Сайтқа кіру Тіркелу

1001 мақал, 101 жұмбақ

Тақырыбы: «1001 мақал, 101 жұмбақ» (слайдымен)
Мақсаты: Қазақ халқы сөз қадірін біліп, қасиетті сөздерді аузынан тастамай, қастерлеп келе жатқан халық екенін түсіндіре отырып, оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту және ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекіліктері: слайд, мақал - мәтелдер, жұмбақтар.
Жүргізуші: Жанның жайын жарыққа шығару үшін, жанның сырын сыртқа білдіру үшін адамның екі құралы бар. Біреуі – мимика, біреуі – сөз. Мимика жанның сыртының дене арқылы сыртқа білінуі (күлу, жылау). Ал ым – ішкі тіл сезімі. Ым арқылы ойды жарыққа шығару мүмкін емес. Ойдың тілі – сөз. Тіл – жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, қор болып қалар еді. Адам тіл арқасында жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Тіл адамға осындай қымбат болса, әрине ұлт болу үшін бірінші шарт тіл болмақ.
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең тілім.
Таза терең өткір, күшті, кең тілім.
Таралған балаларын бауырына
Ақ қолыңмен тараларсың сен тілім.

«Мақал – сөздің мәйегі», «Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді», - деген қанатты сөздермен «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты тіл білгірлер сайысын бастаймыз. Ендеше ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. 8 «Ә» сынып оқушысы Қожабаева Мөлдір, 8 «Б» сынып оқушысы Хайтбаев Сауран, 8 «В» сынып оқушысы Жанбаева Ақмарал.

Ұйымдастыру кезеңі: Бұл сайыс 8 «Ә», «Б», «В» сыныптар арасында өтеді. Ойын 4 турдан тұрады, әр турдың өзіндік шарттары бар. Іске сәт!

I тур
Шарты: Берілген жұмбақты шешіп, жұмбақ мәтінінен бір сөз алып
мақал - мәтел тауып айту.
1. Үңгір түбінде жалбырап,
Өсіп тұр жалғыз жапырақ. (Тіл)
2. Бір ғажап бар тілі жоқ.
Сөйлесем десең міні жоқ. (Кітап)
3. Күміс қазықтың асы алтын. (Тіл мен сөз)
4. Жаңалықты үн - түнсіз таратады,
Барша жұртты бір өзіне қаратады. (Газет)
5. Үсті шарбақ,
Асты шарбақ,
Ортасында тұрар сарнап,
Жалғыз бармақ. (Тіс пен тіл)
6. Жел соқса жайқалып толқиды.
Ел оқыса тұла бойың балқиды. (Өлең)

«Мектебім» әні. Орындайтын: Оразалиев Мұқасан.

II тур
Шарты: Мақал - мәтелдердің сыңарын жалғстыру.
1. Жалақ кісі тілден жазар,... (таз кісі қолынан жазар).
2....(Тіл – буынсыз), ой – түпсіз.
3....(Тіл – шекер), бала кетер, байлық бекер.
4. Шебердің қолы ортақ,...(шешеннің сөзі ортақ).
5. Қымбат дүние қолға түсе бермейді,...(қымбат сөз ауызға түсе бермейді).
6. Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,...(тілімнен сүріндірме).

«Адай» биі. Орындайтын: Дүйсенова Ақтолқын.

III тур
Шарты: М. Қашқари жинаған түркі мақал - мәтелдерінің мағынасын ашу.
Баланың ісі іс болмас,... (лақтың мүйізі сап болмас).
Кең тігілген тон тозбас,... (кеңесілген іс бұзылмас).
Бір - бірлеп мың болар,... (тама - тама көл болар).
Далада бөрі ұлыса,... (үйдегі иттің бауыры солқылдар).
Қас батыр өкініші жаңбырдай,... (білімі мірдің оғындай).
«Ұстазым» әні. Орындайтын: Оразалиев Мұқасан.

IV тур
Шарты: Көп нүктенің орнына қажетті сандар қою, санның сырын ашу.
1. Анасын... арқалап барса да қарызын өтей алмайды.
2. Жақсы әке жаман балаға.. жыл азық.
3.... атасын білмеген жетесіз.
4.... рет өлшеп,... рет кес.
5. Қыздың... жаны бар.
6. Жігіттің... жұрты болады:
Ата жұрты – күншіл,
Ана – жұрты сыншыл,
Қайын жұрты – міншіл.

«Брек» биі: Орындайтындар: -------------------------------
Сайыстың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×