, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: Шоқанның суреті, интерактивті тақта, слайдтар, Шоқан туралы пікірлер, бүктеме, Ш. Уәлихановтың шығармалар жинағы.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, сурет, ән сабағы, еңбек сабағы.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылардың, тыңдармандардың назарын сабаққа аудару.
II. Сабақтың жүргізілуі.
1) Жұлдыздай жарқырап қазақ сахарасына шығуы.
2) Шоқан және оның айналасындағылар.
3) Халық ауыз әдебиетінің дамуына қосқан үлесі.
4) Зерттеу еңбектері (тарихи, географиялық, этнографиялық, әдеби тұрғыда).
5) Шоқан туралы зерттеулер.
6) Қорытынды
III. Сабақтың I бөлімі.

1 - Жүргізуші: Құрметті оқырмандар мен көрермендер! «Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел» атты баспасөз - конференция сабағына қош келдіңіздер. Бүгінгі сабағымыздың басты мақсаты – қазақтың бір туар ұлы Шоқанның әлеміне саяхат жасау, зерттеулерімен таныстыру, ғалымды әр қырынан таныту.
Шоқан Уәлиханов Қостанай облысы, Құсмұрын бекетінде 1835 жылы дүниеге келгендігін барлығымыз білеміз. Шоқан - Орта жүз ханы Абылайдың шөбересі, хан Уәлидің немересі, Майор дәрежесіндегі Құсмұрын ауданының аға сұлтаны болған Шыңғыс Уәлихановтың ұлы.
Шоқанның шын аты Мұхамедқанафия (Шоқан анасының еркелетіп қойған аты).
Анасы Зейнеп қазақша хат таныған, өз заманының көзі ашық, көкірегі зерек қыз - келіншектерінің бірі болған.
Әжесі Айғаным Ресейдің сыртқы істер министрлігімен, Петербургтегі Сібір комитетімен байланысып отырған. Үлкен құрметке ие болған Айғанымға Ресейдің императоры I Александр сәнді - салтанатты үй салдырып беруге әмір еткен.
Міне, Шоқан осындай алғаш мәдениеттің негізі қаланған ізгілікті ортада дүниеге келген деп, ары қарай Шоқанның білім сапары, алғырлығы, зеректігі жөнінде айтылып кетеді.

2 - жүргізуші: Ұлы тұлға туралы зерттеулер жүргізіп жүрген ғалымдар қонаққа келіп отыр, сол ғалымдармен таныстырайық. (қонақтар таныстырылады).

1 - жүргізуші: Оқырмандардың арасынан ғалымдарға қоятын сұрақтарыңыз бар ма?
Оқырман: Мен сұрағымды тарихшыға қойсам деп едім. Біз Шоқанды ірі тарихи тұлға ретінде білеміз. Ғалымның тарихи ізденістері туралы айтуыңызды өтінеміз.
Тарихшы: Шоқан Уәлихановтың тарихи деректерді жинауына, дүниеге деген көзқарасының кең тұрғыда қалыптасуына көп ықпал еткен Омбыдағы Кадет корпусында оқып жүргендегі тарих пәнінің оқытушысы Гонсевский болды. Қоғамдық қозғалыстар жайлы оқыған лекциялары, әр түрлі елдердің тарихы мен XIX ғасырға дейінгі Европа мен Ресейде болған қоғамдық қозғалыстар жайлы әңгімелері Шоқанға үлкен ой салды. Ол ізденіп буржуазиялық қоғам шыншылдығымен бейнеленген философиялық трактаттар мен әлеуметтік романдарды терең зерттеп оқыды. Көп оқығандығының арқасында Шоқан «Қазақ шежіресі», «Оңтүстік тайпаларының тарихы» атты еңбектер жазды.
«Қазақ шежіресі» еңбегінде қазақтардың ру - руға бөлінуі бұрыннан келе жатқан дәстүр екендігін, олардың шығу тектерін таратқанда ортақ бір кіндікпен өрбитіндерін айтады. Қазақтың қай руы болмасын жүздерден тарайтындықтарын, ал рулардың өз ішінде тармақталып кететіндігіне жеке - жеке тоқталып өткен.

2 - жүргізуші: Шоқан жайлы оқырмандарымыздан да сұрай отыралық.
*Шоқанға қай жерді зерттеу қиынға түспеді?
Ақбота: Араб, парсы, ұйғыр тілдерін ерте танып, жетік меңгерген Шоқанға Орта Азияны зерттеу қиындық келтірмеді.

1 - жүргізуші: Ш. Уәлиханов Омбыдағы кадет корпусында қай жылдары оқыды? Қосымша қандай пәндер оқытылды?
Бағлан: Шоқан кадет корпусында 1847 - 1853 жылдары оқыды. Бұнда саяси - әскери сабақтармен бірге батыс, орыс әдебиеттері, философия, математика негіздері, шетел тілдерін де қоса меңгерді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Шоқан Уалиханов - суретші

Шоқан Уалиханов - суретші

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың Шоқан жайлы білімдерін толықтыру, Шоқанның суретшілік өнері жайлы мәлімет беру. 2. Оқушылардың сауаттылығын арттыру,...
Шоқан Уәлиханов-ғасырларға еңбек еткен тұлға

Шоқан Уәлиханов-ғасырларға еңбек еткен тұлға

Сабақтың мақсаты а) білімділігі: Оқушыларды Ш. Уәлихановтың өмір жолы, саяхаттары мен еңбектері туралы таныстырып әлем мойындаған даналығын, алуан...
Шоқан Уәлихановтың  өмірі мен  шығармашылығы

Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Келдімұрат ауылы. «Благодарное орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: А.К.Султанова...
Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уалиханов

Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уалиханов

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қаратерең ауылы, № 82 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Прекеева Жанар Батырханқызы...
Шоқан Уәлиханов

Шоқан Уәлиханов

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы Қуат Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығы Абжаппақызы Мира Ашық сабақ:...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×