Сайтқа кіру Тіркелу

Есімшені қайталау

Сабақтың тақырыбы: Есімшеден қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің ерекше түрі саналатын есімшенің түрленуін, сөйлемдегі қызметін түрлі әдіс - тәсілдер арқылы бекіту;
Дамытушылық: Жеке тұлғаның ойлау қабілетін дамыту арқылы өздігінен ізденуге, есімше формалы келген сөздің ерекшеліктерін анықтап, еркін талдау жасай білуге дағдыландыру, топтық тапсырмалармен жұмыс істеу, өзіндік ойын айту, шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: Туған тілін қастерлей білуге баулу, сауатты жазуға, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Әдіс - тәсілдері: СТО технологиясы, сұрақ - жауап, іздендіру, талдау, топтық жұмыс, кітаппен, тақтамен жұмыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентациялық слайдтар, кестелер, DVD диск
Пәнаралық байланысы: орыс тілі

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабақ мақсатын айту Оза шауып, бәйге алар,
Білуге жаны құштар жан.
Тілі арқылы әрдайым,
Білім, білік ұшталған.

Ой қозғау
“Келісу - келіспеу” стратегиясы / қара, қызыл белгілерді көтеру арқылы /
1. Етістік іс - қимылды білдіреді.
2. Есімше сөйлемде баяндауыш қызметін атқара алмайды.
3. Қалау рай - ғы, - гі, - қы, - кі жұрнақтары арқылы жасалады.
4. Етістіктің төрт шағы бар.
5. Есімше түрлене алмайды.
6. Болымсыз етістіктен кейін жалғанған есімшенің – с тұлғасы жіктелгенде, кейде І жақта – с есімше жұрнағы мен жіктік жалғауы қысқарып кетіп, - н түрінде қолданылады.

«Топтастыру» стратегиясы
І топ: Етістіктіктің түрлері
ІІ топ: Есімшенің жасалуы
ІІІ топ: Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Ой толғау
Қызықты тапсырмалар

І топ: Берілген есімшелерді оңаша және ортақ түрде тәуелдеу
Айтар, баратын, білген, оқитын.

ІІ топ: Берілген есімшелерді септеу.
Тапқан, барған, білетін, тозбас.

ІІІ топ: Берілген есімшелерді жекеше, көпше түрде жіктеу.
Көрген, тыңдаған, айтпақ, сөйлемек.
Жаттығу жұмыстары

І топ: 173 - жаттығу
Есімшелерге тұлғалық талдау жасап, олар сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықтау.
ІІ топ: 176 - жаттығу
Есімшені жұрнақтарына қарай ажыратып, қалай түрленіп, сөйлемнің қай мүшесі екенін айту.
ІІІ топ: 168 - жаттығу
Тәуелденген есімшелерді қатыстырып, сөйлем құрастыру.
Кім тапқыр? / Қызықты тапсырмалар, тосын сый/
Терме диктант / Өмірмен байланыс / Мәтіннен есімшелерді теріп жазу
«Қазақ» газетіне - 100 жыл.
Осыдан 1 ғасыр бұрын, яғни, 1913 жылдың 2 ақпанында «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрген еді. Содан бастап, бас - аяғы бес - ақ жылда бұл басылым қазақ даласының қоғамдық - саяси және мәдени өмірінде үлкен серпіліс тудырды. Ғалымдардың айтуынша, «Қазақ» газеті өзіне дейінгі «Түркістан», «Дала уәлаяты», «Айқап», «Серке» сынды басылымдардан тарихи маңызы әлдеқайда басым. Өйткені, «Қазақ» газеті ұсақ - түйек, халықтық мәселелерді емес, ұлттың тұтастығы мен тәуелсіздігі, ұлт сауаты сынды үлкен тақырыптарды ту етті. «Қазақ» газетінің ұлтқа берген пайдасын 3 - ке бөліп көрсетуге болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Есімше. Есімшенің жасалуы мен түрлері

Есімше. Есімшенің жасалуы мен түрлері

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушыларға есімше туралы түсінік, олардың жасалуы мен түрлері жайлы толық мәлімет беру. ә) дамытушылық: ой - өрісін,...
Есімшенің түрленуі

Есімшенің түрленуі

Есімше – сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің ерекше түрі. Ол бірде жіктеліп, етістік қызметін атқарса, енді бірде...
Етістіктің сөйлемдегі қызметі

Етістіктің сөйлемдегі қызметі

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы...
Есімшеден өткенді қайталау. 7-сынып

Есімшеден өткенді қайталау. 7-сынып

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Етістіктің ерекше түрі саналатын есімшенің түрленуін, сөйлемдегі қызметін түрлі әдіс - тәсілдер арқылы бекіту;...
Есімше

Есімше

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы «№ 11 ЖОББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Кадиркешова Зауре Кадархалиевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×