Тақырыбы: Махамбет өлеңдерінің ерекшеліктері, мәні.
Мақсаты: білімділік - Махамбет жырларының әр алуан тақырыпты қамтитынын, өлеңдеріндегі өршіл рухты, жоғары деңгейде таныту, жырларының көркемдік ерекшелігін, өзіне тән тілін, мәні мен маңызын ұғындыру,
Тәрбиелік - Отанын сүюге, шыншылдыққа, адамгершілікке баулу,
Дамытушылық - ойлау, өзіндік ой өрбіту, қиялдау, салыстыру, ой қорыту сияқты қабілеттерін арттыру.
Түрі: семинар сабақ. Әдісі: баяндау сұрақ - жауап, РАФТ, іздену - зерттеу. Пәнаралық байланыс: тарих, география.
Көрнекілігі: Махамбет портреті, «Аңыз адам»журналы, жазылған плакаттар, слайд, бүктемелер, Атлас картасы.
І Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, психологиялық дайындық жасау( Әр топ бір - біріне бүгінгі сабаққа қатысты жақсы тілектерін айтады.)
Сабақтың эпиграфы:
Махамбет
Махамбет...
Білмеймін жел ме, сел ме,
Жырда онымен бір тұлға теңесер ме?
Әділетсіз дүниенің қабырғасын
Махамбетше сөгер жан кездесер ме? Фариза Оңғарсынова өлеңімен
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Оқушылар бүгін бізде ерекше сабақ. Ашық журнал түрінде өтетін сабағымызда Махамбеттің ақындық дарыны, күрескер ақындығы, айтулы күйшілігі жайында әңгімелеп, ой қозғамақпыз.
ІІ Қызығушылықты ояту. І топ «Ақын», ІІ топ «Батыр», ІІІ топ «Күйші» сөздерінің мағынасын айтады. Осы үш қасиетті бойына дарытқан кім ойымызға келеді? (Махамбет Өтемісұлы). Махамбеттің суретін көрсету.
Бағалау парағын топ басшысына тарату.
Менің атым – Махамбет,
Жасқұстағы Жәңгір хан
Ісінен болдым құса - дерт.
Атасы өткен Айшуақ
Соны көзі көрді ғой:
Менің атам Өтеміс
Елдің қамын жеді ғой - деген жалынды отты сөздерін еске ала отырып сабағымызды жалғастырайық.
ІІІ. Білімді тексеру. І топ Махамбет өміріне байланысты жылдардың дұрыс мәліметін сәйкестендіреді.
ІІ топ Исатай – Махамбет көтерілісі жайында жалпы мағлұмат беріп, Исатай – Махамбет бастаған көтеріліс картасы бойынша ақпарат таратады.
ІІІ топ өткен сыныптардағы Махамбет өлеңдерін сызба арқылы көрсетіп, бір шығармасын жатқа мәнерлеп айтады.
Өлеңдері: «Тарланым», «Соғыс», «Мұнар күн», «Жалғыздық», «Қызғыш құс», «Ереуіл атқа ер салмай», «Мен - құстан туған құмаймын».
ІҮ. Мағынаны тану. Тақырыпқа қатысты нақты талдау жүргізіледі.
Мұғалім:
Махамбеттің өлеңдерінің бастан аяғына дейін жырлаған негізгі өзекті тақырыбы – жастарды елін, туып өскен жерін қорғау үшін «жалаулы найза қолға алып, жарақты жауды тоқтатып» есі үшін құрбан болған елдің арманы жоқ, туған халқы, елі үшін кездескен қиыншылықты жеңе білуге жас ұрпақты үгіттеді.
Махамбеттің:
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығуға
Қас үлектен туған катепті
Қара нар керек біздің бұл іске.
