Тақырыбы: Еліктеу сөздерді қайталау.
Мақсаты: білімділік - еліктеу сөздердің түрлерін, ерекшелігін қайталата отырып, білімдерін жетілдіре түсу.
Дамытушылық - ойлау, қабылдау, меңгеру қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік - адамгершілік ізгі қасиеттерге, өнегелік ортаға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ, өтілген сабақты қайталау.
Оқыту формасы: Жауынбай Қараев технологиясы.
Әдісі: жаттығу, топпен, талдау арқылы, сұрақ - жауап, тест жұмысы.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Көрнекілік: сөзжұмбақ, тақырып жазылған плакат, үлестірмелі қағаздар, оқулық.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын бақылау.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау, қорыту.
ІІІ топқа бөлу. сайысымыздың бөлімдері: І топ -«Еліктеуіш»
ІІ топ - Бейнелеуіш»
1. Үй тапсырмасын тексеру.
2. Қайталау - білім айнасы.(Сұрақ - жауап)
3. Деңгейлік тапсырмалар.
4. Сөзжұмбақ шешу.
5. Топ жетекшілерінің сайысы:( фонетикалық талдау)
6. Сөзжұмбақ шешу.
7. Тест жұмысы.
1. Үй жұмысы: 335 - жаттығу. Көп нүктенің орынына еліктеуіш сөздерді қойып келу.
2. Сұрақ - жауап.
1. Біз қандай сөз табын өттік? (еліктеу)
2. Еліктеу сөз деген не? (әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл - әрекеттеріне еліктеуден туған немесе қимыл әрекетті бейнелеп тұратын сөздер)
3. Құрамына қарай нешеге бөлінеді?(2)
4. Дара еліктеу сөздің ережесін айт. (негізгі және туынды түбірден тұрады)
5. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?(2)
6. Еліктеуіш сөз дегеніміз не? (Естілген дыбыстарға еліктеу арқылы пайда болған сөздер)
7. Табиғаттағы заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы сипаттайтын, бейнелейтін сөздер қандай сөздер? (бейнелеуіш)
8.- аң,- е - ң, ің - ң жұрнақтары жалғану арқылы жасалған қандай еліктеу сөздер?(туынды)
9. Еліктеу сөздерден зат есім жасайтын жұрнақтар қандай? (ыл,- іл,- л,- ғыр,- гір)
10. Тұлғасына қарай нешеге бөлінеді? (2)
І деңгейлік тапсырма.
1 - топқа. Берілген еліктеу сөздерді етістіктермен тіркестір, сөйлем құра.
Бұрқ - сарқ қайнады. Зыр - зыр жүгірді.
Сатыр - сұтыр естілді. Гүрс етті.
Шиқ - шиқ күлді. Сарт - сұрт жабылды.
Зу - зу ете қалды. Қытыр - қытыр етті.
2. Еліктеу сөздерді құрамына қарай ажыратып жаз.
Тырс - дара, қызараң - дара, талпаң - талпаң – күрделі, баж - баж - күрделі, саңқ - саңқ, қаңқ, маймаң.
2 - топқа. Етістіктерді тиісті еліктеу сөздермен тіркестір, сөйлем құра.
Жалт қарау шиқ - шиқ күлу.
Тарс - тарс құлау. Дүрс - дүрс жүру.
Қытыр - қытыр шайнау сарт - сұрт соғылу.
Желп - желп секіру.
2. Еліктеу сөздерді құрамына қарай ажыратып жаз.
Күрс, жылт - жылт, қыңқ, тапыр - тұпыр, сырт - сырт, жалп, сарт,
ІІ деңгейлік тапсырмалар.
1 - топқа. 1. Берілген еліктеуіш сөздердің білдіретін мағынасын дұрыс жаз.
Үлгі: қалш - қалш ету.( мұздау, тоңу)
Жүрегі дүрс - дүрс соғу.( қорқу, қобалжу)
Шақ - шұқ болу (ренжісу)
Қалбалақтай жүгіру.(қуану)
2. Мына тіркес сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
Күбір - күбір сөйледі, тырс - тырс тамшылады, шарт - шұрт сынды.
2 – топқа. Берілген еліктеуіш сөздердің білдіретін мағынасын дұрыс жаз.
