Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің өз тілдерін сақтауына, дамытуына жасалып жатқан қамқорлық баршылық, бұл – жақсы. Менің қанағаттанбаушылығым қазақ тіліне, мемлекеттік тілге байланысты. Жалпы, біздегі тіл мәселесі дегенде, әңгіме тек қазақ тілі туралы болуы керек қой.
Тілші ғалымдардың айтуына қарағанда, жыл сайын дүние жүзінде шамамен 25 тіл жойылады екен. Әрине, қазақ тіліне ондай қауіп әзірге төніп тұрған жоқ. Сондай - ақ бір миллион адам сөйлейтін тіл өлмейді дейтін тағы бір пікір бар. Бірақ, солай екен деп қол қусырып немесе көпірме сөзді малданып отыра беруге болмайды.
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту тұрғысында айтсақ, бұл жерде алдымен намыс жетпейді, жеті атасынан бері қазақ болып келе жатқандардың, Қазақстанды мекен етушілердің қазақша білмеуі – сол намыссыздықтан. Ал мемлекетке қызмет ететін, қызмет етуге тиіс қызметкерлер мен шенеуніктердің сол мемлекеттің тілін білмеуі – ниеттің жоқтығынан. Президент “Ана тілі” газетінде айтты ғой, мына әкімқаралар мен министрлер сол айтылғандарды асыра орындамаса да, жетеғабыл етсінші. Жетіп жатыр. Бірақ соған ниет жоқ. Ең бастысы, көзқарасты өзгерту қажет: намысты оятып, ниетті түзеу керек.
мемлекеттік тіл, мәртебесі конституцияда бекітілген, мемлекеттік мекемелерде іс - қағаздар осы тілде жүргізіледі. Әдетте мемлекет негізін құраушы әрі жердің байырғы иесі болып саналатын халықтың тілі мемлекеттік тіл болып бекітіледі. Бірақ ұзақ уақыт отар болып, өз тілін ұмыта бастаған кейбір елдерде отарлаушы елдің тілі мемлекеттік тіл болып бекітілген.
Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлері мен тілдік нормаларында қалыптасқан, кейінгі кезде ақындар, жыраулар мұрасы арнасына құйылған, ұлы Абай мен Ыбырай шығармашылығы арқылы бізге жеткен қазіргі қазақ әдеби тілі. Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929 - 1940 жылдары латын графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолдануда. Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі — әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай - ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр.
Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері Қазақстанның халқын, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс - әдебиетін, әдет - ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін білуі міндетті.
Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.
Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі.
Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғы шарты бар. Атап айтқанда, сол тілді қолданушылардың санының жеткілікті болуы, табиғи және табиғи емес тілдік ортаның болуы, республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және ауызша әрі жазбаша түрде қызмет етуі сияқты сыртқы факторлардың болуы, сондай - ақ қазақ тілінің құрылым - жүйесі жетілген, лексика - фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрі бар ұлттық тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың болуы – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді.
Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі қоғамдық өмірдің аса маңызды мынадай салаларында жүзеге асады: басқару, ақпарат, білім беру мен тәрбие ісі (мектепке дейінгі мекемелер, бастауыш, орта мектеп, жоғары мектеп), ғылым мен техника (ғылыми - зерттеу мекемелерде); қоғамдық ғылымдар, жаратылыстану мен нақты ғылымдар, техникалық және қолданбалы ғылым, экономика салаларында, ғылымның жалпыға ортақ салаларында, бұқаралық ақпарат құралдары саласында, іс жүргізу саласында; мемлекеттік, қоғамдық - саяси, мәдени мекемелер мен ұйымдарда; дене тәрбиесі, спорт, туризм, денсаулық сақтау мен емдеу мекемелерінде; қоғамдық тамақтандыру орындарында; өнер мекемелерінде (театр, кино); дипломатиялық қарым - қатынаста; әскери - патриоттық тәрбие және білім беру ісінде; шаруашылық жүргізу және ұйымдастыруда; өндіріс және өнеркәсіп орындарында; Қазақстан Республикасында өтетін республикалық, халықаралық құрылтай, конференция, мәжіліс, жиындар т. б. Елбасымыз атап айтқандай, «барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігін әрқашан есте сақтауымыз керек. Бұл күндері қазақ тілінде жер бетінде 15 миллионнан астам адам сөйлейді. Егер қазақ тілінің түркі тілдер тобына кіретінін, әлемдегі 30 - ға жуық түркі тілдерінде 200 миллионға тарта адамның сөйлейтінін ескерсек, қазақ тілін ұғатын, түсінетін, оны ұлтаралық қатынас құралы ретінде пайдалана алатындар саны тіпті көп.
