Сайтқа кіру Тіркелу

От ауызды, орақ тілді, қайсар ақын

Қасым Аманжоловтың 100 мерейтойына арналған «От ауызды, орақ тілді, қайсар ақын» атты поэзия кешінің сценарийі
Кештің мақсаты: оқушыларды патриоттыққа, адалдыққа, адамгершілікке баулу. Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу арқылы оны болашақ ұрпақтың бойына сіңіру

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

1жүрг: «Жасық өлең емес, асыл өлең» жазуды мақсат еткен қайсар ақын Қасым Аманжоловтың 100 жасқа толуына байланысты өткізгелі тұрған «От ауызды, орақ тілді, қайсар ақын» атты поэзия кешіне қош келіпсіздер!

«Өртке тиген дауылдай» өршіл өлеңдерімен қазақ поэзиясына жаңа леп, ерекше серпін ала келген дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың туғанына 100 жыл толуына байланысты ақын шығармашылығына арналған мәдени іс – шаралар жер – жерде өтіп жатқаны белгілі.

2-жүрг: Ақын Қасым Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Кедей, шаруа отбасында туған. Ата – анасынан жастай жетім қалған, кейін интернатта оқып, бастауыш кластың білімін алған. 1927 – 1930 жылдары мал дәрігерлік техникумында оқыды. Оны бітірген соң Орал қаласындағы пединститут та оқыды. Осы жылдарда өлең жазуға талпынған жігіт1932 жылы Алматыға келіп, «Лениншіл газетіне» қызметке тұрады. Алғашқы өлеңі 1931 жылы Орал облысы «Екпінді құрылыс» газетінде басылды. Алғашқы өлеңдер жинағы 1939 жылы «Өмір сыры» деген атпен жарық көрді.

1 – жүрг: Ұлы ақын мына өмірде небәрі 44 – ақ жыл ғұмыр кешті. Аса аз өмір. Қамышының сабындай тым шолақ ғұмыр. Мұның үстіне оның осы өмірі аса ауыр, жетімдікпен, ашаршылықпен және апатпен, алапат от жылында өтсе, 1947 жылы аурумен арпалысы тағы бар. Міне, осындай аласапыран уақытта күн кешіп жүріп, ақын болып туып, 4 томдық асыл мұра қалдыру, қазақ жырының шыңы болып мағыналы да, махаббатты ғұмыр кешу, әрине қайран қаларлық құбылыс.

2 – жүрг: Сондықтан да оның «Өртке тиген дауылдай өлеңдерін» ешкім де Қасымның өзі емес деп айта алмайды. Дүниеге келіп жатқан жаңа ұрпақтар да онымен үнемі жүздесіп, асыл – мол байлығын шайқап, өздерінің қуат – шамасын байқауда.
Ән: «Өзім туралы» өлеңі
Орындайтын: Сүйінтай Сұлушаш
Қасым Аманжолов, әрине өз заманының перзенті. Оның жырларында озбырлыққа көнбеу, өктемдікке төзбеу, әділетсіздікке қарсы тұру сезімі айқын көрінеді.
Туған даласын тап Қасымдай егіліп, төгіліп, еміреніп жырлаған ақындар кемде кем.

Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Олай болса, ақынның туған жер тақырыбындағы өлеңдеріне кезек берейік.

«Аралым, айдын шалқарым» 7 – сынып оқушысы Аманжол Ақмарал
«Хан тәңірі» 7 – сынып Едігеева Гүлзада
«Көкшетау» 10 – сынып оқушысы Дүйсенбаев Мұхамедқали
«Көктем» 10 – сынып оқушысы Қарабатыр Жалғас
«Баспана» 10 – сынып оқушысы Сәду Айдана
«Алматы» 10 – сынып оқушысы Абат Дәурен
«Қазақстан» 10 –сынып оқушысы Қыдырбай Жанат
«Бетпақдала» 10 – сынып оқушысы Бағдәулет Ғани
«Сарыарқа» 7 – сынып оқушысы Темірбек Гүлжанат
«Жайық» 7 – сынып оқушысы Бегім Лида
«Дауыл» 7 – сынып оқушысы 5 – сынып оқушысы Жамбыл Ерқанат
«Ауыл сырты маржан көл» 6 – сынып оқушысы Пірәлі Фариза
«Күн көтерген қарындас» 6 –сынып оқушысы Ералы Мақпал
«Атамекен» 9 – сынып оқушысы Жеткербай Гүлзат
«Алатау» 7 – сынып оқушысы Қуанышбай Гүлзира
«Нұрлы дүние» 7 – сынып оқушысы Рысқұл Үкілім
Құя алман үгітілген балшық өлең
Көңілімді жасадым тамашаменен.
Серінің семсеріндей сертке таққан,
Өлеңнің өткірін бір алшы менен.
дегенін естіп, көзінің нұрын соңғы тамшысына дейін сарқып беретініне бас ұрасың.Келесі жастық жырлары

