Сабақтың тақырыбы: Астана - арман қала
Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың Астана қаласының тарихымен, шежіресімен таныстырып, ізденіске, шығармашылыққа баулу.
- Астана туралы деректермен білімін дамыту.
- Отанға деген сүйіспеншілігі мол елжанды азамат тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Топтау, ой қозғау, әңгімелесу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Н. Ә. Назарбаев «Еуразия жүрегінде», Астана энциклопедиясы, қала суреті, бүктемелер.
Сабақтың барысы:
І. Кіріспе сөз. Тарихымызда негізгі орын алатын тақырыптардың бірі - туған жер, қала, ауыл, аудан тарихын зерттеп білу. Оның тарихи тұлғаларын, қоғам қайраткерлерін, ұлы адамдарын, тарихи кезеңдерін білу жас ұрпақтың қасиетті борышы болса, Отанды, жерді, елді сүюге баулу мектептің, ата - ананың борышы. Туған жердің тарихын білу үлкен ізденісті талап етеді. Сондықтан елордасы Астана қаласына саяхат жасаймыз.
ІІ. Астана шежіресі
Алатау бастағанда асқарала,
Қосылды қуанышқа жас бала да.
Алматы өзінің жан жалғасында,
Арнайды ақ батасын астанаға:
Ата, баба салтымен,
Абай, Жамбыл даңқымен,
Құлагердей құлшынып,
Орнап мәңгі біршілік
Әруақ қонған жас, қала,
Алға баста, Астана! – деп Кәкімбек Салықов ақын ағамыз жырлағандай Астана қаласының қазақтың жүрегімен тілдесіп, арман – үмітімен үндескен, Елбасы кіндігін кескен Елорданың сағым қуған Сарыарқаның төсіне қонақтағанына – 12 жыл!
... Он екі жыл – жеке адам өмірі үшін де аса көп мерзім емес. Ал бір қаланың тарихы үшін оны тіпті қасқағым сәт десе де болады. Бірақ тап осы он екі жылдың ішінде бұрын еліміздің елеусіз көп облыс орталықтарының бірі болып келген Ақмола қаласы таңғажайып қарқынмен түлеп, аты әлемге танылып, Еуразия кеңістігінің жаңа үлгіде салынған әсем шаһарларының біріне айналып үлгерді.
Таңғажайып дейтіндей жөніміз бар. Өйткені, тарихи деректер мен құжаттар қазіргі Астананың аумағын адамдар өте ерте кезден - ақ мекендеп келе жатқандығын аңғартады. Археологтар бүгінгі «Ақорда» резиденциясының маңынан ХІ ғасырдың Бозоқ қалашығының орнын тапты. Бірнеше ғасыр бойы бұл жерде Қараөткел транзиттік және сауда - айырбас орталығы орын алды. Уақыт өте келе ол Ақмола елді мекеніне айналды. 1832 жылы бұл жерде Ақмола приказы мен сыртқы округі ашылып, 1862 жылы округтік қала мәртебесіне ие болды. 1961 жылы Ақмола қаласының аты Целиноград болып өзгертілді және ол республикамыздың бірнеше ірі облыстары кірген Тың өлкесінің орталығына айналды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1992 жылы қалаға тарихи Ақмола атауы қайтарылып берілді. Бес жыл өткен соң, яғни 1997 жыл 10 - желтоқсанда бұрынғы тыңның астанасы Ақмола қаласы күллі Қазақстанның елордасы болып ресми жарияланды.
Бірақ Ақмола атауы ұзақ тұрмады, 1998 жылы 6 - мамырда Ақмола Астана болып қайта аталды.
Міне осындай әдемі, әуезді әрі ауқымды атау - Астана атымен Қазақстан Республикасының жаңа елордасы үшінші мыңжылдыққа енді.
Әрі қарай тәрбие сағатымызды сынып оқушылары жалғастырады.
ІІІ. Астана қаласына саяхат. Алматылық қонақтарды Астана қаласымен таныстырамын.
1. Алматылықтармен астаналықтардың кездесуі.
2. Сүйікті елордамыз, ҚР - ның астанасы – Астана қаласы да көз алдымызда өсіп келеді. Астана – Еуразияның нағыз географиялық кіндігінде орналасқан жаңа, тәуелсіз әрі егемен мемлекеттің бүгінгі және болашақтағы саяси, экономикалық һәм мәдени орталығы ретінде қанат жайып келеді.
Күннен күнге көркейіп, сәні мен салтанаты жарасқан Астана барша қазақстандықтардың жүрек лүпілін еселеп, сәулет өнерінің қайталанбас үлгісін паш етуде.
Астана елтаңбасы, Президент сарайы, «Астана - Бәйтерек» монументімен таныстырайын.
«Бәйтерек». Нәсіпбек Айтұлы
Қазағым, қара орманым - байтақ елім,
Жақсыны, жаманды да байқап едің.
