Тақырыбы: Тіл тағдыры – ел тағдыры
Мақсаты: Оқушыларға ана тілін құрметтеп, қадір – қасиетін ұғындыру, қазақ тілінен алған білімдерін жүйелей отырып, адамгершілікке баулу, ақылды, салмақты сөз айтуға, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр оймен шешен сөйлеуге көңіл бөлу, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Тілге деген сүйіспеншілікке, тілді құрметтеп қадірлеуге, тілге деген құрмет барлығымыздың бойымызда болуы керек екені туралы айту.
Түрі: Интеллектуалдық ойын
Әдісі: Сайыс
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, бүктемелер
Барысы. Ашылуы:
Құрметті бүгінгі кешіміздің қонақтары, ойынға қатысушы оқырмандар сіздерді бүгінгі тіл мерекесімен құттықтап бойларыңызға күш, қуат, тілдеріңізге мол байлық, саналарыңызға терең ұшқыр ой тілеймін. Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім бар да айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін, - деп Әбділдә Тәжібаев атамыз айтқандай, тіл – халықтың жаны, сәні тұтастай кескін келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен дәстүрі. Біздің осындай қасиетті мұрамыз, ана тіліміз - қазақ тілі. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі өте бай тіл. Осы бай тіл – біздің мақтанышымыз. Әрқашан біз өзіміздің ұлттық тілімізді, ана тілімізді қадірлеп, оны әрі қарай дамытып отыруымыз керек.
1 - оқушы: Ана тілі – біздің туған анамыз,
Анамыздай сыйлап, бағып - қағамыз.
Ана тілін бағаласақ, қалай біз,
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
Анасынан безген ұл деп қараңыз.
2 - оқушы: Тілім, дінім, мақтанышым, шаттығым,
Үнім барда пәк көңілде жоқ мұңым.
Қазақ болып, қазақ тілім болмаса,
Не етемін өзге тілдің көптігін.
Тілім, дінім, самғасын, шарықтасын,
Самғаудан еш уақыт жалықпасын.
Өз алдына өмірден теңдік алған,
Ана тілім көгімде қалықтасын.
3 - оқушы: Жаса мәңгі – ана тілім, жан тілім,
Жаса мәңгі – дара тілім, жарқылым.
Көкірегімнен көтерейін ар туын,
Мәңгілікке нұрландырсын жарқылың.
4 - оқушы: Сенің арқаң – дүниеден сыр ұқсам,
Сенің арқаң – жүзіп ішсем тұнықтан.
Туған анамды ұмытқаным емес пе?
Туған тілім – егер сені ұмытсам.
Бастаушы: Міне осындай ұлағатты сөздерден кейін тебірене отырып «Сөз мерген» ойынымызды бастайық.
Ойынның шарты:
Ойын 7 бөлімнен тұрады, әр бөлімде 10 ұяшықтан болады.
«Мақал – сөздің мәйегі» мақал – мәтелдердің жалғасын табу.
«Білгенге маржан» берілген сөздердің омоним, синонимдік қатарларын табу.
«Тіл байлығы» тұрақты тіркестердің мағынасын ашу.
«Сөз байлығы» «Ана тілім – айбыным» тақырыбына шағын ой толғау.
«Болмасаң да ұқсап бақ» берілген өлеңді өз ойымен жалғастыр.
Сұрақ – жауап. Тілге егемендікке байланысты сұрақтарға жауап.
«Ұшқыр ой» соңында қалған екі қатысушы «Қанағаттандыралық» сөзінен сөздер құрау.
Ойынға қатысушылар орындарына жайғасуда.
Олай болса сәт сапар! Ойынымыздың бірінші бөлімі бойынша «Мақал – сөздің мәйегі» мақал – мәтел жалғасын табу.
1. Шебердің қолы ортақ........
2. Бал тамған тілден..........
3. Ең тәтті де тіл, ең ащы да тіл...........
4. Тіліңмен жүгірме............
5. Қотыр қолдан жұғады....................
6. Атпаз көрген ат таныр................
7. Атаңа не қылсаң................
8. Аға – еңбекпен көркем....................
9. Піл көтермегенді................
10. Өнер алды.....................
Екінші бөлім «Білгенге маржан» ұяшықтарда сөздер жазылған сол сөздердің синоним, омоним қатарларын табу.
Ой
Атты
Көлеңке
Қасы
Қоспа
Ер
Дастан
Шаңырақ
Қол
Ашу
Қазылар алқасы осы екі бөлім бойынша ең аз ұпай жинаған қатысушыны анықтап, ойыннан шығарады.
