Сайтқа кіру Тіркелу

Жарасып тұр дәстүрім! Фразеологизм

Қазақ тілі 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жарасып тұр дәстүрім! Фразеологизм.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының дәстүрімен таныстыру, күнделікті тұрмыста қолдануын білу, тұрақты сөз тіркестерін еске түсіру, қайталау тұрақты сөз тіркестерінің еркін сөз тіркестерінен айырмашылығын айыра білу.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларға тұрақты сөз тіркестері туралы түсінік беру;
2. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, білімін, ой - өрісін, есте сақтау қабілетін, ауызекі сөйлеу тілін дамыту;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды қазақ халқының дәстүрімен таныстыра отырып, салт - дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу;

Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларға тұрақты сөз тіркестері туралы түсінік беру;
2. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, білімін, ой - өрісін, есте сақтау қабілетін, ауызекі сөйлеу тілін дамыту;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды қазақ халқының дәстүрімен таныстыра отырып, салт - дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру сабағы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, іздену, ой қозғау, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тірек сызбалар, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?
Сабаққа дайындықтарың қалай?
Бүгін кім кезекші?
Бүгін нешесі?
Аптаның қай күні?
Сыныпта кім жоқ?
(Сабаққа психологиялық дайындық).
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Үйге ереже, жаңа сөздерді жаттау.

ІІІ. Жаңа сабақ: Жарасып тұр дәстүрім!.
- Оқушылар, бүгін біз сендермен қазақ халқының дәстүрлері туралы өтеміз.
Ой қозғау
- Қазақ халқының қандай салт - дәстүрлері туралы білесіңдер?
- Қазақ халқының салт - дәстүрі дегенде көз алдарыңа не елестейді?

1 - тапсырма. Мәтіндерді оқып, аудару.
I - топ. Әйелдер үйде қалған балалары мен жақындарына мереке - тойларда болған жерлерінен сарқыт ала келетін. Мұның өзі, бір жағынан, тағамға деген құрметті білдірсе, екінші жағынан, болып өткен мереке тойлардан үйде қалғандардың да дәм татып, қатысты болғанын сезінуге тәрбиелейді.
II - топ. Дала тұрғындарының дәстүрлі әдет - ғұрыптарының бірі - асар. Онда ауыл тұрғындары ешқандай ақы алмастан бірлесе жұмылып, біреудің белгілі бір жұмысын бітіріп береді. Мәселен, олар біреудің қысқы баспанасын немесе мал қорасын салып беруге, сондай - ақ құдығын қазып беруге жұмыла көмектеседі.
III - топ. Қазақтардың және бір жақсы әдет - ғұрпы - ерулік беру. Басқа жақтан жаңадан көшіп келгендерді оның туған - туыстары немесе көршілері арнайы дастарқанға шақырып, ерулік тамақ беретін болған. Бұл арқылы көшіп келген туыстарына немесе көршілеріне деген ыстық ықыласы мен ізгі ниетін білдірген. Ал көшіп келгендер жаңа қонысқа тез үйреніп, ондағы адамдармен жақсы қарым - қатынас орнатуға ықыласты болатын.

2 - тапсырма. Берілген тұрақты сөз тіркестерінің синонимдері мен антонимдерін табу.
● Тұрақты сөз тіркестері
Дүние есігін ашу
Екі езуі екі құлағына жету
Қой аузынан шөп алмас
Жүрегінің түгі бар
Қолы ашық
Арасынан қыл өтпеу
● Синонимдер ----------------
● Антонимдер ----------------

3 - тапсырма. Жаңа сөздермен жұмыс. Олардың анықтамасын табу.
Сүйінші
Байғазы
Тоқымқағар
Базарлық
Шашу
Тоқым қағу
Сыйластық
Көрімдік

ІV. Бекіту: Сабақты бекіту мақсатында оқушыларға үлестірме карталар үлестіру.

V. Қорытынды: Бүгінгі сабақта не өттік, не білдік оқушылардан сұрау.
Бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға сұрақтар қою.
- Отбасындағы асыл адамдарды атаңдар.
- Әкенің орны қандай?
- Отбасының бақыты неге байланысты?
- Үйдің алтын қазығы кім?
- Өмір сүру үшін не қажет?
- Отбасылық дәстүрлерге не жатады?

VІ. Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысқаны, берген жауаптары бойынша бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма беру:
Ереже, жаңа сөздерді жаттау. Сүйінші, шашу, көрімдік
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×