Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсіреповтың «Ұлпан» романы
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың алдыңғы сабақтан алған білімін жинақтау, жаңа сабақ бойынша оқушыларды өз бетінше ізденіп, қажетті материалдармен танысуға бағыт беру, жазушы шығармашылығына шолу жасау, романның мазмұнын меңгерту.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, сөйлеу мәдениетін дамыту,
3. Оқушыларды адамдық рухани қасиеттерді қадірлеуге,
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: топтастыру, салыстыру, тест,
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың түрі:
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру: М. Әуезов «Абай жолы» романындағы абзал аналар бейнесі тест арқылы қорытындылау
1. «Абай жолы» романының тұтас төрт томы жарық көргенде қандай сыйлыққа ие болды?
А. КСРО Мемлекеттік сыйлығы
Б. Лениндік сыйлық
В. Сталиндік сыйлық
Г. Халықтық сыйлық
2. Роман - эпопея жазу үшін жазушы неше жыл еңбек етті?
А. 20
Б. 15
В. 30
Г. 10
3. Романда неше әйелдер образы суреттелген?
А. жүз елудей
Б. жүзге тарта
В. жетпістей
Г. екі жүздей
4. Ар - ожданы тап - таза иманнан құйылғандай мейірім - шапақатқа толы әжелердің үлгісі кімде?
А. Зере
Б. Ұлжан
В. Айғаным
Г. Тоғжан
5. Байсалды мінезімен, салқын қанды, сабырлы ақыл иесі атанған аналардың үлгісі кімде?
А. Зере
Б. Айғаным
В. Ұлжан
Г. Қаражан
6. «Сылдырлаған шолпысы әлдеқандай былдырлаған тілмен» суреттелген кім?
А. Керімбала
Б. Тоғжан
В. Шүкіман
Г. Үмітей
7. Абайдың әжесі Зеренің азан шақырып қойған есімі кім?
А. Тоқбала
Б. Тайбала
В. Мәкен
Г. Еркежан
8. Мәкен Абайға кім болып келеді?
А. ғашық болған қызы, кейін жары болған, шын аты Шүкіман
Б. Абайдың келіні, Әбдірахманның жары, шын аты Мағрипа
В. Жас қыз, бойжеткен, сауыққұмар, әнші
Г. жас қыз, Әмірдің сүйгені
9. Абайдың досы, ақын қыз, Абай Семейде істі болғанда кепілдікке алып, көмек қолын созған кім?
А. Керімбала
Б. Әйгерім
В. Салтанат
Г. Ділдә
10. «Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының неше тіліне аударылған?
А. 116
Б. 120
В. 130
Г. 140
3. Жаңа сабақ:
Мазмұндық талдау:
• Қалың Керей - Уақтың билігін қолында ұстаған - Есеней мен Артықбай батырдың достығы
• Жастайынан ерке өскен, бүгінде аңшы, құсбегі, жылқышы болып ат құлағында ойнап өскен батыр қыз – Ұлпан
• Ұлпанның Есенейге күйеуге шығуы
• Айналасы он - он бес жылда Ұлпан дүйім елді билейтін ақылды ана болады
• Қорлыққа шыдай алмаған – Ұлпан
• Ұлпанның қарғысына ұшыраған - Торсан
1. Бекіту: Шығарманы сатылай кешенді талдату:
Шығарманың авторы. Ғ. Мүсірепов
Шығарманың аты: «Ұлпан» романы
Шығарманың тақырыбы: ХІХ ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықтар суреттеледі.
Идеясы: қазақ әйелдерінің бойындағы парасаттылық пен көрегендікті, мейірімділік пен шыдамдылықты, жарына, еліне деген сүйіспеншілікті, ұрпақ тәрбиесін бекем ұстанған асыл аналарды дәріптеген.
Жанры: проза (роман)
Шығарманы композициялық құрылымына қарай талдау.
2. Үйге: «Ұлпан - аналардың анасы» атты тақырып төңірегінде дайындалу (Ұлпан бейнесі)
3. Бағалау.
Ғ.Мүсірепов "Ұлпан" романы
- Кожагулова Айгуль Асылхановна
- 25 маусым 2014
- 21198
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ғабит Мүсіреповтың Ұлпан романы
Ұқсас жаңалықтар:
«Абай жолы» роман - эпопеясындағы Абайдың көркем бейнесі
Сабақтың мақсаты: «Абай жолы» роман - эпопеясының дүниежүзілік классикаға енген шығарма екенін таныту...Абай Құнанбаев "Ұлы суреткер"
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Мәншүк ауылы, №26 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Хасенова Тұрсынгүл Еркінқызы...М. Әуезов «Ақын қонақтар»
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы Байбосын Фарида Еркебайқызы...Бала Абай
Есиркепова Риммa Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы № 6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі...Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абай бейнесі
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы М.Әуезов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қонақаева Жібек Балтақайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.