Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем
Сабақтың мақсаты: хабарлы сөйлемнің айтылу мақсатымен таныстыру, сөйлемдердің ара жігін ажыратып, тыныс белгісін дұрыс қоюға дағдыландыру.
Міндеттері: 1. Сөйлемдердегі сөздерді дұрыс байланыстыра білуге үйрету, сөйлемді тиісті дауыс интонациясын сақтап айтуға дағдыландыру, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
2. зейіндері мен есте сақтау қабілеттерін дамыту, қазақ тілі сабағына қызығушылықтарын арттыру.
3. өз беттерінше жұмыс істей білу дағдыларын арттыра отыра патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік, ізденушілік, АКТ.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, шығармашылық тапсырма, тірек сызба.
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Психологиялық икем
Сабақты біз бастайық
Артта қалып қояйық.
Еліміздің тұғырын,
Биік бізде ұстайық.
Ендеше, балалар, мен өзіме де, өзгелерге де ашық аспан, Отаныма тыныштық пен бейбітшілік тілеймін!
Ашық аспан дегенді қалай түсінеміз?
Жауап
Бейбітшілік, тыныштық ұғымы қандай ұғымды білдіреді?
Жауап
Олай болса, біз бүгін «қазақ тілі» сабағынан еліміздің көк туы әрқашанда желбіреп тұруына өз қол ұшымызды берейік.
Ендеше, балалар осы желтоқсан айында қандай мерекелер бар еді?
Президент күні, тәуелсіздік күні
ІІ. Жаңа сабақ
Сөзжұмбақ құрастыру
1. Сәлем алып алыстан, туысыңнан, таныстан, келетұғын не?
2. Мәтіннің атауы қалай аталады?
3. Мәтіннің әрбір бөлігі қалай аталады?
4. Сөйлемнің бірінші әрпі қандай әріппен жазылады?
5. Аппақ, аппақ ақ мамық, жерде жатыр тапталып.
6. Еліміздің тәуелсіздік алған айы
7. Аяғыма байладым, қос таяқпен айдадым.
Тігінен қандай сөз шықты? (хабарлы)
Бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
«Сөйлем сөзіне» кластер құрастыру.
СӨЙЛЕМ: бас әріппен жазылады, аяқталған ойды білдіреді, сөзден құралады
сөздер бөлек жазылады, соңынан тыныс белгісі қойылады
Сөйлем: Хабарлы, сұраулы, лепті
1 - жаттығу. Сурет бойынша мәтін құрастыру. Мәтін неше сөйлемнен тұратынын анықтау. Әр сөйлем не жайында хабарлап тұрғанын айтады.
2 - жаттығу. Мәтінді оқып, талдау. 2 сөйлемді көшіріп жазып талдау.
(хабарлай айтылған сөйлем соңына тыныс белгі туралы айту)
Ережені түсіндіру. (хормен оқыту
3 - жаттығу. Тірек сөздерді байланыстыра сөйлем құрау. (қоян, қалың, қыс, із, ақ, қар, орман, тон)
Қорытындылау: Сұрақ - жауап арқылы, 4 - жаттығуды өздік жұмыс ретінде орындатып, қорытындылау.
4 - жаттығу. Әр мақалдың жалғасын тауып жаз. (Оқушылар хабарлы сөйлем туралы алған білімдерін тиянақтайды)
Үйге тапсырма: 5 - жаттығу 78 - бет Аяқталған ойды білдіріп тұрған сөйлемді көшіріп жазу.
Бағалау: мадақтау
«Көк тудың желбірегені»
Хабарлы сөйлем
- ramuk_b
- 27 қаңтар 2015
- 6201
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Хабарлы сөйлем, сөйлем бас әріппен жазылады, аяқталған ойды білдіред
Ұқсас жаңалықтар:
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем жайында білім беру; көңіл – күйге байланысты айтылатын сөйлемдерді басқа сөйлемдерден ажырата білуге үйрету; жазу сауаттылықтарын...Лепті сөйлем
Қарағанды қаласы, № 6 ЖББОМ бастауыш сынып мүғалімі Ахметова Бахыт Махметовна...Лепті сөйлем
Қарағанды қаласы, Қазыбек Би ауданы, «№6 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Кордабаева Жулдыз Мухаметжановна...Хабарлы сөйлем
Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы «Сымбат» жеке мектебі Макуова Нуршат Аманкосовна Ісанатты мұғалім Қазақ тілі 2 cынып Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем...Сөйлем
Атырау қаласы Ы. Алтынсарин атындағы №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Құбиева Зауреш Паңгерейқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.