Сайтқа кіру Тіркелу

Эвфемизм мен дисфемизм

Сабақтың тақырыбы: Эвфемизм мен дисфемизм. 5 - сынып.
1. Білімділік мақсаты: Оқушылардың білімін дамыту, тереңдету, ізденістігін арттыра отырып, ой - өрісін кеңейту, тіл байлығын молайту, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, сауаттылығын арттыру, ережелерді түсіндіре отырып, ажырата білуге баулу.
2. Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттер дамыту, ізгілікке, ынтымақтыққа, халықтық педагогика негіздеріне баулу. Жақсы, әдемі, орынды сөйлеп, мәдениетті болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Іздендіру, салыстыру, топтау, ой жинақтау.
Сабақтың түрі: Тіл дамыту.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
а) Үй тапсырмасын тексеру.
- Сонымен, оқушылар – Табу дегеніміз не?
- Табу дегеніміз – ескі әдет – ғұрыпқа, діни – наным сенімге байланысты тура айтуға тыйым салынған сөздер.
Мысалы: Қасқыр – ұлыма, Найзағай – жасын
Өзен – сарқырама, Жылан – ұзын.
Қой – маңырама.
Мәтінмен жұмыс, оқушылар табу сөздерді табады.
Менің биыл ағам үйленді. Жеңешем бәрімізге ат қойды. Мені «Кішкенем», інімді «Шырақ», сіңлімді «Шырайлым» деп атап кетті. Ағайымның үлкен ағалары мен жеңгелерін де атымен атамайды. «Үлкен үйдегі қайнаға», «Әнші жеңгей», «Әкім аға», «Үндемес» деген аттары бар. Жеңешем о дүниелік болған адамдардың да атын атамайды, тергейді. Жақында жеңешем бәрімізге қуаныш сыйлады. Біздің ортамызға «тоқымқағар» қосылды. Бұрыннанда біздің жанұяда «Күлшашар», «Шайқұяр», «Гүл егер» бөпелер өте көп.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Эвфемизм (грек сөзі) – жақсы сөйлеймін,
Дисфемизм (грек сөзі) – дөрекі сөздер.
Эвфемизм дегеніміз – жағымсыз, дөрекі, қатты естілетін сөздерді сыпайы жеткізу.
«Жақсы» сөйлеймін деген мағына берді. Ал, Дисфемизм, керісінше дөрекі, қорлау, кеміту, жаратпай, жаман сөйлеу.
Тақтаға назар аударайық!
ІІ. Үйренушілік деңгей.

Кодоскоппен жұмыс.
Эвфемизм Дисфемизм
Жағымсыз естілетін сөздерді сыпайы жеткізу «Жақсы» сөйлеу
Мысалы: Қосып айту
Жарық дүние
Ақсаусақ
Жас
Қайтыс болды
Сөзуар
Ала жібін аттамау
Қолынан іс келмеу Кеміту, қорлау, жаратпай, жаман сөйлеу.
«Дөрекі» сөйлеу
Өтірік айту
Туу
Жалқау
Боқмұрын
Өлді
Мылжың
Ұрламау
Қолынан боқ келмеу

106 - жаттығуды жазбаша орындау (кітаппен жұмыс).
Ұры - қолының сұғанағы бар.
Өсекші - суайт, сөз таситын адам.
Боқмұрын - жас, жасы кіші адам.
Қырт - мылжың - көп сөйлеу.
Топас - білімсіз, надан
Саңырау – құлағы ауыр, құлағының мүкісі бар
Соқыр – көзі көрмейді, зағип адам.
Ақсақ – аяғын сылтып басу.
Сақау – мылқау, тілі жоқ.
Жынды – есуас, жарымес.
Ал, енді оқушылар ана тіліміз, тіл туралы мақал - мәтелдерді еске түсіріп кезек - кезек тақтаға жазайық! Мақал - мәтелдерді тақтаға жаздыру, ауызша айту.
1. Жанды жаралайтын да сөз,
Емдейтін де сөз.
2. Бал тамған тілден у да тамады.
3. Аз сөз алтын,
Көп сөз көмір.
4. Сөз қадірін білмеген,
Өз қадірін білмейді.
5. Жылататын да, жұбататын да сөз.
- Сонымен, балалар жылататын қандай сөздер, жұбататын қандай сөздер?
- Жылататын сөздер – Дисфемизмдер, жұбататын сөздер – Эвфемизмдер.
105 - жаттығу. Эвфемизм мен дисфемизмдерді теріп жазу.
Ақсаусақтар, ит терімді басыма қаптап.
Жылампаз, бейілі кедей, қызыл өңшең, оқыс сөйлейтін, пысқырма, Оттай берсін! Қағынды, түзге жөнелді, айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады, ана дүниеге кетіп бара жатады.
Деңгейлік тапсырмалар орындау: Үлестірмелі кәртішкілермен жұмыс.
1) Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған. (Дисфемизмді тап, Эвфемизмге айналдыр)
2) Қарағым, сөзді қосып айтпа! (Эвфемизмді, дисфемизмге айналдыр!).
3) – Қарағым, аузыңы келгенді оттама!
Аузыңнан ақ ит кіріп, көк ит шықта – ау!
(дисфемизм сөздерді тап, Эвфемизмге айналдыр).
4) Бағып - қаққан адал малыңның қолды болғаны қиын екен. (Дисфемизмді Эвфемизмге айналдыр).
5) Ағасы інісіне ренжіп: - Қолыңнан түк келмейді, - деді.
(Дисфемизмді Эвфемизмге айналдыр).
Сергіту сәті: Бір - екі - үш қолға қалам алып күш, Қолға қалам аламыз, Әдемі біз жазамыз, сауатты біз боламыз!
Антоним дегеніміз не?
- Антоним дегеніміз мағыналары қарама - қарсы сөздер. Тізімде Дисфемизмге Варваризм - боғауыз, былапыт, дөрекі, айтуға мүлдем болмайтын сөздер жатады.
Қорытынды: Сонымен балалар, бүгін қандай тақырып өттік?
Эвфемизм Дисфемизм
- Ережелерін айтайық!

Сыпайы сөйлеген жақсы ма, дөрекі сөйлеген жақсы ма?
- Күнделікті өмірде қай сөзді жиі қолдануымыз керек?
-«Оқу мен тәрбие егіз» - дегендей, білімді адам тәрбиелі болу керек, тәрбие сөзден басталады. Дисфемизмді, варваризмді қолданбай, ана тіліміздің қадір қасиетін дамытайық!

«Топтастыру» - стратегиясын толтыру.
жақсы
жылы жұбататын
жұмсақ шын
Сыпайы тәтті мағыналы аз
суық
Қатты жаман
Дөрекі жыланатын
Ащы мағынасыз көп өтірік
Шын орынды мәдениетті
Үлкенді тыңдап, аз сөйлеуіміз керек.
Орыс тілі - ну - орман.
Ағылшын тілі – көктегі күн! – дегендей тіліміздің мәртебесін күндей жарқыратайық, балалар!
Бағалау: Оқушыларды қатысып отырған тіл мамандары жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш белгілерімен бағалайды.

Үйге тапсырма: 104 - 108 жаттығу жұмыстары. 104 - мәтіннен дөрекі, әдепсіз сөздерді теріп жазу. Мысалы: Молда мен мұғалімді сүзістіріп, бірі өліп, бірі тірі қалсын.
108 - жаттығу (Ауызша оқып, түсінгендерін айтуға әзірлену).
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×