Сайтқа кіру Тіркелу

Синонимдер

Қазақ тілі 5 сынып
Тақырыбы: Синонимдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды сөз мағынасына мән беруге, сөздерді лексикалық жолмен талдай білуге үйрету.
Дамытушылық: ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу.
Тәрбиелік: туған тіл әрбір елдің ұлттық мақтанышы екенін ұғындырып, келтірілген мысалдар арқылы елін, жерін, туған тілін сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу
ә) түгендеу
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушыларға тақырыпты ашу үшін суреттер көрсетіледі. Осы суреттегі заттарға сипаттама беру сұралады.
Сайгүлік, саңдақ, тұлпар, дүлдүл, пырақ, күлік.
Шашасына шаң жұқпас жүйрік ат. Айшылық жерге асқанда Аққудай ұшса ақ қарда, самғауына сай келмес, Сайгүліктің шабуы (Т. Жароков). Осқырып таудың тағы тарланындай, не саңдақ жылқының жүр арғымағы (А. Тоқмағамбетов). Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да, Оған да үкі, тұмар тағылса да (Абай). Топтан озған дүлдүлден, жұртта қалған ит озды (Мақал). Көлге біткен құрағым, суырылып озған пырағым (Қыз Жібек). Күңірентті ойды, қырды өңшең күлік, Арқаны дүрілдетті дүбір қылып (І. Жансүгіров). Шапса да қанша жүйрік бедеу озар, Болмайды кім үмітті қосқан жерде (Ақан сері).
Шеше, ана, ене, апа.
Баланы ақ сүтін емізіп асырап - сақтаушы, мәпелеп өсіруші тұлға. Розаның шешесі орта жастан асқан, байсалды қазақылау кісі екен (Т. Ахтанов). Анам едің, жаман сөз айтпаймын, бірақ кімнен кім айырылмай жатыр (М. Әуезов). Папам мен мамам ұдайы селода қызмет істеген (С. Омаров). Қашағанды қуар - ау, Жүйрік мінген боташым. Қуандырып тұрар - ау, көкесі мен апасын (Ә. Тәжібаев).
Ер, батыр, қаһарман, жауынгер.
Қиындықтан қорықпайтын, қайтпас қайсар, батыл да өжет адам. Ер мойнында қыл арқан шірімейді (Мақал). Ол - батырға лайық зор тұлғалы жігіт (Ә. Сәрсенбаев). Ерлігі үшін қазақ халқының қаһарман ұлы Хасан Мажытовқа Совет Одағының батыры атағы берілді (Ә. Жәмішев). Жанындағы ағасы Есенгелдіге қарағанда Саржанның жауынгер жан екені бірден білінеді (І. Есенберлин).
Синоним (гр. 'synonymos' — мағыналас, мәндес) — тұлғалары әр түрлі, мағынасы жақын сөздер. Синонимдер мынадай белгілеріне қарай топтастырылады:
- Сөздің дыбысталуында өзгешелік болуы керек;
- Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі керек;
- Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы тиіс.

ІV. Бекіту.
Мақал - мәтелдерді құрау.
1. Сабырлы жетер мұратқа, Асыққан қалар ұятқа.
2. Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.
3. Еңбек етпесең, елге өкпелеме,
4. Егін екпесең, жерге өкпелеме.

70 - жаттығу. Қазақ тілінің синонимдер сөздігін пайдаланып, әр синонимдер сыңарларын бір вагон деп есептеп, синоним қатарларынан пойыз жасаңдар. Содан кейін сол пойызда неше вагон болғанын айтыңдар.
1 - қатарға «Туысқан» сөзі /Туыс, тума, ағайын, туған - туыс, жекжат - жұрағат, жамағайын/
2 - қатарға «Данышпан» сөзі /Ұлы, дана, ғұлама, ойшыл, білімдар, оқымысты, данагөй/
3 - қатарға «Азайту» сөзі /Алу, кеміту, шегеру, қысқарту/

81 - жаттығу. Төмендегі сөздер мен тұрақты тіркестердің синонимдерін тауып жазыңдар.
Өзің қалаған 3 сөзді немесе тұрақты тіркесті қатыстырып сөйлем құраңдар.
Синоним сөздердің мағыналық ұқсастығы мен айырмашылығын ауызша айтыңдар.
1. Әсем, берік, айғайлау, үлкен, егде.
2. Көзді ашып - жұмғанша, ит өлген жер, ағаштан түйін түйген, су жүрек, жұмыртқадан жүн қырыққан.
Сергіту сәті. Ерте, ерте, ертеде Лексика деген ауыл болыпты. Сол ауылда Синоним деген бай болыпты, Оның балалары өте көп екен. Бай отбасымен өте тату - тәтті өмір сүріпті. Олардың татулығы сондай, тіпті балаларының барлығы бір үйде тұрыпты. Олай болса сертіту сәтін «Тату сөздер» деп атап, сол байдың 5 ұлына және 5 қызына мағынасы ұқсас сөздерден ат қояйық. (Күшті, Мықты, Қайратты, Қажырлы, Әлді, Сұлу, Әдемі, Әсем, Көркем, Ару)

Тест
1. Синоним дегеніміз –
А) Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздер
В) Мағыналары қарама - қарсы сөздер
*С) Жазылуы әр түрлі, мағыналары бір - біріне жуық сөздер
2. «Даңқ» сөзінің синонимін тап.
А) Мықты
*В) Атақ
С) Дәулет
3. «Қадірлі, құрметті, қадірменді» синонимдік қатары қай сөз табына жатады?
*А) Сын есім
В) Зат есім
С) Үстеу
4. «Адам» сөзінің синонимін тап.
А) Шәкірт
В) Дос
*С) Кісі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×