Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез
Қыры, сырын ұғуға,
Көкірегінде болсын көз.
Сабақтың тақырыбы: Елу жылда ел жаңа, Жүз жылда - қазан...
(Абайдың отыз үшінші, отыз жетінші қарасөзі)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Абайдың қара сөздерінің тәлім - тәрбиелік сипатын айтып түсіндіру. Ақын жан - жүрегін тербеткен қазақ халқының өміріндегі алуан құбылыстар туралы әлеуметтік, философиялық ойлар, жағдайлар жөнінде айтып, бүгінгімен тоғыстыру;
Дамытушылық: Оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным - түсініктерін дамыту;
Білімділік: Оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алып, оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс сабағы
Оқыту формасы: бірлескен ұжымдық іс - әрекет
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау («Миға шабуыл», «ДЖИКСО», топтастыру, Венн диаграммасы), Сатылай кешенді талдау, семантикалық кесте
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, электронды аудио, плакат, үлестірме қағаздар
Пәнаралық байланыс: тарих, өзін - өзі тану
Сабақтың барысы:
⦁ Ұйымдастыру.
⦁ Жаңа сабақ
Жоспары:
⦁ Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле көп қараса, көңіл ұғар...
( отыз үшінші, отыз жетінші қарасөздермен танысу)
⦁ Талап еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой...
Еріншек, бекер мал шашпақ,
Бес дұшпаның білсеңіз.
3. Досыңа достық - қарыз іс,
Дұшпаныңа әділ бол!
⦁ Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
⦁ Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең істің бәрі бос...
⦁ Зайырлы қоғам, жоғары руханият - Мәңгілік Ел!
Абайдың адам көрмеген жанқиярлығы мен ерен құбылыс саналардай ерекшелігі — отаршыл кемсітушілік бар жерде болмай қоймайтын тайсалудың орнына тайталасты, жиренудің орнына үйренуді, жарамсақтықтың орнына жарастықты, мансап қуған баққұмарлықтың орнына білім қуған бәсекені сіңістіріп, ұлтымыздың рухани қайсарлығын атымен жаңа қасиеттерімен байытқандығы. Абай армандары — тек бір ғана ұлт ұстанатын мұраттар емес, күллі адамзат ұстанатын мұраттар. Қазақ топырағында оның орайын келтіруге мүмкіндік енді туып отыр.
Н. Ә. Назарбаев
Абай сан сұраққа жауап іздейді. Қара сөздеріндегі «қазақтың жалқау болатұғын себебі не?», «үнемі уайым қайғыға жан шыдай ма екен?» «Ырыс алды – тірлік дейді, бұл қай тірлік?» «Осы ақылды кім үйренеді, насихатта кім тыңдайды?»т. с.
Жарқырасын шуақ боп алғашқы үміт,
Жүректерді жүрекпен жалғастырып.
Адамзатқа бірлік бер, тыныштық бер –
Ынтымақтан туындар бар жақсылық –
деп Фариза жырлағандай Абай тірлікті, білім, ғылымсүйгіштікті, ынтымақты, ырысты қалады. Абайдың нақылы үлкен ой, терең мазмұнды, халықтың нақыл сөздерімен де, шетелдің ақыл иесі, ұлы адамдарының нақыл сөздерімен де тең түседі. Басқаларын былай қойғанда, Абайдың «Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады» дейтін сөзі - асқан құнды пікір де, қорытылған өмір шындығы. Абайдың нақыл сөздерінің ішінде бүгінгі жастарды тәрбиелеу үшін де пайдалы жақтары көп. Оның қара сөздеріндегі еңбек, ғылым, адамгершілік, әділдік, т. б. жөніндегі пікірлері бүгінгі тәрбие жұмыстарына нақтылы құрал болуға жарайды.
«Миға шабуыл» әдісі
Абай қарасөздерін тақырыптық жағынан қалай бөлеміз?
I топ. Ыстық қайрат. II топ. Нұрлы ақыл
1. Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле көп қараса, көңіл ұғар...
( «ДЖИКСО» әдісі мәтінді топқа бөліп оқу. отыз үшінші, отыз жетінші қарасөздермен танысу.)
2. Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой...
