Сайтқа кіру Тіркелу

Алтын қақпа сайысы

АЛТЫН ҚАҚПА
Ойынның мақсаты: қазақ әдебиетінен алған білімдерін пысықтап, еске түсірту, оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын, сөйлеу қабілеттерін, тілін, дамыта отырып, өз ойларын ауызша жеткізе білуге талпындыру, мемлекеттік тілге, тарихқа деген сүйіспеншілікті арттыру, салт - дәстүр, өнерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Презентация (Тас қақпа, Күміс қақпа, Алтын қақпа, Алтын сандық ).

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Екі топқа бөлінген қатысушылар нөмірленеді. Әр топтың өздерінің аты болады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқушылар!
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл даланы көріп алғаш қуанған,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 9 сыныптар арасындағы «Алтын қақпа» лингвистикалық ойынын бастауға рұқсат етіңіздер. Ортаға “ Алтын қақпа” ойынына қатысушыларды шақырамыз.
Өзін таныстыру.
2. Ойын шартымен таныстыру. Ойын шарты бойынша әр қақпаның үш сұрағы болады, ойыншы өз қалауы бойынша біреуін таңдап алады, дұрыс жауап берсе,
келесі қақпаны ашуға жолдама алады, егер үш қақпаның сұрағына дұрыс жауап берген жағдайда, Алтын сандықты ашып сұрағына жауап берсе, сыйлық алады.
Жүргізуші: Әділ - қазылар алқасымен таныстырады.

3. Тас қақпа сұрақтары.
1. Фольклор дегеніміз не? (Ұжымдық шығармашылықтың жемісі)
2. “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырлардың қай тобына жатады?(Лиро - эпостық жырына)
3. Қозы Көрпештің әкесінің аты кім? ( Сарыбай)
Жүргізушілер: келесі сөз кезегін әділ - қазылар алқасына беріледі.
Ә. Тәжібаевтың «Туған елім» өлеңі мәнерлеп оқылады.
Туған елім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін.
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

4. Күміс қақпа сұрақтары.
1. «Қамбар батыр» жырының неше нұсқасы белгілі? (19 нұсқасы белгілі)
2. Лиро - эпостық жырлардың басты кейіпкерлері кімдер?(Қозы, Баян, Сарыбай, Қарабай, Қодар).
3. “Әдебиет” деген сөз қандай мағынаны білдіреді?. (Үлгілі сөз)
Жүргізушілер: келесі сөз кезегін әділ - қазылар алқасына беріледі.
А. Еңсеповтың « Балалалық шақ» күйі орындалады.

5.. Алтын қақпа сұрақтары.
1. «Фольклор» терминін кім ұсынды? Қай жылы?(Уильям Томсен, 1846 жылы )
2. «Қамбар батыр» жырының негізгі идеясы неде?(Ел бірлігін биік ұстау, елді, жерді қорғау)
3. Қамбар батырдың сүйген жарының аты кім? (Назым)
Жүргізушілер: келесі сөз кезегін әділ - қазылар алқасына беріледі. Р. Мамытовтың «Қазақ тілім» өлеңі мәнерлеп оқылады.

6. Алтын сандықтың сұрағы.
1. Айтыстар жанрлық сипаты жағынан неше түрге бөлінеді? (Түре және сүре айтыс.)
2. “Біржан мен Сара” айтысының негізінде опера жазған композиторды ата. ( м. Төлебаев)
Жүргізушілер: келесі сөз кезегін әділ - қазылар алқасына беріледі.

7. Көрермендерге сұрақ. 10 сұрақ
1. Халық ауыз әдебиеті қалай тараған?
2. Тұрмыс - салт жырларын қандай өлең жырлар жатады?
3. Төрт - түлік малға не жатады?
4. Бесік жыры қашан айтылады?
5. Сыңсу өлеңі қай кезде айтылады?
6. Естірту мен көңіл айтудың қандай айырмашылықтары бар?
7. Батырлар жыры мен лиро - эпостық жырлардың айырмашылықтары неде?
8. «Импровизация» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
9. Экспромат дегеніміз не?
10. Айтыс түрлерін атаңдар.

Жүргізуші: Осылайша өзінің таным – түсінігімен, білімпаздығымен, алғырлығымен жеңіп алған “Алтын қақпа” лингвистикалық ойынының жеңімпаз тобын жеңістерімен құттықтау. Ойынға белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×