Сақ - сақ күлді (күлкіні)
Лек - лек болып жүру.( адамның көптігі)
Шыр - пыр болды.( жаны ашыды, уайымдады.)
2. Мына тіркес сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
• Күмбір - күмбір күй төкті, тарс - тұрс атылды, желп еткізді,
Сергіту сәті
• 1. Жай ғана сарт етіп жабылады
• Іздегенің ішінен табылады (сандық)
• 2. Қорбаң – қорбаң еткен
• Өмірі орманда өткен (аю)
• 3. Сырт – сырт еткен дыбысы
• Ояту оның жұмысы (сағат)
• 4. Жалт – жұлт етеді
• Жерге сіңіп кетеді (қар)
• 5. Тоқ – тоқ етіп тамағын
Ағаштан іздеп табатын (тоқылдақ)
5. Сөзжұмбақ
Сұрақтарға жауап бергенде ерекше торкөзде «Еліктеу»деген сөз шығады.
1. Қатты қорыққан кездегі қозғалыс (селк)
2. Қазанның жай қайнауы(бүлк)
3. Ең жіңішке дауыстың естілуі (шіңк)
4. Жөтелдің түрі(күрк)
5. тамшының дыбысы (тырс)
6. Күлкінің түрі(кеңк)
7. Қасыңнан бір нәрсе өте шықты, қалай сипаттайсың? (зу)
2. Сөзжұмбақ
Оқушылар, егер сөзжұмбақты дұрыс шешсең, көрсетілген ерекше торкөзде «Еліктеуіш» сөзі шығады.
1. Сөз табы.- еліктеу
2. Биік сөзіне антоним.- аласа
3. Әдемі сөзіне синоним - көрікті
4. Сөз табы.- етістік
5. Күшейткіш үстеу.- өте
6. Тар сөзіне антоним.- кең
7..... не түгел болса, төбедегі келеді.?
8. септік саны нешеу?(жеті)
9. Қос сөздің сыңары: бала -....
6. Фонетикалық талдау.(топ жетекшілер сайысы)
1 топқа. Бұралаң – бұ - ра - лаң, 7 әріп, 7 дыбыс, 1, 2 а. б. 3 б. б
Б - д\сыз, ұяң
Ұ - д\ты, жуан, қысаң, еріндік
Р - д\сыз, үнді
А - д\ты, жуан, ашық, езулік.
Л - д\сыз, үнді
А - д\ты, жуан, ашық, езулік.
Ң - д\сыз, үнді
2 - топқа. Тырсыл - тыр - сыл, 6 - әріп, 6 - дыбыс, 1, 2 - б. б.
Т - д\сыз, қатаң
Ы - д\ты, жуан, қысаң, езулік
Р - д\сыз, үнді
С - д\сыз, қатаң
Ы - д\ты, жуан, қысаң, езулік
Л - д\сыз, үнді
7. Тест жұмысы. Оқулықтан.
Үй тапсырмасын беру: Еліктеу сөздерді қайталау, 344 - жаттығу. Кестемен жұмыс жасау,
«Балық аулай барғанда» тақырыбына еліктеу сөздерді қатыстырып әңгіме жазу.
Жеңген топты анықтап, жеңісімен құттықтау.
Бағалау.
Еліктеу сөздерді қайталау
- Амангул
- 6 қаңтар 2015
- 33668
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Еліктеу сөздерді қайталау, қазақ тілі пәнінен сабақ, еліктеу сөздер
Ұқсас жаңалықтар:
Негізгі және туынды еліктеу сөздер
Сабақтың мақсаты: Негізгі және туынды еліктеу сөздер туралы түсінік беру....Сөз таптары
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары Сабақтың мақсаты: 1. Сөз таптары. Сөз таптарының түрлері туралы оқушылардың білімдерін, ұғымдарын қайталау...Еліктеуіш сөздер
Шығыс - Қазақстан облысы, Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ерғазинова Оразкен Қойшыбекқызы...Еліктеуіш сөз
Білімділік: еліктеу сөздің мағыналық түрлерін біліп, еліктеуіш сөздің мағынасын, пайда болу тәсілін, қолданылу аясын түсіну; Дамытушылық: ой...Еліктеу сөздер туралы түсінік
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы Аққұдық орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Уразтаева Асет Куандыковна....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.