Қабырғасын қаусатып,
Біздің бүйткен бұл іске, - деп аталатын өлең жолдарында жастарды қандай ма болмасын қиындықты жеңе білуге туып өскен Отанын елін сүюге, елжандылыққа тәрбиелеуге жас ұрпақты үндеді. Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңінде де ақынның еліне деген сүйіспеншілігі тамаша өрнектелген. Ақын психологиялық параллелизмді шебер қолдана отырып, қызғыш пен өз тағдырын салыстырады. Махамбет көл қорыға қызғыштай елі үшін отқа түседі:
І топ: Махамбеттің Исатай жайында және Исатай қаза болған соң шығарған өлеңдері.
ІІ топ: Махамбеттің өзі жөніндегі өлеңдері.
ІІІ топ: Көтеріліс, соғыс жайындағы өлеңдері.
Ү. Өзіндік іздену - зерттеу жұмысы. Бұл жұмыста оқушылар толығымен білім алу мақсатында қосымша іздену жүргізеді және қорғау жұмысын ұйымдастырады.
Махамбет – күйші
«Жайық асу» «Қайран Нарын»
«Жауға шапқан», «Жұмыр қылыш», «Өкініш» «Исатайдың Ақтабаны - ай», «Шілтерлі терезе»
І топ: Махамбеттің күйлері жайында.
ІІ топ: Махамбет жөніндегі жазылған ақын - жазушыларымыздың ой - пікірлері.
ІІ топ: Қазіргі кезде Махамбетке арналған әр жерлердегі ескерткіштермен мен ғимараттар.
ҮІ. Ойтолғаныс. Кескінді қағаздарды таңдай отырып, 3 топқа бөлінеді. Қылқалам суретін – қаламдары ұштала берсін деген ниетпен ақындар тобы, хат суретін - сәлемдері алысқа самғасын деген оймен батырлар тобы, кітап суретін - білім нәрін сусындасын деген ниетпен күйшілер тобы таңдайды. Тапсырмалар төмендегідей:
І Ақындар (Махамбетке арнаған ақындардың өлеңін жатқа айтады.)
ІІ Батырлар ( Махамбетке хат жазады.)
ІІ Күйшілер («Махамбет өлеңдері жайында» шығарма жазады.)
ҮІІ. Қортынды:
Өзге елде зерделі ақын бар ма осындай,
Салмағы әр сөзінің қорғасындай.
Көңілде өзгермейтін табы қалған,
Тарихтың тасқа соққан таңбасындай,- дей келе Махамбет бабамыздың тарихтағы ізі мәңгі өшпестей ұрпақтан - ұрпаққа айтыла берер мұра екендігін айтып, Сабақты қорытындылаймын.
ҮІІІ. Бағалау. Топ басшылары бағалау парағы бойынша сөйлейді.
ІХ. Үйге тапсырма: Қалаған Махамбет өлеңдерін жаттап келу.
Махамбет өлеңдерінің ерекшеліктері, мәні
- Амангул
- 6 қаңтар 2015
- 20867
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Махамбет жырлары, Махамбет өлеңдерінің ерекшеліктері, мәні
Ұқсас жаңалықтар:
Өр тұлғалы Махамбет
Қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздікке қолымыз жетті. Осы Тәуелсіздікке жету жолында талай тарихи өр тұлғаларымыз өмірін қиды. Рухты...М. Өтемісұлының "Соғыс" өлеңі
Сабақтың мақсаты: білімділік - өлеңнің авторы туралы мәлімет беріп, өлеңнің айтайын деген ойын, Исатай - Махамбет бастаған көтерілістің мақсатын,...Махамбеттің ақындық, азаматтық бейнесі
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп- гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каримова Гульмира Сафиуллиевна..."Махамбет Өтемісұлының өлеңдері"
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа батыр атындағы № 70 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаржаубаева...Махамбет Өтемісұлы "Соғыс"
Атырау облысы,Исатай ауданы, Нарын селосы, жалпы білім беретін Нарын орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бөбек Есмағанбетова...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.