Қызығушылығын ояту.
«Дос» деген кім? Қалай түсінесің?
Алдымен оқушылардың достық туралы білетін өлеңдерін сұрау.
Үнтаспадан Мұхтар Шахановтың «Достық өлкесінің заңы» атты өлеңін тыңдау.
- Бұл өлеңде не туралы айтылған?
- Бұл өлең бізге таныс па?
- Кімнің өлеңі?
Олай болса, бүгінгі сабағымызды «Екі дос», «Достық» туралы ел аузынан алынған аңыз әңгімелерден бастаймыз.
Оқушыларға әңгімені баяндай отырып, арасында оқушыларға жетекші сұрақтар қойып, әрі қарай оқушылар жалғастыру. Әңгімені бірге баяндау.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
Оқушыларға мәтінді дауыстап оқыту, бөлімдерге ат қою, қолбасының сөзіне тоқталу. Мағынасын ашу.
Сабақтың тақырыбы: Екі дос (ел аузынан)
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Достық туралы білімдерін арттыру, шығармадағы негізгі ойды таба білуге дағдыландыру;
Дамытушылығы: Шығарманың қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, ойлау қабілеттерін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту;
Тәрбиелігі: Шынайы достыққа, адамгершілікке, қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, сөздік, мақалдар жинағы, суреттер
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Түс көрген патша» ертегісін жоспар бойынша әңгімелеу:
1) Патшаның жұртты қинауы
2) Кедей мен жылан
3) Кедейдің алғашқы олжасы
4) Жыланның жаралы болуы
5) Патшаның соңғы түсі
Қосымша сұрақтар беру:
1. Біздің өтіп жатқан тарау қалай аталады?
2. Аңыз әңгіме мен ертегінің айырмашылығы.
Қорытынды: Кедейдің іс - әрекетіне өз көзқарасың?
Жыланның ісін өзің қалай бағалар едің?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту.
«Дос» деген кім? Қалай түсінесің?
Алдымен оқушылардың достық туралы білетін өлеңдерін сұрау.
Үнтаспадан Мұхтар Шахановтың «Достық өлкесінің заңы» атты өлеңін тыңдау.
- Бұл өлеңде не туралы айтылған?
- Бұл өлең бізге таныс па?
- Кімнің өлеңі?
Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1969). "Оңтүстік Қазақстан" (1960 - 65), "Лениншіл жас" (1965 - 70) газеттерінде, республикалық телевизия, радио редакцияларында (1971 - 75) істеді. 1976 жылдан Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы. Алғашқы өлеңі ("Сырдария") 1959 жылы жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы ("Бақыт") 1966 жылы жарық көрді. М. Шахановтың "Балладалар" (1968), "Ай туып келеді" (1970), "Қырандар төбеге қонбайды" (1974), "Сенім патшалығы" (1976) атты кітаптары шықты. Өлеңдерінде философиялық ой басым. "Махаббат заңы" атты поэзиялық спектаклі республикалық театр сахнасына қойылды (1974). Мұхтар Шаханов көптеген әндер мәтінін жазды. Мәтінін де, музыкасын да өзі жазған "Жұбайлар жыры", "Туған күн кешінде", "Гүл дәурен", "Мен саған ғашық едім" атты әндері жұртшылыққа кеңінен таныс. М. Шаханов — Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1972). Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық "Жалын" журналының бас редакторы т. б. қызметтер атқарды. КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР - ның Халық депутаты.
Олай болса, бүгінгі сабағымызды «Екі дос», «Достық» туралы ел аузынан алынған аңыз әңгімелерден бастаймыз.
Оқушыларға әңгімені баяндай отырып, арасында оқушыларға жетекші сұрақтар қойып, әрі қарай оқушылар жалғастыру. Әңгімені бірге баяндау.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
Оқушыларға мәтінді дауыстап оқыту, бөлімдерге ат қою, қолбасының сөзіне тоқталу. Мағынасын ашу.
Ү. Сөздікпен жұмыс.
Қыршынынан қиылу – дүниеден жастай қайту
Зағип – соқыр
ҮІ. Сергіту сәті. Досыңның суретін сал
ҮІІ. Топпен жұмыс.
1. Мәтіндегі досын құтқарған жігітке мінездеме жаз
2. «Достық» туралы әңгіме жаз.
3. Досыңа хат немесе өз досың туралы әңгіме.
4. Өз басыңнан өткен оқиғаңды баянда.
ҮІІІ. Ой - толғаныс.
- Екі тақырыпта қандай ұқсастық бар?
- «Қимас досың сұраса, қимасыңды бересің»- бұл не? (мағынасын ашу)
- Бұл мақалдың бүгінгі тақырыпқа қатысы бар ма?
- Достықтың түрлері бола ма?
-
ІХ. Кім көп біледі?
Достық туралы білетін мақалдарын айту.
Х. Сабақты бекіту
Дос қандай болуы керек? Сызба арқылы жазу
ХІ. Үйге тапсырма.
«Екі дос» әңгімесін оқып түсіну. «Достық туралы» әңгімені оқып, екі әңгімедегі негізгі ойды табу. Достық туралы бір шумақ өлең.
ХІІ. Бағалау.
ХІІІ. Сабақты қорытындылау.
Екі дос (ел аузынан)
- Aruzhan
- 11 наурыз 2015
- 17109
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ана тілі, достық, аңыз әңгіме, Мұхтар Шахановтың достық жайлы өлеңі
Ұқсас жаңалықтар:
М.Шаханов «Достық өлкесінің заңы»
М. Шахановтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру, өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету, ізгі қасиеттерді тани отырып, оларды өз бойына сіңіре...Достық пен жолдастық
Мақсаты: 1. Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру; 2. Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру,...Достық
Мақсаты: 1. Оқушыларға достық тақырыбын түсіндіру, достарға байланысты сөздерді оқыту, суреттердің аттарын айтқызу, сергіту сәтін үйрету; 2. Суретпен...Т. Айбергенов Аруана - бауыр дүние өлеңі
Сабақтың мақсаты: оқушыға Т. Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, шығармалардың идеялық көркемдік мазмұнын меңгерту, өлеңдер...Бөрте мен Зөре
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Ақсүмбе аулы С. Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бөріқұлақова Ботакөз...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.