Асырған мерейіңді асқақтатып,
Елбасы – бойлап өскен Бәйтерегің!
Нұрсұлтан – ел тірегі, алтын діңгек,
Алыптың халқы ғана нарқын білмек.
Қазағым, шаттанатын кезің келді,
Алашқа қорған болар ұл тудым деп.
Танытып терезесі теңдігіңді,
Әлемге әйгіледі елдігіңді!
Тереңге тамыр жайды Бәйтерегің,
Сақтай біл, ұлан - байтақ кеңдігіңді.
Есіл – республикамыздың солтүстік өңіріндегі Қарағанды, Ақмола, Торғай, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан облыстарының жерін басып өтетін өзін атауы. Есіл деп аталатын елді мекен де бар.
«Есіл» атауының алғаш дүниеге келуі туралы зерттеушілердің екі пікірі бар. Бірі – Есіл атауын «жасыл» деген зат түсімен байланыстырса, екіншісі - етістік түбірін тілге тиек етеді.
«Қазмұнайгаз» ғимараты, «Астана салтанаты» тұрғын кешені, «Нұр - Астана» орталық мешітімен, «Жаңа университет» білім беру кешенімен таныстырып өтеді.
Жаңа астананың болашағы Шығыс пен Батыс мәдениетінің жиынтығында болып көрінеді. Еуразия идеясы секілді, идеалдың өзіде өте қайшылықты болып көрінеді. Бірақ бұл бөгет емес. Астана Еуропа мәдениетінен – прагматизмді, ал Шығыстан – рухани дәлділікті мұра етіп алады.
«Отан қорғаушылар» монументі, Кенесары Қасымұлы мүсіні, «Бейбітшілік пен келісім сарайы», «Президент мәдени орталығы», «Атамекен - Қазақстан» этно - мемориалдық картасымен таныстыру.
«Жасауы ғасыр жарасып»
Айқындар небір өткелін,
Кеңейтіп тарих беттерін.
Сенімін саған тапсырған,
Тәуелсіз елдің, текті елдің.
Шығармай жұртты қақпадан,
Басылар соқса ақ боран.
Ортаймас ырыс - құттары,
Астана жайна, баққа оран.
Мұздақпен жапқан жотасын,
Алатау - саған ата шын.
«Астана – кіші інім»,- деп,
Алматы берген батасын.
Қастерлей тыңдап осы үнді,
Құлақтан еміп Есілді.
Қанатын жайып, көкке өрлеп,
Астана кеңге көсілді.
Қазақтың үлкен үйісің,
Шежіре, аңыз күйісің,
Әділдік жақтап наркескен,
Дуалы сөздің биісің.
Өсірер әлі - ақ тербетіп.
Болашаққа ұл - қыз бесігін.
Астана таңы арайлы,
Әлемге барша қарайды.
Міне, достар Астана қаласы 60 - жылдардағы Тың игерудің орталығы болса, ал қазіргі таңда ақиқатқа айналған арман қала, дүниежүзі халықтарымен терезесі тең қазақ деп аталатын егеменді ұлттың, тәуелсіз Қазақстанымыздың киелі ордасы.
1998 жылы ЮНЕСКО - ның шешімімен «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталса, 2008 жылы сәуірдің 5 - де Мәскеуде «Мегаполис: ХХІ ғасыр» халықаралық форумы аясында өткен «ТМД - ң үздік қаласы» атты алғашқы көрме - байқауда 9 аталым бойынша жеңіске жетті.
Сонымен оқушылар, біз Астана қаласына саяхат жасадық. Бүгінгі Астана мен келешек Астана – бұл біздің стратегиялық ойларымыз бен ұмтылыстарымыздың ең басты жеңісі екеніне көзіміз жетті.
Енді Астана туралы ойларымызды жүйеге келтірейік.
Астана қандай қала? (Оқушылар өз ойларын айтады).
Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет, хош сау болыңыздар!
Астана - арман қала
- Nurakhova Zhanna
- 3 маусым 2014
- 10748
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Астана арман қала, Астана қаласының тарихымен, шежіресімен таныстыру
Ұқсас жаңалықтар:
Астана - әсем қала
Астана - әсем қала. Ол өзінің ауыз толтырып айтарлықтай ерекшеліктерімен де ерекшеленеді....Астана - мақтанышым
Мұғалім: Балалар, Астана – еліміздің бас қаласы. Әр елдің баласы өз отанын, туған жерін қадірлей білуі керек. Біз елдің болашақ патриоттарымыз....Елордасы - Астана
Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беруді жалғастыру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, ойларын жүйелі жеткізуге баулу;...Астана-асқақ арман
Атырау қаласы, №35 мектеп-гимназиясы Асанғалиева Дина Сабақтың тақырыбы: "Астана – асқақ арман" Сабақтың мақсаты: Республикамыздың жаңа астанасы...Астана
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.