Мемлекеттік бағдарламаның басты стратегиялық мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу орындары, мемлекеттік қызмет және қоғамдық - саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік саласының барлығында да батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажетіне айналдыру. «Балық басынан шіриді» дейді халық. Үлкенді - кішілі басшылар қашан қазақша сөйлесе, халық сонда қазақша сөйлейді. Ол үшін, бірінші кезекте үкімет басында отырғандар мен парламент мүшелері қазақша сөйлеп, барлық мәжілістерді, барлық ісқағаздарын қазақша жүргізулері тиіс. Қазақ тілінің – мемлекеттік тіл екендігі рас болса, мемлекеттік қызметке орыс тілі мен ағылшын тілін білетіндерді емес, қазақ тілін білетіндерді алу керек. Бұлай ету қолдарынан келмеген жағдайда үкімет барлық облыстық, аудандық, қалалық салық комитеттеріне берілген құқықтардай құқықты Тіл комитеттеріне де берсін. Яғни қазақша сөйлемейтіндерге, ісқағаздарын қазақша жүргізбейтіндер мен қазақша жарнама бермейтіндерге Тіл комитеттерінің айыппұл төлеттіретін құқықтары болсын. Ұлттық намыстары жоқ, ардан, ұяттан қорықпайтындар, сөз жоқ, қалталарындағы ақшаларынан қорқады. Олар бірден мемлекеттік тілде сөйлей бастамаса, құлағымды құнтитып, мұрнымды шұнтитып кесіп беруге мен әзірмін.
Бағдарламаны іске асырудың он жылдық кезеңі алдымызға жаңа міндеттер жүктейді. Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді дамыту бойынша біршама жұмыстар жүйелі түрде атқарылып жатқаны мәлім. Мысалы, прокуратура саласындағы қызметкерлерге мемлекеттік тілді үйрету сабақтары тұрақты түрде ұйымдастырылып жүргізілуде. Осы сабақтардың нәтижесінде қазақ тілін үйренген басқа ұлт өкілдері де бар. Қазіргі уақытта барлық құжаттар, іс - қағаздар мемлекеттік тілде орындалады. Мемлекеттік тілге деген талап күшейтілді.
Елбасымыз: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» — деп атап көрсеткен - ді. Тіл қарым - қатынас құралы болуымен бірге оны тұтынушы халықтың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын, дүниетанымдық ерекшелігін, ұлттық болмысын, рухани - мәдени байлығын, сан ғасырларға созылған даму тарихын ұрпақтан - ұрпаққа жалғастырып, жеткізуші, жинақтаушы қызметін атқарады.
Сондықтан да патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңыздағы мәселе — мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекттік тіл — бұл Отан бастау алатын ту, елтаңба, әнұран секілді дәл сондай нышан. Және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс.
Осыған байланысты қоғамдық пікір мен ғалымдардың, зиялы қауым өкілдерінің туған тіл туралы тебіреніске толы толғауларында ұлт пен тілдің біртұтас, бір - бірімен тығыз байланысқан киелі асқақ ұғымдар екеніне баса мән беріледі.