Еріншек, бекер мал шашпақ,
Бес дұшпаның білсеңіз.. (Топтық жұмыс. Сәйкестендіру)
I топ. Ыстық қайрат
II топ. Нұрлы ақыл
Тақырыбы:
Жаман дос – көлеңке:
Басыңды күн шалса,
Қашып құтыла алмайсың;
Басыңды бұлт шалса,
Іздеп таба алмайсың.
Отыз үшінші қарасөз Көрікті ойлар Түйін Мәңгілік Ел...
Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі - қазақтың әулиесі сол. Бірақ құдай тағала қолына аз - маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады.
Дүние - үлкен көл,
Заман - соққан жел;
Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың;
Алдыңғы толқын - ағалар,
Артқы толқын - інілер,
Кезекпенен өлінер,
Баяғыдай көрінер
Жерінен, суынан, тәуелсіздігінен, билігінен айырылған қазақты құтқарудың жалғыз амалы – оның рухани әлемін, елдік, адами ізгі қасиеттерін сақтап қалу екенін, сонда ғана оның ұлттық сипатын аман алып қалуға болатынын ақын жақсы түсінді. Сол үшін жан аямай күресті.
Әуелі — бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп, көріп, біраз істес болып, өнер арттырайын деп, түзден өнер іздемейді. Осы қолындағы аз - мұзына мақтанып, осы да болады деп, баяғы қазақтың талапсыздығына тартып, жатып алады.
Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес;
Егер ісім өнсін десең, ретін тап;
Қайратсыз ашу - тұл,
Тұрлаусыз ғашық - тұл,
Шәкіртсіз ғалым – тұл Бүгінгі елімізде жасалып жатқан ұлы істердің нәтижелі болуына ең қажетті нәрсе — Сенім. Елге деген сатқындық ең алдымен оның болашағына сенбеуден басталады.
Екінші - ерінбей істей беру керек қой. Бір - екі қара тапса, малға бөге қалған кісімсіп, «маған мал жоқ па?» дегендей қылып, еріншектік, салдау - салғырттыққа, кербездікке салынады.
Ерінбей еңбектеп жылан да шығады,
Екпіндеп ұшып қыран да шығады;
Жікшіл ел жетпей мақтайды,
Желөкпелер шын деп ойлайды; Тоқ тіленші - адам сайтаны,
Харекетсіз - сопы монтаны;
Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады.
Өзгеше тарихи жағдайда өмір сүрген қазақ халқына бұдан әрі бұрынғыша тіршілік етуге болмайтынын, заман талабына сай еңбек етіп, кәсіпті, сауданы меңгеру керектігін де бірінші айтқан Абай.
Үшінші - «дарқансың ғой, өнерлісің ғой, шырағым», немесе «ағеке, нең кетеді, осы ғанамды істеп бер!» дегенде «маған да біреу жалынарлыққа жеткен екенмін» деп мақтанып кетіп, пайдасыз алдауға, қу тілге алданып, өзінің уақытын өткізеді. Және анаған дүниенің қызығы алдауды білген дегізіп, көңілін де мақтандырып кетеді. Бақпен асқан патшадан
Мимен асқан қара артық;
Сақалын сатқан кәріден
Еңбегін сатқан бала артық; Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң - өзің ғана тілейсің; Қуанбақтық пен бақ – мастықтың үлкені;
Адам баласын заман өсіреді, кімде - кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват. Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.
Абайдың болашаққа деген сенімін әсте жоғалтпағанын мына бір сөздерінен көруге болады: «Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек — қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседен баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді».
Төртінші - тамыршылдау келеді. Бағанағы алдамшы шайтан тамыр болалық деп, бір болымсыз нәрсені берген болып, артынан үйтемін - бүйтемін, қарық қыламын дегенге мәз болып, тамырым, досым десе, мен де керектінің бірі болып қалыппын ғой деп, және жасынан іс істеп, үйден шықпағандық қылып, жоқ - барға тырысып, алдағанды білмей, дереу оның жетпегенін жеткіземін деп, тіпті жетпесе өзінен қосып, қылып бер дегенінің бәрін қылып беріп, күні өтіп, еңбек қылар уақытынан айрылып, «жоғары шыққа» қарық болып, тамақ, киім, борыш есінен шығып кетіп, енді олар қысқан күні біреудің малын бұлдап қарызға алады. Оны қылып берейін, мұны қылып берейін деп, соныменен табыс құралмай, борышы асып, дауға айналып, адамшылықтан айрылып, қор болып кетеді. Осы несі екен. Қазақтың баласының өзі алдағыш бола тұрып және өзі біреуге алдатқыш болатұғыны қалай?
