Сабақтың тақырыбы: Абай әлемі - адамгершілік бесігі.
(Лексика, фонетика, морфология тарауларынан өткенді қайталау)
Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ тілінің төл технологиясы С. К. Т. арқылы
фонетика, сөзжасам, морфология тараулары бойынша алған теориялық білімдерін жинақтау
2. Оқушылардың тіл байлығын ауызша, жазбаша талдаулар арқылы дамыту. Ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
3. А. Құнанбаевтың өлең жолдарын, қарасөздерін пайдалану арқылы адамгершілік асыл қасиеттерге баулу, ізеттілік пен жақсылықтың дәнін себу, сөз өнерінің қыр - сырын білуге жетелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, СКТ жасау
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім.
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
3. Топтың атын қорғау.
1 - ші топ «Болашақ
2 - ші топ «Жас толқын»
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Зымыран сұрақтар
1. Фонетиканың зерттейтін саласы не?
2. Тіл дыбыстары нешеге бөлінеді?
3. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?
4. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатынасына қарай нешеге бөлінеді?
5. Морфологияның зерттейтін саласы не?
6. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
7. Зат есім д/з не? сұрақтарын ата
8. Зат есімнің мағыналық түрлерін ата?
Сын есім д/з не? сұрақтарын ата.
9. 10. Сын есімнің мағыналық түрлерін ата?
1. А. Құнанбаев қай жылдар аралығында өмір сүрген?
2. Абай кім?
3. Абайдың ақындығын дәлелдейтін қандай өлеңдерін білесіңдер?
4. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін мәнерлеп оқу.
5. Абай үлгі тұтқан бес жақсылықты ата?
6. Абай атап көрсеткен бес жамандықты ата?
7. Адамгершілік д/з не?
8. Адамгершілікке қандай қасиеттер жатады?
Адам бойындағы қасиеттер
Жақсы Жаман
1. Талап 1. Еріншек
2. Еңбекқор 2. Өтірікші
3. Терең ойлау 3. Өсекшілдік
4. Қанағат 4. Мақтаншақ
5. Рақымдылық 5. Малды шашушылық
III. Жаңа сабақ. Фонетика, морфология тараулары бойынша теориялық білімдерін тиянақтау.
Балалар, біз бүгінгі сабақта А. Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіне ерекше тоқталып өттік. Ендеше өлеңнің тақырыбы төңірегінде адам бойындағы қасиеттерді негізге ала отырып сөздерге, дыбыстарға С. К. Т. жасаймыз
1 - тапсырма. Фонетика тарауын зерттеу.
(қима - қағаздар арқылы )
Міне балалар, біз А. Құнанбаевтың ақындығын дәлелдейтін бірнеше өлеңдерін атап, адамгершілікке тән қасиеттермен жат қасиеттерге тоқталып өттік. Енді адамгершілік тақырыбын әрі қарай өрбіту мақсатында Абайдың 36 - шы қарасөзін тыңдап көрейік.
2 - тапсырма. Морфология саласын зерттеу.
36 - шы қарасөзде айтылған сөздердің мағынасын аша отырып, сөз құрамына, лексика - граматикалық мағынасына С. К. Т. жасау.
1. «Ұят» сөзінің мағынасын ашу.
2. «Ұят» сөзін құрамына, лексика - граматикалық мағынасына қарай талдау.
3. Аналитикалық немесе синтаксистік тәсілмен жасалған сөзді С. К. Т.
(біріккен сөз)
1. « Иман» сөзінің мағынасын ашу.
2. «Иманды» сөзін құрамына, лексика - граматикалық мағынасына қарай талдау.
3. Синтетикалық немесе морфологиялық тәсілмен жасалған сөзді С. К. Т.
3 - тапсырма «Кім жылдам?»
Ұлағатты сөздер
1. Досы жоқпен сыр
Досы көппен сыйлас.
Қайғысыздан сақ бол,
Қайғылыға жақ бол.
2. Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың;
адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының
бірі боласың.
3. Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша. бітіргендігінен емес.
4. Кісі ақылымен бай болғанша, өз ақылыңмен жарлы бол.
Уақытқа талдау
а) өте жақсы - 2 минутта
ә) жақсы - 3 минутта
б) орташа - 4 минутта
4 - тапсырма «Ой түйін» Бүгінгі сабақта....
Біз бүгін не үйрендік, не туралы білдік?
Әр оқушы бір - бір сөйлем жазу.
IV. Қорытынды
Міне, өздерің айтып отырғандай ақынның мол дүниесі - өлеңдері
қарасөздері - бәрі де ұлтымыздың бар асылын бойына жинаған өнеге мектебі іспеттес. Сондықтан да Абай даналығын сабақ барысында, күнделікті өмірде бойымызға сіңіре білейік.
V. Бағалау: Бағалау парағы бойынша
VI. Үйге тапсырма беру: Сын есімнің мағыналық түрлерін С. К. Т.
Сапалық және қатыстық сын есімдер.
Абай әлемі - адамгершілік бесігі
- bahit.nadyrbaeva
- 20 мам 2014
- 4518
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Абай әлемі адамгершілік бесігі
Ұқсас жаңалықтар:
Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»
Өлеңді мәнерлей оқи отырып, адам бойында кездесетін 5 асыл қасиет пен 5 дұшпан қылықтарды ұғындыру, ақын шығармаларын оқып үйренуге баулу;...Сын есімнің мағыналық түрлері
Жалпы мақсаты: Сын есімнің мағыналық түрлерін таныту, оның жасалу жолдарын меңгерту. Сын есімнің өзіне тән белгілерін білу, Салыстыру, талдау,...Қыстырма сөз
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Оқушылардың қыстырма сөз туралы білімдерін одан әрі кеңейтіп, мағынасына қарай ажырата білу, бекіту....Cөйлем
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, №1 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Құрмашева Нұргүл Алтайқызы...Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері. Сабақтың мақсаты: Дауыссыздарды қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетінін білдіру, олардың айтылу...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.