Сыныбы: 11 (орыс мектебі)
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандық Калмыков
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға әйгілі фантаст - суретші С. И. Калмыковтың кәсіби шеберлігінің қалыптасыуы мен бейнелеу өнеріндегі шығармашылық құндылығы туралы білім беру, таныту. Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы, Қазақстанның әйгілі кескіндемеші Ә. Қастеев туралы білімдерін қайталау. Мәтін бойынша грамматикалық тапсырмалар орындау арқылы етістіктің шақ тұлғаларын қайталау, тапсырмалар орындау арқылы меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Мәтінмен жұмыс жасауда оқушылардың сөздік қорларын молайту. Грамматикалық тапсырмалар орындауда оқушылардың дұрыс талдау жасау, сауатты жазу қабілеттерін арттыру
Тәрбиелік: Оқушыларды суретшілердің суреттері арқылы бейімділікке, өнерге, ізденіс пен талпынысқа тәрбиелеу. Ұлттық өнерді, өнер адамдарын құрметтеуге шақыру, олардың өмірін үлгі - өнеге ету. С. Калмыков, Ә. Қастеев шығармаларының негізінде оқушыларға эстетикалық және патриоттық тәрбие беру. Суретші шығармашылығы арқылы оқушылардың көркем эстетикалық тәрбиелерін қалыптастыру, суретші мамандығына баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, орыс тілі
Сабақтың көрнекілігі: С. Калмыков, Ә. Қастеев суреттері мен шығармашылықтары, АКТ, оқулық
Сабақтың әдістері: түсініп оқу, сұрақ - жауап, талдау, толықтыру, баяндау, қайталау
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2) Үй тапсырмасын пысықтау
Жаңа сабақ. Қазақстандық Калмыков
І. Сабақтың мақсатын хабарлау
ІІ. Сөздікпен жұмыс 95 б.
Кескіндеме - графика, живопись
Көрме - выставка
Көркесөнер - художественное искусство
Қоюшы - суретші - художник - постановщик
Аспан - денелері
Ғарыш тақырыбы - тема космоса
ІІІ. Кіріспе сөз. С. Калмыков туралы
Сергей Иванович Калмыков 1891 жылы 6 қазанда Самарқанда дүниеге келеді. Көркем сурет мектебінде К. С. Петров мен М. В. Добужинскийден сабақ алады. Суретшінің қалыптасуына Петербургтегі көркем орта мен оқытушылар айрықша ықпал жасады. 1935 жылы С. Калмыков Қазақстанда жаңа ашылған музыкалы театрға жұмысқа шақырылады (қазіргі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры). Суретші 1967 жылы 27 сәуірде Алматы қаласында дүние салады. Алғаш келгенде суретші Алматының әсем көрінісін көп бейнелейді. Бүгінгі таңда Калмыковтың мыңнан астам кескіндеме және графикалық шығармалары Ә. Қастеев атындағы Қазақ ССР - інің Мемлекеттік көркемөнер мұражай қорында сақтаулы.
ІҮ. Мәтінді мәнерлеп оқу 94 - 95 б.
Сергей Иванович Калмыковтың (1891 - 1967) мыңнан астам суреттері, кескіндемелері Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында сақтаулы. Оның 40 суреті Мәскеудегі көрмеге қойылған.
С. Калмыков Самарқанда туған. Ол 1935 жылға дейін Мәскеуде, Санкт - Петербург қалаларында көркемөнер оқу орындарында оқып, білім алады. 1935 жылы Алматыға жұмысқа шақырылады. Содан бастап өмір бойы ол Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында қоюшы - суретші қызметінде болады.
С. Калмыков шығармаларын дүние жүзі таныған. Ол - фантаст - суретші. Оның шығармаларында ғарыш тақырыбы, аспан денелері көп орын алады. Ол көптеген портреттер жазған. Суретшілер әлемі С. Калмыковты «өнер алыптарының бірі» деп санайды.
Ү. Мәтін бойынша грамматикалық тапсырмалар орындау
- Жалқы есімдер: С. И. Калмыков,.............
- Сан есімдер: 1891 - бір мың сегіз жүз тоқсан бірінші (нешінші? Реттік сан есім),...............
- Күрделі сөздер: Санкт - Петербург (қос сөз),...............
- Етістіктер: сақталуда (тұйық етістік),..................
ҮІ. Мәтінді түсініп оқу (Калмыков шығармаларын көрсету)
Күмістен жасалған тиын. Тиынның бергі жағында ортасында «500 ТЕҢГЕ» және «2008» саны бейнеленген. Жоғары жағында Қазақстандық тиынның тауар белгісі көрсетілген. Төменгі жағында тиынның қандай металдан жасалғаны, салмағы көрсетілген «Aq925 31, 1qr» жазу бар. Тиынның жан - жағында мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ»және ағылшын тілде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» жазу бар. Жазулар ойылып, нүктемен әшекейленген. Арғы жағында ортада Калмыковтың бір шығармасы бейнеленген. Төменде автордың қолтаңбасы. Жоғарыда ҚР Ұлттық банкінің логотипі. Тиынның жан - жағында мемлекеттік тілде «С. КАЛМЫКОВ. атауы жоқ» және ағылшын тілде «S. KALMYKOV. UNNAMED» деген жазу.