Кеңес үкіметі тұсында Ахмет Байтұрсыновты, Міржақып Дулатовты басқа да ұлт зиялыларын қатты толғандырған осы тіл мәселесі еді. Қашаннан да елдіктің қайнар көзі – белгілі бір халық екендігі белгілі. Тарихи тұрғыдан келгенде, қандай болмасын мемлекет әдетте ұлттық мемлекет ретінде пайда болады. Оның мемлекеттік құрылтайшысы, әрі әлеуметтік базасы белгілі бір этникалық қауым болып табылады. Тарихи және жалпы азаматтық практикада, бұл солай. Яғни, ел болған жерде оның тілі - мемлекеттік тіл болуы керек. Біздің еліміз қазақ елі болғандықтан, мемлекеттік тіліміз де қазақ тілі. Тілді оқып - үйренуді жоғары деңгейге көтеру қажет. Қазақ тілін білу еліміздің әрбір тұрғынының кәсіби қажеттілігі ғана емес, сонымен қатар азаматтық парызы болуы қажет. Мемлекеттің тілді білмейтін түлектерді шығаратын жоғарғы оқу орны бар мемлекетті табу қиын. Өз сөзінде Президент Н. Ә. Назарбаев: … Қазақстанның жастары мынаны білуі тиіс: мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарында немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды. Мемлекеттік тілде қойылған сұрақтарға сол тілде жауап беруге тура келеді. Уақыт бар, мүмкіндік бар, мемлекеттің қолдауы бар — өз функцияларыңды қажетті деңгейге жүзеге асыру үшін тілді үйрену керек.
Бұл Ата заңымыздың 7 - бабында «тайға таңба басқандай» етіп, мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп атап көрсетілген. Сондықтан да мемлекет өз тілін сақтап, оның қолдану өрісін кеңейту үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек. Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Тіл – тек қарым - қатынас құралы ғана емес, ол – ұлттық діліміздің көрініс табатын әлеуметтік құбылысы, мәдениетіміздің биік тұғыры да. Сондықтан тіл әлемдегі ұлттық мәдениеттің ара қатынасында аса маңызды рөлге ие.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда. Бірақ әлі шешілмей жатқан түйінді мәселелер де баршылық.
Тәуелсіздігінің ең басты белгісі — оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір - қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез - келген мемлекет өзінің аумақтық салт - дәстүрін, ана тілі білу керек. Сонымен мемлекеттік тілдің тағдыры ұлттық оң болмыстың оянуын қажет етіп отыр. Шынтуайтына келгенде, мәселеге тереңірек үңілсек, істің тетігі, яғни қазақ тілінің тағдыры қазақтың өзінің қолында. Өркениетті елдерде тіл тағдыры көбіне - көп бұқараның белсенділігімен, биліктегі қазақ азаматтарының ұлтжандылық қасиеттерінің биіктігімен шешіледі. Біздің ең басты жолымыз да осы болуға тиісті. Бұған жиырма жылдық жаңа өміріміз де, алдыңғы қатарлы елдердің тарихи тәжірибелері де толық дәлел бола алады.
Әдебиеттер тізімі: Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемелігі №2 (5) 2014ж Қазақстан мектебі №1 2011ж
Қазақ тілі мен әдебиеті республикалық журналы №3 2010ж Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл ғылыми - әдістемелік журнал №6 2013ж
Қазіргі кездегі мемлекеттік тілдің қолдану аясы
- Амангул
- 8 қаңтар 2015
- 7836
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазіргі кездегі мемлекеттік тілдің қолдану аясы, баяндама қазақ тілі туралы
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ тілін лингвомәдени тұрғыдан оқыту әдістері
Қазақ тілін мемлекеттік тіл мәртебесінде оқыту қазақ тілін елімізде тұратын жүз отыздан астам ұлттардың ортақ тіліне айналдыру, ресми құжаттар...Қазақ тілін лингвомәдени тұрғыдан оқыту әдістері
Қазақ тілін мемлекеттік тіл мәртебесінде оқыту қазақ тілін елімізде тұратын жүз отыздан астам ұлттардың ортақ тіліне айналдыру, ресми құжаттар...«Тіл дамыту» курсы
Шет ауданы, Ақжал кенті, Ш. Батталова атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кусайнова Мугилсим Сатбековна...Ағылшын тілін дамыту (бастауыш сыныптарға арналған таңдау курс бағдарлама)
Ағылшын тілін дамыту (бастауыш сыныптарға арналған таңдау курс бағдарлама)...Мемлекеттік тіл
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, № 250 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Баймаханова Г.М Тақырыбы: Мемлекеттік тіл 7 «А» сыныбы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.