3 бөліміміз «Тіл байлығы». Ұяшықта жасырылған тұрақты тіркестердің мағынасын ашу.
Бетінің кіріне бес ит тойғандай ( кір, лас)
Жүрегі аузына тығылды( қорқу)
Тайға таңба басқандай (анық, дәл)
Қоян жүрек ( қорқақ)
Бетінен оты шықты (ұялу)
Тонның ішкі бауындай (жақын)
Қас пен көздің арасында ( лезде, жылдам)
Маңдай терімен тапты ( өз еңбегімен)
Кірпік қақпады (ұйықтамады)
Терісіне сыймады ( ашуланды)
4 бөлім «Сөз мерген». Мұнда әр ұяшықта тіл туралы тақырыптар берілген, яғни тіл туралы шағын ой толғау жазу керек. Уақыт 3 минут.
«Ана тілім – айбыным»
«Қасиет пен құт дарытқан ана тіл»
«Мемлекеттік тіл – достық пен бірлік тілі»
«Тіл тағдыры – ел тағдыры»
«Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»
«Түркі тілдерінің ішіндегі ең гаухары – қазақ тілі»
«Тілім – тірегім»
«Өнер алды – қызыл тіл»
Би « Қара жорға»
Қазылар алқасы осы 4 бөлім бойынша ең аз ұпай жинаған ойыншымызды шығарып салады.
бөлім «Болмасаң да ұқсап бақ». Бұл бөлімнің шарты әр ұяшықта 2 жол өлең жазылған.
1. Жазира даласы бар,
Өскелең қаласы бар.
2. Мектеп – білім кемесі,
Айқара ашық есігі.
3. Ана тілім бәрінен қымбат маған,
Сол тіліммен нәр алып қуаттанам.
4. Әжетайым, әжешім,
Қандай жақсы әжесің.
5. Қандай қызық көктемде,
Күн шуағын төккенде.
6. Қадірлі анам, жан анам,
Сені көрсем қуанам.
Өте жақсы, ақындарымыздан кем емессіңдер. Ойларын одан әрі шыңдала берсін.
Сайыскерлеріміз жазып толтырғанша оқушылардың тіл туралы толғауларын тыңдайық.
5 - оқушы: Ана тілін – болашағың, келешегің,
Сен арқылы биікпен теңесеміз.
Өлең жазып, ой толғап өз тіліңде,
Шыққан адам боламын өсемін де.
6 - оқушы: Ана тілім - дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім!
Сенсіз менің қасіретті шаттығым,
Сенсіз менің тазалығым, пәктігім.
7 - оқушы: Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп,
Ана тілін, ана тілін,
Ана тілін – сүйеміз.
Келесі бөліміміз «Сұрақ - жауап». Ұяшықта жасырынған сұрақтардың жауабын табу.
Қазақ тілі туралы өлең жолы мен мақал – мәтел жатқа оқы.
Тіл заңы қашан қабылданды.
Ең алғаш мектеп ашқан кім?
Қазақстан Республикасының нышандарын ата
Елтаңбаның авторы кім?
Келесі бөлім «Ұшқыр ой» бөлімі. Тапсырма: « Қанағаттандыралық» сөзінен 3 минут уақыт ішінде сөздер құрап шығару. Ең көп сөз құраған ойыншы ойынымыздың жеңімпазы болмақ.
Жеңімпазды анықтаймыз.
Қорытынды: Қазақстанда тұратын барлық ұлттар еліміздің ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Халқымыздың тәуелсіздігінің басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті.
Тіл жайында толғанбайды кім бүгін,
Тіл жайында үгіттейді кімді – кім.
Сан мың жылдан сарқылмаған бұлағым,
Тілім менің, тілім менің – тірлігім!
Тіл тағдыры – ел тағдыры
- Bekzhan
- 9 желтоқсан 2014
- 7398
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ана тілін құрметтеп, қадір қасиетін ұғындыру
Ұқсас жаңалықтар:
Туған тілім – соғып тұрған жүрегім
Туған тілім – соғып тұрған жүрегім, Туған тілім – тірегім мен тілегім. Сенсіз қалай таныр едім әлемді, Туған тілім жарығыммсың әдемі....Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін...Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім
БҚО, Атырау облысы, Атырау қаласы, №17 мектеп - лицейінің бастауыш сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімі Габдижалел Арайлым Габдижалеловна...Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім
Тақырыбы: «Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім». Мақсаты: оқушыларды өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу....Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)
«Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.