ҮІІ. Ә. Қастеевке тоқталып өту (слайд б - ша)
Қастеев Әбілхан (1904 - 1973)- қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып - өскен жері - Алматы облысы. Қазақстанның халық суретшісі, Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы. Еңбек жолын Түркісиб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркем сурет студияларында Н. Г. Хлудов пен И. Бродскийден сабақ алды. Халық өмірін бейнелеген мыңнан астам көркем туындылары бар.
ҮІІІ. Оқулықпен жұмыс
- Берілген сөздердің мағынасын түсіндіру 1. 1. 95 б.
Көрме, өнер мұражайы, көркемөнер, оқу орындары, қоюшы - суретші, шығармалар, ғарыш тақырыбы, аспан денелері, көп орын алады, портреттер жазған, суретшілер әлемі, «өнер алыптарының бірі»
- Мәтінді оқып, етістіктің шақ түрлерін анықтау 1. 2. 92 б.
Қазақ ұлттық музыка академиясында «Қоғамның рухани дамуы: музыка және ғылым» атты халықаралық ғылыми - теориялық конференция болып өтті. Конференцияда Әл - Фарабидің музыкалық трактаттары, Ибн Сина туралы баяндамалар жасалды. Классикалық және дәстүрлі музыка жөнінде пікірталас болды.
- Етістіктерді келер шақ түрінде жазу 1. 3. 95 б.
Алып жатыр, бар, берді, әсер етті, табылды
ІХ. Тест жұмысын жүргізу
1. Септік жалғауының түрін анықтаңыз: Мемлекеттік өнер мұражайында сақтаулы.
а) барыс в) табыс с) жатыс д) шығыс
2. «Дейін» шылауының антонимі
а) шейін в) қарай с) туралы д) кейін
3. Шылау түрін анықтаңыз: С. И. Калмыковтың мыңнан астам суреттері бар.
а) септеулік в) демеулік с) сұраулық д) болымсыз
4. «Шығарма» сөзінің синонимі
а) көрме в) суретші с) туынды д) көркемөнер
5. «у» дыбысы қай сөзде жіңішке айтылады?
а) сақталуда в) суретші с) туған д) оқу
6. Бірыңғай бітеу буынды сөзді табыңыз.
а) көрме в) қызмет с) алып д) орын
7. Тәуелдік жалғауының ІІІ жағында тұрған сөзді табыңыз
а) жұмысың в) шығармам с) портретің д) өнері
8. «Өнер» сөзінен туынды сөз шығатындай етіп, тиісті қосымшаны қойыңыз
а) - лер в) - ге с) - лі д) – ші
9. «Қоюшы - суретшімін» сөзіндегі жіктік жалғауын көрсетіңіз
а) - мін в) - шімін с) - імін д) – шім
10. «Қандай?» сұрағына жауап беретін сөзді белгілеңіз
а) қоюшы в) әйгілі с) негізін салушы д) кескіндеме
Жауап кілттері:
1. С
2. Д
3. С
4. С
5. В
6. В
7. Д
8. С
9. А
10. В
Х. Бекіту кезеңі. Сұрақтарға жауап беру
- С. И. Калмыков кім?
- Ол қашан және қайда дүниеге келген?
- Суретшінің қанша суреттері мен кескіндемелері бар?
- Олар қайда сақтаулы?
- С. И. Калмыковтың суреттері қайда қойылған?
- Суретші қайда оқып, қайда еңбек етті?
- Суретші шығармаларының тақырыбы қандай?
- С. И. Калмыков тағы не жасады?
- Суретшілер әлемі оны кім деп санайды?
- Мәтін неге «Қазақстандық Калмыков» деп аталады?
Үйге: мәтін мазмұны, 1. 4. 95 б.
Қорытынды
Бағалау
Қазақстандық Калмыков
- Смайылова Саягул Сайлауовна
- 16 мам 2014
- 4395
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақстандық Калмыков жайлы сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
"Көркем бейнелеу көрмесі (графика, пейзаж, потреттер, натюрморт, қолөнер, ...
Мақсаттары: 1. Тәрбиелік: Шеберліктерін шыңдау, төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 2. Дамытушылық: Өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау...Шоқан Уалиханов - суретші
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың Шоқан жайлы білімдерін толықтыру, Шоқанның суретшілік өнері жайлы мәлімет беру. 2. Оқушылардың сауаттылығын арттыру,...Кескіндемедегі дақтың әсерлілігі
КарПИ Жарық жалпы білім беру мектебінің бейнелеу өнерінің мұғалімі Тусупбеков Көмекбай Сейтжанулы...Натюрморт жанры
Жезқазған қаласындағы №10 орта мектебінің бейнелеу өнері, сызу және технология пәнінің мұғалімі Шалмағамбетова Гаухар Мейрамовна...Телжанов Қанапия
Телжанов Қанапия Темірболатұлы Ұлы қазақ суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ұлты – қазақ. Туылған жылы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.