«Жас дәурен» 8 – сынып оқушысы Асылбек Аида
«Нартәуекел» 7 – сынып оқушысы Жұмағұл Гүлжайна
«Балалық шақ туралы» 9 – сынып оқушысы Базаралы Ардақ
«Қара ағаш» 7 – сынып оқушысы Мұратқали Ақайдар
Домбырамда бір күй бар тартылмаған,
Көңілімде бір сыр бар айтылмаған.
Күйімді де, сырымды сыйлар едім,
Жаным сүйер жар болсаң жарқылдаған.
Жырларын махаббат жырларын арнаған. Олай болса, сүйіспеншілік жырлары назарларыңызда.
«Айтшы жаным» 9 – сынып Мұхтар Фариза
«Сайра, сайра Сандуғашым» 8 – сынып оқушысы Едіге Нұрлыбек
«Әлде» 7 – сынып оқушысы Темірбек Қайрат
«Сенің алма бағыңда» 8 – сынып оқушысы Бораш Ғазиза
«Сүйдім дедің» 9 – сынып оқушысы Жұматай Тұрсынай
«Қарындасым Марфуға»
«Балам ауырғанда» 6 – сынып оқушылары Әлзақ Назерке, Рысқұл Құндыз
«Дариғашым» 6 – сынып оқушысы Жәни Құнан
«Дариғаға хат» 6 – сынып оқушысы Бахарадин Нұрболат

Қасым Аманжолов жаратылысты, табиғат көрінісін көлденең көзбен көруші болып жырламайды. Ол дәуірді, Отанды айта ма, ауыр күндер мен сын сағатты айта ма, қуана ма, күйіне ме - соның бәрінде ақын табиғат суреттерін, мінезін өз мінезі мен өз суретіне айналдырады. Ұлы Отан соғысы жылдары жазған «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы ақын творчествосының ең биік сатысы.Майданда қаза болған қазақ ақынының ерлік өліміне арналған бұл шығарма ақынның жарқын тұлғасын отты сезіммен бейнелеген.

«Ағайыма» 8 – сынып Темірбек Гүлжанат
«Ақшалық » 8 – сынып Берік Айнұр
«Достар ,қайда жүрсіңдер» 9 – сынып оқушысы Рысқұл Асқар
Қасым Аманжолов - білікті аудармашы ақын. Ол аударған Пушкин, Руставели, Маяковский, Тарас Шевченко өлеңдері – қазақ әдебиетінің аударма өнері саласындағы елеулі табыстары. Оның творчествосы әдебиет тарихынан берік орын алды.Әрі қарай ақынның арнау өлеңдеріне кезек берейік

«Чернышевскийге» 7 – сынып Айжарық Айдана
«Горький» 7 – сынып Ғалымбек Гүлжайна
«Ақын»(Маяковский туралы) 5 – сынып Әлқуат Нұрым
«Ақынның ескерткіші» (Пушкинге арнау) 5 – сынып Қуанышбай Абылай
«Жамбыл» 5 – сынып Смадияр Бибі – Айша
«Мұхтар аға» 5 – сынып Есіркеген Айжан
«Абай арманы» 7 – сынып Алтынбек Гүлжайна
«Сұлтанмахмұт туралы баллада» 7 – сынып Жантөре Ақерке
«Бауыржан» 5 – сынып Әлзақ Нұртуған
«Төлеутайға» 8 – сынып оқушысы Ғалымбек Бек
«Елу жасар Елубай» 8 – сынып Әлзақ Нұрсұлтан
1970 жылдардың жаңа Қасымы ақын Мұқағали Мақатаев «Қасым деген – қалғыған жанартау ғой!»,- деп өзі ғана мойындап қоймай, өзгелерді де мойындатып келеді.Оның Қасымға арнаған жыры – Ұлы Қасымға мәңгілік қойылған ескерткіштің бірі.

1. М.Мақатаев «Қасым солай болмаса» 7 – сынып Қапаш Асылан
2. М. Шаханов «Қасымды қабылдамаған адам қақында» 9 – сынып оқушылары
3. «Қайсар Қасым» Абат Дәурен 10 – сынып оқушысы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×