Қазақ әдебиеті 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мақал - мәтелдер. Отан, өнер - білім туралы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мақал - мәтелдер туралы түсінік бере отырып, белгілі бір тақырыпқа байланысты мақал - мәтелдер айта білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларға мақал - мәтелдер туралы түсінік беру;
2. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, білімін, ой - өрісін, есте сақтау қабілетін, ауызекі сөйлеу тілін дамыту;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды қазақ халқының мақал - мәтелдері арқылы білімділікке, адалдыққы, әділдікке, еңбексүйгіштікке, туған жерін құрметтеуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру сабағы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, іздену, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тірек сызбалар, қосымша материалдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?
Сабаққа дайындықтарың қалай?
Бүгін кім кезекші?
Бүгін нешесі?
Аптаның қай күні?
Сыныпта кім жоқ?
(Сабаққа психологиялық дайындық).
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Төрт түлік малға байланысты тақпақтарды жаттау.
ІІІ. Жаңа сабақ: Мақал - мәтелдер. Отан, өнер - білім туралы.
- Оқушылар, бүгін біз сендермен қазақ халқының ауыз әдебиетінің бір түрі - мақал - мәтелдер туралы өтеміз.
Ой қозғау
- Халық ауыз әдебиетінің қандай түрлерін білесіңдер?
- Мақал - мәтелдер туралы не білесіңдер?
Мақал - мәтелдер – фольклордың бір түрі. Халықтың өмірлік тәжірибесінен алынған ой түйіні. Мақал - мәтелдер – халық даналығының бір көрінісі. Онда аз сөзбен көп мағына береді. Мақал - мәтелдер жақсы адам болып шығудың ережесі секілді.
Дәптермен жұмыс:
Мақал мен мәтелдің ережесін дәптерге жазу.
Мақал - түйінді ойды білдіретін, ықшамды нақыл сөз.
Мәтел - халық поэзиясының айтылатын ойдың ұшағы, тұспалы ғана болатын ықшам сөз үлгісі.
1 - тапсырма. Мәтіндерді оқып, аудару. 18 бет.
Мақал - мәтелдердің көлемі қысқа болады. Олар кейде шағын өлеңдер секілді. Мақал - мәтелдер ойда тез және жеңіл сақталады.
Мақал - мәтелдердің тақырыптары әр түрлі: өнер - білім, адамгершілік, жақсы мен жаман, еңбек, достық, Отанды сүю, т. б.
2 - тапсырма. Сөздікпен жұмыс. 18 бет.
Халық даналығы - народная мудрость
Көрген - білгені - все, что увидел
Жақсы адам болу - быть хорошим человеком
Ереже - правила
Сынайды - критикует
Өнер - білім - искусство и знание
Еңбек - труд
Отанды сүю - любить Родину
3 - тапсырма. Мақал - мәтелдерді Отан, өнер - білімге байланысты топтастыр.
♦ Отан туралы
1. Отан - оттан да ыстық
2. Халықтың ортақ үйі – Отан.
3. Елін сүйген ер болар
4. Отансыз адам – Ормансыз бұлбұл
5. Елінен безген ер оңбас,
Көлінен безген қаз оңбас.
♦ Өнер - білім туралы
1. Өнерлі өрге жүзеді.
2. Өнерліге өлім жоқ.
3. Білім таппай мақтанба,
Өнер таппай баптанба.
4. Оқу - білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы,
5. Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Сөздік
ортақ үйі – общий дом
елін сүйген ер – герой любящий свой народ
елінен безген – отрекший от народа
өнер - білім – искусство и знание
білекті – сильный
жығады – победит на павал
ІV. Бекіту: Сабақты бекіту мақсатында оқушыларға үлестірме карталар үлестіру.
V. Қорытынды: Бүгінгі сабақта не өттік, не білдік оқушылардан сұрау.
Бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға сұрақтар қою.
- Мақал - мәтелдер дегеніміз не?
- Мақал - мәтелдер нені сынайды?
- Мақал - мәтелдердің тақырыптары қандай?
- Мақал - мәтелдер адамды неге тәрбиелейді?
Рефлексия:
Оқушының сабақ туралы әсері, ой пікірі
VІ. Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысқаны, берген жауаптары бойынша бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма беру:
Отан, өнер - білімге байланысты мақал - мәтелдер жаттап келу.
Отан, өнер - білім туралы мақал - мәтелдер
- Акбота
- 25 қазан 2014
- 25089
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Халық даналығы, народная мудрость, отан, өнер, білім туралы, мақал мәтелдер
Ұқсас жаңалықтар:
Әдептілік, адамгершілік туралы мақал және мәтелдер
Аға әдепті болса,- іні әдепті Апа әдепті болса, - сіңлі әдепті. Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені, Жақындықтың белгісі көп кешікпей келгені....Қазақша мақал мәтел (Ата-ана, әке-шеше, ұл бала мен қыз бала)
Ата - ананың қадірін балалы болғанда білерсің. Ата - анадан жар жақын. Туысқаннан мал жақын....Кәсіп, еңбек туралы мақал, мәтелдер
Ұстаның өрісі көрігінен төсіне дейін. Алтын менен күмісті, зергер үшін жаратқан. Арқар менен құлжаны, мерген үшін жаратқан....Отан оттан да ыстық
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылы №49 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдиева Бибігүл Аманбайқызы...Cөз-мерген (сайыс)
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Белес ЖОБМ балабақшасының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Меңдіғазиева Ақсамал Мұратқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.