Ер артық сұраса да азға разы болады.
Ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас;
Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал.
Әкесінің баласы - адамның дұшпаны.
Адамның баласы - бауырың.
Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза, қуаты артында болғаны.
Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соның басында. Дүниеде бар жаман да көпте, бірақ қызық та, ермек те көпте. Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды?
Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең істің бәрі бос»- деген сөздерді шын мәнінде ұлт болып ұюымыздың негізгі шарты. Абай сөзін тереңірек ұғынып, онымен өзгелерді ұялтуға емес, өзімізді өзіміз ұялтуға тырысайық.
Н. Ә. Назарбаев
III Қорытынды:
Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас;
Қайғысыздан сақ бол,
Қайғылыға жақ бол.
3. Досыңа достық - қарыз іс,
Дұшпаныңа әділ бол!
Пікірлесіңіз. Семантикалық кесте бойынша.
4. Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Талдау жасаңыз. Сатылай кешенді талдау
Авторы: Абай Құнанбаев қазақтың бас ақыны, ойшыл, сазгер, аудармашы
Тақырыбы: Ел мінезін сынау. Жаманнан жирену, жақсыдан үйрену
Жанры: проза (қара сөз)
Идеясы: мақтансүйгіштікке, салғырттыққа салынбау, өнерді сүю, адал мал табу, адам болу...
Әдеби - теориялық ұғымдар:
синоним: салдау - салғырттық, еріншектік, алдағыш - алдатқыш
Түсіндірме сөздік: кесел - ауру
Түйін: Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!
Сергіту сәті. «Көзімнің қарасы» әнін орындау
⦁ Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең істің бәрі бос...
Венн диаграммасы
⦁ Зайырлы қоғам, жоғары руханият - Мәңгілік Ел! Ойтолғаныс
Адам баласын заман өсіреді, кімде - кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват
Абай
Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.
Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Біз де бүгін ұлтішілік татуластыққа да, ұлтаралық татуластыққа да, әлемдегі барлық ел, барлық халықтармен ынтымаққа да, мәдениеттер арасындағы сабақтастыққа да Абайша қарап, Абайша қастерлеуге ерекше мән береміз.
Н. Ә. Назарбаев
IV Қорытынды:
«Арттағыға сөзің мен ісің қалса, өлсең де, өлмегенге боласың тең». Абай
Абайдың әлеуметтік ойшылдығына тереңірек үңілетін тұс — қазіргі кезең. Қоғамымызда түбегейлі өзгерістер болып жатқан бүгінгі күндер.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан - жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында Елбасының айналасына бірігу «Мәңгілік ел» мұратымызға жетудің берік негізі болып табылады.
V Бекіту. Топтастыру
⦁ Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.
⦁ Бірлік болмай тірлік болмайды
⦁ Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең істің бәрі бос
⦁ Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді
⦁ Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба...
⦁ Жұмысы жоқтық, Тамағы тоқтық, Аздырар адам баласын...
⦁ Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой
⦁ Адамның адамшылығы... жақсы ұстаздан
⦁ Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар
⦁ Тұрпайы мінез - тағы жат, надандықтың белгісі
⦁ Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат.
VI Үйге: Қарасөздерді оқып өлеңдерімен салыстыру, сәйкестендіру.
Абайдың отыз үшінші, отыз жетінші қара сөздері
- Arailum
- 11 ақпан 2015
- 13498
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Абайдың отыз үшінші, отыз жетінші қара сөздері
Ұқсас жаңалықтар:
Қара сөздер. Абайдың отыз жетінші қара сөзі
Досы жоқпен сырлас, Досы көппен сыйлас; Қайғысыздан сақ бол, Қайғылыға жақ бол....Қара сөздер. Абайдың отыз төртінші қара сөзі
Жұрттың бәрі біледі өлетұғынын және өлім үнемі қартайтып келмейтұғынын, бір алғанды қата жібермейтұғынын. Қазақ осыған да, амал жоқ, нанады, анық өз...Қара сөздер. Абайдың отыз үшінші қара сөзі
Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі - қазақтың әулиесі сол. Бірақ...Қара сөздер. Абайдың бірінші қара сөзі
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті...Қара сөздер. Абайдың алтыншы қара сөзі
Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды - бірлік, ырыс алды - тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады - білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.