Сабақтың тақырыбы: Мұхаметжан Тынышбаев.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Қазақ халқының алғашқы инженері, тарихшы - ғалымның өмірбаяны мен шығармашылығын оқытуда оқушыларға жан – жақты білім беру үшін, туған халқына, оның тарихына сіңірген еңбегін танып – білуді оқушылардың өздеріне жұмыс істете, іздендіре отырып меңгерту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ауыз – екі сөйлеу тілін дамыту, өз бетінше іздене білуге дағдыландыру, оқуға деген ынтасын арттыру.
3. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды елін, жерін сүйе білуге баулу. Адамгершілікке, қайырымдылыққа, имандылыққа тәрбиелеу. Ұлы адам өмірін үлгі ету.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ
Сабақтың әдісі: Ой шақыру, сын тұрғысынан ойлау әдісінің «Джигсо», «Морфологиялық жәшік», «Кім? Қайда? Қашан?» стратегиялары, тұсаукесер.
Сабақтың таным белгілерін арттыру: Жеке және топтық форма
Сабақтың көрнекіліктері: Жазушы өмірі туралы тұсаукесер, ғалымның портреті, тптарға арналған тапсырмалар
Пәнаралық байланыс: қазақ әдеб., тарих, геогр.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың құралдарының бар - жоғын қадағалау.
ә) Кезекші арқылы сыныпты түгендеу.
б) Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
в) Бүгінгі күнді тақтаға жазу.
Г) бағалау парағын тарату
Үй тапсырмасын тексеру
үйге берілген сөзжұмбақтарын шешеміз, әркім өз сөзжұмбағын қорғайды.
Жаңа сабақ:
- Балалар біз жаңа сабақты бастамас бұрын маған мынандай сұрақтарға жауап беріңдерші:
1. Ж Жүсіпбек Аймауытов туралы не білесіңдер?
2. Қандай шығармаларымен таныссыңдар?
І. Тұсаукесер арқылы М. Тынышбаевтың өмірі туралы мәлімет беру.
ІІ. Мәтін тарату. «Джигсо» әдісі бойынша жұмыс.
І топ. Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы - Садыр болысында (қазір Алматы облысы Қабанбай ауданы) туған. Ауыл молдасынан хат таныған соң, 1890 жылы Верный ерлер гимназиясының даярлық сыныбына қабылданады. Мұхамеджан Тынышбаевтың тағдыр - талайы білім мен ағартуға, ұлттық теңдік пен өркениетке ұмтылған қазақ халқының тағдырымен бір. Даярлық сыныпты қоса есептегенде, 10 жыл аталған гимназияда оқыған М. Тынышбаев оны үздік (алтын медальмен) аяқтайды. 1900 жылы Мұхамеджан император I Александр атындағы Петербор темір жол транспорты институтына қабылданады. Бұл институтты 1906 жылы бітірген.
ІІ топ М. Тынышбаев 1906 жылы елге келіп, біраз уақыт Жетісу теміржолын жобалау ісіне қатысады. I Мемлекеттік Думаның қуғындалғанынан хабардар ол ел құқына қажетті табанды қоғамдық - саяси жұмысымен көрінеді. Нәтижесінде 1907 жылы 28 жасында II Мемлекеттік Думаға Жетісу облысы атынан депутат болып сайланады. 1907 - 1914 жылдар аралығында Әмудәрия үстіне салынған көпір құрылысына, Ұрсат (Урсатьевск) - Әндіжан теміржол құрылысына жетекші маман, бас инжетер есебінде қатысады. Теміржол саласына байланысты еңбегін ғана парықтағанның өзінде М. Тынышбаев - Кіндік Азия көлемінде еленуге лайықты инженер - теміржолшы. 1914 жылы қайраткер Жетісу темір жол құрылысына қайта ауысады.
ІІІ топ. 1921 - 1922 жылдары Түркістан кеңестік автономиясының Жер - су комиссариатында су шаруашылығын басқарды. Ал, 1925 - 1932 жылдар аралығында Қазақстан кеңестік автономиясында жаңа астананы (Қызылорда) жасақтау ісінің бас инженері. Түркістан - Сібір құрылысының жетекші маманы қызметін атқарды. 1922 жылы Ташкентте құрылған «Талап» атты мәдени - ағарту ұйымына басқарма мүшесі болып сайланады. Осы шақта ол бірнеше тарихи еңбек жазды. Оның ел алдындағы елеулі еңбегі - Түркістан - Сібір теміржол құрылысына маман ретінде қатынасуы еді. 1932 жылы сәуір айында тұтқындалып, Мәскеу - Донбасс теміржол құрылысына жұмысқа жіберілді. Бұдан қайтып елге келгенде, 1937 жылы қарашада қайта тұтқындалып, ату жазасына кесілді.
1. Мәтінге ат қой.
2. «Морфологиялық жәшік» әдісі бойынша сөздікпен жұмыс.
3. Қысқаша аударма жаса.
4. Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жазыңдар.
Рефлексия
«Кім? Қайда? Қашан?» әдісі бойынша мәтінге талдау жасау.
Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге?
Бағалау парақтары арқылы оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: ғаламтор бетінен М. Тынышбаев туралы мәліметтер жинау.
Мұхамеджан Тынышбаев
- bozdaeva asyl
- 3 наурыз 2015
- 7024
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мұхамеджан Тынышбаев, қазақ ғалымдары
Ұқсас жаңалықтар:
Ұлт-азаттық қозғалысының өрлеуі және оның бағыттары
ХХ ғасырдың басында қоғамдық – саяси қатынастардың дамуында үлкен өзгерістер туғызған саяси оқиғалар ахуалын түсіндіру; Оқушы санасындағы отаншылдық...Жамбылдың өмірі, шығармашылығы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, «Н. Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі және әдебиеті...Қазақстанның ғалымдары
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы Майқайың кенті, №2 жалпы орта білім беру мектебі КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тонтаева Қарлыгаш...І.Жансүгіровтың Құлагер поэмасы (реферат)
Қысқаша өмірбаяны Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Болашақ ақынның бұдан соңғы біраз уақыты ауылда өтеді. 1919 жылы. Ташкенттегі...Санжар Асфендияров
Мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым-тарихшы. Ташкенттегі реалдық училищені, Петербургтағы әскери-дәрігерлік академияны 1917 жылы бітіріп...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.