Сабақтың тақырыбы: Буын түрлері 5 - сынып
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік – Сөздерді буынға бөлу, оның маңызы және буынның түрлерінің жасалу жолын үйрету.
ә) Дамытушылық – Жаттығулар мен мысалдар арқылы буынның жасалу жолы, қызметі
жайлы түсінік беру, буынның түрлерін ажырата білуге дағдыландыру. Сөздік қорын, тілдерін
дамыту.
б) Тәрбиелік - Отансүйгіштікке, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын түрлері.
Сабақтың көрнекілігі: Сызба кестелер, үлестірме қағаздар, интербелсенді тақта, суретті карточкалар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
1. Үй тапсырмасын сұрау. 300 - 301 - жаттығу.
2. Буын дегеніміз не?
3. Өздері қалаған бір сөзді сатылай кешенді талдауға салып, дыбыстық математикалық талдап келу берілген.
Сабақты пысықтау: Біз сендермен өткен сабақта буынмен таныс болдық. Бүгін сол буынның түрлерін үйренеміз.
Жаңа сабақты түсіндіру (тірек - сызба, слайд арқылы)
Қазақ тілінде буынның үш түрі бар.
Ашық буын
А - ға, ба - ла,
қа - ла, а - та,
а - па, а - ла.
Тұйық буын
ақ, ат, аз, ал
өрт, ұл, ант,
Оқ, ұқ, өз.
Бітеу буын
тал, нан, бар,
жаз, кең, тар,
Қант, төрт, т. б.
Жуан, жіңішке аралас буынды
Буын: Ашық буын, (а. б) тұйық буын,(т. б)
Сөз бітеу буын (б. б)
Тасымал
Екпін
Буын үндестігі
Дыбыс үндестігі
Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс әрқашан буын құрай алады. Бірақ у дыбысты байырғы қазақ сөздерінің құрамында (дауыстыдан соң немесе екі дауыстының арасында) қолданылған кезде буын құрай алмайды. Мысалы: а - уа буын құрайды, а - у - а деуге болмайды.
Кітап
Аралас буынды
сөз Кі - тап (а. б. б. б.)
Кі -
тап
Кітап
Кітап - 0
Кітап - 0
Дәптерлеріне жаздыру.
302 - жаттығу
1. Мәнерлеп оқыту.
2. 2 шумағын буынға бөліп талдату.
Ел қон - ба - са, жер же - тім,
Құс қон - ба - са, көл же - тім.
Кем - пі - рі жоқ шал же - тім,
Ие - сі жоқ мал же - тім.
3. 03 - жаттығу Күй құдіреті
1 оқушыға оқытып, буын жігін қайталау.(тұйық буынға жалаң буын қосатын болсаң, онда буын жігі өзгереді) Мысалы: оқ - оғы т. б
Қыпшақ - қыпшығымен, қамық - қамығып, шық - шығып, тап - таба.
Дәптерлеріне жаздыру.
Мәтіннің кейіпкері кім?- Әл - Фараби туралы түсінік беру. Әбунасыр әл - Фараби Отырар Қаласында туып, 16 жасында оқу іздеп Бағдатқа келеді. Араб, парсы, грек тілдерін, ғылымды меңгереді. Ол жүз елуге тарта ғылыми еңбектер жазып қалдырған. Музыка, математика, логика, философия, астрономия, әдебиет тану ғылымдармен айналысқан. Шығыс ғалымдары Әл - Фараби, Аристотельден кейінге. Екінші ұстаз деген атақ берген.
304 - жаттығу
1 оқушыға оқыту.
Балалардың Абайдың мына сөзіне қарайықшы. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, содан қапшақ керек: әуелі надандық, екіншісі - еріншектік, үшіншісі - зұлымдық дейді.
Сендер әдебиеттен өткен жаман әдет пен жақсы әдет туралы Абайдың қандай өлеңінен білесіңдер.(“Ғылым таппай мақтанба”)
Өлеңді мәнерлеп оқыту. Осы сөйлемді буын жігіне ажырату.
Енді балалар қаған жаттығу жұмыстарын үйде орындаймыз.
Балалар қазір 1 “Ойлан да ойна” деген ойын ойнаймыз.
2 “Кім көп сөз ойлап жаза алады?”
3 Тіл дамыту, суретпен жұмыс.
Сабақ бекіту
Үйге тапсырма
306 - жаттығу. Қалаған үш сөзді буынға бөлу.
307 - жаттығу. Аралас буынды сөздерді теріп жазу.
Буын түрлері
- aina71
- 18 қараша 2014
- 42064
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Буын түрлері, қазақ тілі сабағындағы буын түрлері
Ұқсас жаңалықтар:
Буын түрлері
Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы үнемі бір қалыпты болмайды. Қазақ тілінде...Бөрік М. Дулатов
Мәтінді түсіне оқыту. Буын туралы түсінік қалыптастыру. Сауатты жазуға қабілетін қалыптастыру..."Фонетика" ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Фонетика Қызылорда облысы Жалағаш кенті №31 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Н.Н.Әлімбетова Білімі: Жоғары ...Буын және тасымалды қайталау.
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы, Бестерек орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мухаева Зауре Тюлюбайқызы 2 сынып қазақ...Буынның түрлері
Кызылорда облысы, Казалы ауданы Басыкара ауылы, № 182 мектептің әлеуметтік педагогы Кемалова Роза Өмірбекқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.